UF

БАЯНАУЫЛ ТАС МҮСІНДЕРІ

Категориясы: Табиғат


Сарыарқаның солтүстік-шығысында орналасқан Баянауыл тауларының табиғаты өте көрікті. Ең биік жері 1046 м болатын (Ақбет тауы) тау жан-жаққа 1-20 шақырымға созылып жатыр. Орталық тұсында орналасқан тау шоғырлары - Жасыбай, Жанбақы, Торайғыр, Жаманаула біртіндеп жазыққа ұласады. Табиғаттың әдемі, сұлу келген тас мүсіндері де дәл осы орталық бөлігінде орналасқан. Мұнда Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр көлдерінің жағалауларындағы әсем құздар, алуан бейнелі алып жартастар, үңгірлер, тау етектерінен аққан бұлақтар ерекше көрік береді. Ұзақ жылдар бойы жел мен судың әрекетінен түрлі мүсіндерге айналған «Найзатас», «Жұмбақтас», «Көгершін», «Кемпіртас», «Атбасы», сонымен бірге қола дәуірінен қалған «Әулиетас», «Құмыра» атты тарихи-археологиялық ескерткіштер көптеп кездеседі. Бұлардың барлығы осында - Қазақстанда тұңғыш рет 1985 жылы ұйымдастырылған Баянауыл ұлттық табиғи саябағында орналасқан. Жасыбай көлінің солтүстігінде таулы жотадан бөлек, жер ортасынан тікелей көтерілген, жұмыртқадай домалақ биік шың (320 м) бар. Оның дәл ортан белінен алуан түрлі табиғи оюлармен, ғажайып бейнелермен өрнектелген белбеумен белуарынан айналдырыла тартылғанын көруге болады. Шың ертеден ел аузында «Құсайын Найзатасы» немесе «Найзатас» деп аталады. Бұдан әрі жол аузын қонақжай қазақ дәстүрімен зәулім келген хан ордасындай «Киіз үй» қарсы алады. Ол лоджиялары бар театрды елестетеді. Театр алдындағы жартастарды - күн көзінен немесе жаңбырдан таса болар биік-биік «саңырауқұлақ» тастарды табиғат көрермендер үшін әдейі жаратқан сияқты. Одан әрі бір-бірімен құшақтасып, махаббат мұңын сыбырласқан қос ару - «бүйрек тасты» көруге болады. Содан соң «мыстан кемпірдің» басы шыға келеді. Осындай ғажайып тас мүсіндерді бұл аймаққа табиғат әдейі жинап қойған «ойыншық алаңына» ұқсатуға болады. Бұл Баянауыл тауларының бір көрінісі ғана. Мұндай табиғат ескерткіштері («Қырғыншы», «Жылантас», «Қос батыр», «Жас батыр», «Кәрі батыр», т.б.) жетерлік.

  Жарияланған-2015-11-25 21:00:05     Қаралды-11776

Мәлімет сізге көмек берді ма

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮЙЕКТЕН ЖАСАЛҒАН ҚАНДАЙ БҰЙЫМДАР БОЛАДЫ?

...

Мал шаруашылығымен, аңшылықпен айналысқан қазақ халқы жануарлардын сүйектерін де түрлі қажеттеріне жарата білген. Қазақ шеберлері үй жиһаздарын, саз аспаптарын, т.б. әзірлегенде оларды әшекейлеп безендіру үшін мүйіз бен сүйекті кеңінен пайдаланған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫЛҚАН ЖАПЫРАҚТАРДЫҢ БҰТАҚТА ҰЗАҚ САҚТАЛУЫНЫҢ СЫРЫ НЕДЕ?

...

Қарағай, шырша, самырсын, аршалардың жапырақтары бұтағында түспей 3 жылдан 10 жылға дөйін сақталады. Солай десек те, жапырақтары мүлдем түспейді - деу дурыс емес. Себебі жыл сайын бірді-екілі жапырақтары түсіп, оның орнын жас жапырақтары алмастырып тұрады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰСТАР КҮЗДЕ НЕЛІКТЕН ҰШЫП КЕТЕДІ?

...

Мүмкін қардан қорқатын шығар?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БОТСВАНА МЕМЛЕКЕТТІ

...

Оңтүстік Африкадағы мемлекет. Британ ынтымағының мүшесі, 1966 жылға дейін Бечуаналенд аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТӘТТІЛЕР РЕЦЕПТІЛЕРІ

...

Дастарқанын түрлендіре түскен қыз-келіншектеріне үмітпен тіске басар тәттілер - торт, печенье, пирогтар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »