UF

БОТСВАНА МЕМЛЕКЕТТІ

Категориясы: География


БОТСВАНА (Botswana), Ботсвана Республикасы (Republic of Botswana) - Оңтүстік Африкадағы мемлекет. Британ ынтымағының мүшесі, 1966 жылға дейін Бечуаналенд аталды. Жері 600,4 мың км2, Халқы 1,6 млн (2001). Астанасы - Габороне (Габоронес).

Мемлекеттік құрылысы. Ботвана - республика. Конституциясын 1966 ж. 30 қыркүйекте Ұлыбритания парламенті бекіткен. Мемлекеттің және үкіметтің басшысы - президент. Заң шығаратын жоғарғы органы - парламент (Ұлттық жиналыс), Үкіметі (министрлер кабинеті) президент, вице-президент және 6 министрден құралады. Олардан басқа кеңесші орган - Көсемдер палатасы бар. Округты билеу округтық советтің, қаланы билеу қалалық советтің қолында.

Табиғаты. Ботсвана жерін белесті, төбелі Калахари шөлі (орташа биіктігі 800-1000 м) алып жатыр. Климаты субтропиктік, солтүстігінде тропиктік. Қаңтардың орташа температурасы 21-27°С, шілдеде 16°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 500-600 мм. Басты өзендері: Лимпопо, Окаванго. Негізінен қызыл қоңыр топырақты саванналарда арыстан, қабылан, зевр т.б. кездеседі. Ашылған пайдалы қазындылары: көмір, марганец, мыс-никель рудалары, табиғи тұздар.

Халқының көбі бечуандар (80%). Окаванго өзені бойын бушмендер мекендейді. Мемлекеттік тіл - ағылшын тілі. Басты қалалары: Канье, Серове, Габороне.

Тарихы. Қазіргі Ботсвана ертеде бушмендердің мекені болған, кейін оңтүстіктен келген бечуандар елдің көп жерін иемденеді. 1885 жылы бечуандардың жерін ағылшындар басып алып, Бечуаналенд протекторатын құрды. 1960 жылдары саяси партиялардың құрылуына байланысты тәуелсіздік жолындағы күрес кең өрістеді. 1966 жылы 30 қыркүйекте Бечуаналенд тәуелсіз Ботсвана Республикасы болып жарияланды.

Ботсвана Демократиялық партиясы (1962), Ботсвана Халық партиясы (1960), Ботсвананың тәуелсіздік партиясы (1962) т.б. саяси партиялар бар.

Шаруашылығы. Ботсвана - экономикалық жағынан мешеу қалған ел. Экономикасының басты саласы - етті мал өсіру (еңбек етуші халықтың 90%-і айналысады). Мал шаруашылығы: мүйізді ірі қара, ешкі, қой, жылқы, есек, қашыр өсіріледі. Ботсвананың шығыс және солтүстік аудандарында ғана егін (сорго, тары, жүгері, бидай) егіледі. Канье қаласы маңында асбест (1965 ж. 0,8 мың тонна), марганец рудасы (1967 ж. 5 мың тонна) өндіріледі. Лобациде мал сою, ет консервілеу, сабын, Сероведе сыра кәсіпорындары бар. Темір жолының ұзындығы 634 км, басқа жолдарының ұзындығы 8 мың км. Бірнеше қалада аэродром бар.

1966 жылы Ботсванада 1240 орындық 11 аурухана, 9 емхана орталығы, 21 дәрігер және 41 дәрігердің көмекшісі т. б. кіші медициналық қызметкерлері болды. 1968 жылы бастауыш (7 жыл) мектептерінде 78,9 мың, орта (5 жыл) мектептерінде 2,3 мың, кәсіптік оқу орындарында 592, Лобацидегі педагогикалық колледжінде 322 адам оқыды. Жоғары оқу орны жоқ. Чуан және ағылшын тілінде газет, журналдар шығарылады. Астанасында радиостанция бар.

  Жарияланған-2019-09-09 12:26:50     Қаралды-2537

Мәлімет сізге көмек берді ма

ШЫҒЫС ЖАҢҒАҒЫНАН ДАЙЫНДАЛҒАН ҚУЫРМА (печенье)

...

Кастрюльге су құйылады. Жұмыртқа салынады. Тұз бен қант ұлпасы ерітіліп, стол үстінде еленген ұнды әр жерінен тесіп, үстіне жаңағы ерітінді құйылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҮЗІМ НУГАСЫ

...

Жүзім мен курага мол салынған жұмсақ кәмпит сияқты тағам осылай деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҮСТІРТ ҚОРЫҒЫ

...

Үстірт қорығы 1984 жылы 12 шілдеде ұйымдастырылды. Үстірт қорығы Маңғыстау өңіріндегі Үстірттің шөлді табиғатын қорғау мақсатында құрылған. Үстірт қорығы көлемі жағынан үлкен шөлді аймақты қамтиды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТІСТЕРДІ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ТАЗАЛАУ КЕРЕК?

...

Тіс пен қызыл иектің сау болуы үшін оларды тазалау жеткіліксіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНАР ШӘРБӘТІ

...

Жас анардан сығып алынған шырын тот баспайтын ыдысқа құйылады. 1 стакан жылы суға қант езіледі. Олар шырынға қосылады да отқа қойылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »