UF

ҚАРЫНДАШ НЕГЕ ЖАЗАДЫ?

Категориясы: Көңіл көтеру


Қарындаш дегенің қарапайым таяқша емес. Қарындаштың ішінде графит өзекше бар. Графитті түркі тілінде жұрт қара тас (даш) деп атаған да, содан барып «қарындаш» сөзі шыққан. Қағаз бетіне қап-қара ғып із қалдыратын да осы өзекше.

Ал жай ғана таяқшада мұндай өзекше жоқ. Бірақ оның да қарындашпен шалғай болса да «туыстығы» бар. Бір кезде ондай таяқшалар да жазып, сурет сала алатын болған. Баяғы замандағы балауыз дәптерге ол тіпті әдемілеп тұрып жаза алатын. Таяқшаның ұшталған бір басымен балауыз дәптерге жазу жазса, ал доғал қалпындағы екінші жағымен қате жазылған сөздерді оп-оңай өшіретін. Демек бір таяқшаның өзі әрі қарындаш, әрі өшіргіштің міндетін атқаратын.

Таяқшамыз (стилус) балауыз дәптерге жазуға өте қолайлы болғанмен, қағаз дәптер дүниеге келгенде, ол тіпті ештеңеге дәрменсіз болып қалды. Қанша әуреленіп көргенмен таяқша ақ қағаз бетіне бір сызық түсіре алмай қойды.

Мінеки, осы кезде таяқшаның орнына қарындаш келген еді. Қандай дейсің ғой! Графит емес, қорғасыннан жасалған қарындаш. Шынтуайттап келгенде, қорғасыннан жасалды демесек бұл да таяқша болатын. Бірақ бұл таяқша қағазға бозғылттау болса да із қалдыра алатын. Өйткені қорғасынның басқа затқа жұғатын қасиеті бар. Қағазға жұғып, із қалдырғаны жақсы-ау, бірақ шәкірттің қолына да жұғып, берекесін кетіретін. Сондықтан күйедей жұққыш қорғасын таяқшаға былғарыдан «тон» - кигізіп қоятын.

Бірде қазіргі кәдімгі қарындаштан: «Қарындаш, сен өзіңнің тегіңді білесің бе?» деп сұрапты.

Әрине, жазып бермесе сөйлеу оның қолынан келмейтін шаруа. Сондықтан ол аз уақыт ойланыпты да, бір бет қағазға өзінің тегінің тарихын былай деп жазыпты:

«Дүниеге қарындаш фабрикасында келіппін. Үстіме киген ағаш киімім қарағайдың, жөкенің немесе теректің тақтайшасынан жонылған. Әр тақтайшаның үстінен машина алты өзекше ойық салып шығады. Екінші бір машина әр өзекше-ойыққа бір-бірден графит шиін орналастырады да, тағы бір машина дәл жаңағыдай алты өзекше ойылған екінші тақтайшаны беттестіріп, бір-біріне желімдейді. Сөйтіп, ағайынды алты қарындаш желімделген қос тақтайшаның арасында жатады.

Енді келесі машина іске кіріседі. Ол өзінің өткір пышақтарымен жаңағы тақтайшаны алтыға бөліп тастайды. Әр бөліктің ішінде бір-бірден графит шиі болады. Сырты қырланып, сырланған кезде алты бірдей қарындаш дүниеге келеді. Өмірбаянын жазып, өздеріңе қарындаштың ыстық сәлемін жолдап отырған сол алтаудың бірі деп білерсіңдер».

  Жарияланған-2016-09-07 16:59:00     Қаралды-6129

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚАНТ ЧУРЧХЕЛАСЫ

...

Қант сірне мен агарға қосылып, ылғалдылығы 20 процентке жеткенше қайнатылады да сілікпе массасы дайындалады. Оған жүгері крахмалы қосылады. Ром эссенциясы мен ванилин қосылып, хош иіс береді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУРЕТШІЛЕР ФОН ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНАДЫ?

...

Шығарма мейлі тарихи тақырыпқа арналсын, мейлі жәй әншейін тұрмыс көрінісіне арналсын, онда бейнелейтін оқиға не қалада, көшеде, не үй ішінде, не табиғат ортасында, әйтеуір бір нақты аяда өтетіні белгілі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Плутон зерттелген

...

«Жаңа горизонттар» - НАСА автоматты планета аралық станса, ол «Жаңа шекаралар» New Frontiers) бағдарламасы шеңберінде ұшырылды және Плутонды және оның табиғи спутнигі Харонды зерделеуге арналған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН: ТАБИҒАТПЕН СЫРЛАСУ

...

Оңтүстік Қазақстан облысы республикамыздың түстігінде орналасқан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫЗҒЫЛТ РАХАТ-ЛУКУМ

...

Бұл мармелад секілді тағам. Бетіне қант ұлпасы себіледі. Формасы төрт бұрышты болады. Ылғалдылығы – 17-19 процент.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ КӘМПИТТЕРІ

...

Терең табаға қант салынып, жақсы жанып жатқан отқа қойылады. Ол ашық қоңыр түске енгенше қыздырылып, жаңғақ дәндері қосылады да бәрі жақсылап тез-тез араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »