UF

ҚАПШАҒАЙ БӨГЕНІ

Категориясы: Табиғат


Іле өзені бойында, Алматы облысы жерінде Қапшағай су электр стансасын салуға байланысты Қапшағай бөгені жасалынған. Қапшағай атауы көне түркі тілінде «тар шатқал, қысыңқы жер» деген мағынаны береді.

1970 жылдан бастап Қапшағай бөгені суға толтырыла бастады. Қапшағай бөгенінің ұзындығы - 187 км, енді жері - 23 км. Орташа тереңдігі шамамен 15 м, ең терең жері 46 м болады. Жағасының ұзындығы 430 км-ге жуық. Бөгеннің солтүстік жағасы құмды-малта тасты, едәуір бөлігі биік және тік жарлы, оңтүстік жағасы аласа, жайпақ, құмды, саздақты келеді.

Бөгенде балықтың ақмарқа, мөңке, тұқы, табан балық, т.б. көптеген түрлері кездеседі. Қапшағайдан жылына 2 мың тоннадай балық ауланады. Бөген суымен бау-бақша, шабындық және жайылым жерлер суландырылады. Қапшағай бөгенінің оңтүстік-батысында Қапшағай қаласы орналасқан.

Қапшағай бөгенінің жағасы жазғы уакытта демалыс орнына айналып, суға шомылушы адамдарға толады.

  Жарияланған-2015-11-25 19:02:57     Қаралды-7418

Мәлімет сізге көмек берді ма

ВАЛЮТАЛАР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Ақша – бұрыннан ойлап табылған әмбебап айналым құралы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛХОРЫ САМБУГЫ

...

Іріктелініп алынған алхоры жуылып, сүйектерінен арылтып, үстіне аздап су құйылады да, 10-12 минут бойы қайнатып пісіріледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Ағаш бақасы өзінің тәнін қатырады

...

Бұндай білгірлік Аляскада жай қажет. Ауаның температурасы төмендеген кезде бақаның қимылдауы қиынға соғады. Осы кезде ол өзін жай ғана қатырады, осы ретте ол тірі күйінде қалады. Ол демалмайды, бірақ жасушадағы сироп тәрізді сұйықтық қатпайды, ол сұйық кү

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЫҒЫС АЛУАСЫ

...

Табаға қалыңдығын 3-4 сантиметрдей етіп ұн себеленеді де оқтын-оқтын араластырыла отырып, сәл қоңырқай тартқанша қуырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЕЛПЕК НАНЫ

...

Бұл - дөңгелек, шет жақтары қалың, ортасы жұқа, үстінен әр жері тесілген, салмағы 0,2 килограмм тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »