UF

ТОРҒАЙ

Категориясы: Табиғат


Торғай, Торғай үстірті - батысында Оңтүстік Орал (Мұғалжар) тауымен, шығысында Сарыарқамен шектесетін жазық өлке. Торғай атауы «кең алқаптағы өзен, су» ұғымын білдіруі мүмкін деген жорамал бар. Солтүстігіндегі Тобыл аңғары жазығынан оңтүстігіндегі Шалқартеңіз көліне дейін 600 шақырымға созылған. Торғай үстірті, негізінен, Қостанай облысы аумағында орналасқан, аздаған бөлігі Ақмола және Қарағанды облыстарына қарайды. Солтүстігінде «Торғай қақпасы» арқылы жазыққа ұласады. «Торғай қақпасы» - Батыс Сібір жазығы мен Тұран ойпатын жалғастырып тұратын табиғи аңғар.

Оңтүстік бөлігінде үстірттің дәл ортасын жарып Торғай қолаты өтеді. Торғай қолаты жерімен солтүстік бағытта Обаған өзені, оңтүстік бағытта Торғай өзені ағады. Бұлардан басқа Торғай үстіртінде Ырғыз, Өлкейек, Ұлы Жыланшық өзендері бар. Мұнда суы таяз әрі ащы көлдер көп (мысалы, Құсмұрын, Ақсуат, Сарықопа, т.б.).

Торғай үстіртінің қиыр оңтүстігін сусыма құмды алқаптар алып жатыр. Далалық бөлігінің көп жері егіншілікке пайдаланылады. Шөлейт және шөлді аймақтарында мал жайылады.

Торғайдың жер қойнауынан боксит пен қоңыр көмірдің аса бай кен орындары ашылған.

Торғай үстіртінің солтүстігінде Наурызым қорығы орналасқан.

  Жарияланған-2015-11-25 16:47:56     Қаралды-9069

Мәлімет сізге көмек берді ма

ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР

...

Өздерің зер салып байқасаңдар, жер бетіндегі әр халықтың өз баспанасы болған. Мысалы, орыс халқының ағаш шеберлері шыршаның немесе қарағайдың бөренелерінен қиып үй салған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАРЫНДАШ НЕГЕ ЖАЗАДЫ?

...

Қарындаш дегенің қарапайым таяқша емес. Қарындаштың ішінде графит өзекше бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПАЙҒАМБАР НЕГЕ БАЛДЫ (ӘСЕЛ) ТАҢДАМАДЫ?

...

Расында, ең шырынды гүл мен шүйгінді шөптен жиналатын балдың адам денсаулығына пайдасы зор екені бесенеден белгілі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАРА ҚАРАҚАТ – ВИТАМИНДІ ӨСІМДІК

...

Қара қарақат – биіктігі 125 сантиметрге жететін, бұталы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

7 ТҮРЛІ БҰҚТЫРҒАН ЕТ ТАҒАМДАР

...

Ет ұсақтап туралады да табадағы қыздырылған майға салынып қуырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАЛҚАННАН ЖАСАУҒА БОЛАТЫН ТӘТТІ ТАҒАМДАР

...

Қазақ халқының, әсіресе, қарт адамдардың сүйсініп жейтін тағамдарының бірі - тарының талқаны. Талқан қуырып ақтаған тарының сөгінен немесе оның айырып алған жармағынан диірменге тартып жасалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »