UF

ТӘТТІМБЕТ

Категориясы: Адамдар


Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) - шертпе күйдің негізін қалаған классик күйші-сазгер. Ол Қарағанды облысындағы Мыржық тауының бойында дүниеге келген. Ол жастайынан өнерлі ортада өскен. Оның ата-бабаларының ішінде кемеңгер билер, ақылды шешендер, қалжыңқой адамдар көп болған. Тәттімбеттің күй шеберлігін игеруіне әкесі ықпал еткен. Әкесі Қазанғап орта дәулетті, өнерге жақын кісі болған.

Тәттімбеттің шығармашылығы қазақтың музыка тарихында ерекше орын алады. Аспапты музыкада шертпе күйлер дәстүрлі күй мектебіне жатады. Тартылу, шертілу әдісі бөлек болады. Асықпай, баяу қос ішекті алма-кезек даралап шертуді қажет етеді. Әр түрлі қағыстармен қуа тартуды көтермейді. Ол - «Сылқылдақ», «Былқылдақ», «Алшағыр», «Бес төре», «Балбырауын», «Сарыжайлау», «Қосбасар» (бірнеше нұсқасы бар), «Көкейкесті» т.б. күйлердің авторы.

Тәттімбеттің 40-тан астам күйі бар. Оның күйлеріне әсерлі, асқан лирикалық сарын. ойшыл, қиялшыл жанның терең сезім толғаныстары тән.

Жастайынан өнерге құмар болып өскен Тәттімбеттің таланты тасада қалмады. Ол шығарған күйлер талай буынның рухани азығына айналды.

  Жарияланған-2015-11-24 19:04:37     Қаралды-6742

Мәлімет сізге көмек берді ма

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПАРСЫ РУЛЕТ

...

Бұл - өрік пюресінен және қант помадасынан жасалған, рулет түрінде бөлініп, жармаланған бадамға аунатылған тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕГЕ ЖАРҚЫРАЙДЫ?

...

Күн Жер сияқты қатты дене емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮНЖІТ АЛУАСЫ

...

Қуырылған күнжіт дәні мен көпіршітілген белоктан жасалатын диаметрі 25-30 мм, ұзындығы 80-90 мм таяқшалар түріндегі тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАУЫН ҚАЙНАТПАСЫ

...

Піскен қауынның қабығы аршылып, дәнінен тазартылады да жұмсақ етіп әбден езіледі. Суға салып қант шырыны дайындалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕ ЕҢ ІРІ МОТОЦИКЛ ӨНДІРУШІЛЕР

...

Әлемде жақсы және әртүрлі мотоциклдер көп, бірақ олардың көпшілігі Жапонияда жасалған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »