UF

 

Мазмұны

 

 

Аннотация

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Белгілер мен қысқартулар

Кіріспе

1  Негізгі бөлім.............................................................................................................9

1.1  Шешекті дауалау және одан арылу шаралары..............................................................9

1.2  Шешек ауру қоздырушысының ерекшелігі......................................................................10

1.3  Аурудың өтуі мен симптомдары................................................................................11

1.4  Інедеттік ерекшеліктері..................................................................................16

1.5  Ауруды ажыратып балау.....................................................................................17

2  Өзіндік зерттеулер.................................................................................................19

3  Техника қауіпсіздігі...............................................................................................21

Қорытынды.................................................................................................................22

Пайданылған әдебиеттер тізімі................................................................................23

 

 

Нормативтік  сілтемелер

 

 

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС2Л04-2006КҚБЖ(ЕСКД).Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.

МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСҚД).Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.

 

 

Белгілер мен қысқартулар

 

 

%-пайыз

Г-грамм

Мл-милилитр

Кг-килограмм

Г-грамм

Мл/кг-милилитр/килограмм

Мг/кг-милиграмм/килограмм

Г/кг-грамм/килограмм

 

 

 

Анықтама

 

 

Балау - ауруды анықтау, табу, диагноз қою.

Індет — індет процесінің орташа дәрежедегі таралу қарқыны.

Дезинфекция — сыртқы ортадағы зардапты микробтарды жою шаралары.

Дауалау — жұқпалы аурудың алдын алу, яғни профилактикалау.

Оқшаухана - жұқпалы ауруға шалдыққан малды тұрақты емдеуге арналған орын.

 

 

Аннотация

 

 

«Індеттану және жұқпалы аурулар»   пәнінен  жазылған  «шешек ауруын балау, емі профилактикасы»  атты  курстық  жұмысым.  Кіріспе  бөлімінде қысқаша ауру туралы қамтылған.

 Негізгі  бөлім   тақырыптары  мыналар  қамтылған, шешекті дауалау және одан арылу шаралары, шешек ауру қоздырушысының ерекшелігі, аурудың өтуі мен симптомдары, інедеттік ерекшеліктері, ауруды ажыратып балау.

 

 

Кіріспе

 

 

Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында өнімді аз бергін көрі малдарды шығыстан шығарып, олардың орнын жоғарғы өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру.

Малдарды  күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі. Малдар ауруларының арасында түрлі жұқпалы аурулар, иназиялық т.б. аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардын себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді. Сондықтанда бұл жүйелердің негізгі аурулары көп себептері бар аурулардың қатарына жатады.

Шешек интоксикация, безгектену, кілегей қабықтары мен теріде бөртпелердің пайда болу белгілерімен  ерекшеленетін аса жұғымтал, жануарлар мен құсқа ортақ вирустық ауру.

Вирус эпителитропты, ауруға тән белгілер бірнеше сатыда байқалады. Кілегей қабықтары мен теріде алдымен 1-2 күн ішінде 1) розеолдар (қызарған дақтар); 1-3 күн аралығында 2) папулалар (қызыл дақтардың түйіндерге айналуы); 5-6 күнде сарысуға толған 3) күлдіреуіктер пайда болады (бұл сатыда дененің безгектенуі бәсеңсиді); келесі 3 күн ішінде күлдіреуіктегі сарысу іріңге айналады (визикула-пустула сатысы); 4) круст - кепкен пустуланың орнына қабыршықтар түзіліп, эпителий қалпына келеді. Ал өте терең жарақаттанғанда тыртық пайда болып, қабыршықтар түседі. Шешектің мұндай сатылары адамда, сиырда, жылқыда айқын байқалады.

Шешек туралы алғашқы деректер б.д.д. 3700 ж бұрын Мысыр, Үндістан, Қытайда белгілі болды. Европа елдеріне бұл ауру Таяу Шығыстан б.д.д. 5-7 ғасырда әкелінді. Оны жұқпалы ауру ретінде Ә.Ибн Сина тұңғыш рет толық сипаттап, қызылшадан (корь) ажыратты. Адамда шешекті қолдан егу ерте заманнан белгілі болса да, бұл әдіс Э.Дженнердің 1976 ж. сиырдан адамға егу жөніндегі тәжірибесінен кейін ғана кеңінен тарап, жалпы жұқпалы ауруларға қарсы жасанды иммундеуге түрткі болды. Қазақстанда қойдың шешек індетін (күл) тез арада тоқтату үшін ауырған малдан сау малға жұқтыру әдісі сол ерте заманнан-ақ қолданылып келген. Шешекпен сүтқоректілер мен құстардың барлық түрлері дерлік ауырады. Індеттенуді талдаған кезде вирустың қай түрінің қандай жануарларды ауруға шалдықтыратынын ескеру қажет. Жануарлардың кейбір түрлері сол түлікке ғана тән шешек вирусына бейім, ал кейбір жануарларда бұл вирустың бірнеше түрлері ауру қоздырады.

 

 

 

1  Негізгі бөлім

1.1 Шешекті  дауалау және одан арылу шаралары

 

Шешек (Vаrіоlа, оспа) - интоксикация, безгектену, кілегей қабықтары мен теріде бөртпелердің пайда болу белгілерімен  ерекшеленетін аса жұғымтал, жануарлар мен құсқа ортақ вирустық ауру. Шешекпен адам да ауырады.

Ауру қоздырушысы Ргохvігіdіае тұқымдастығынан 3 түрі бар: Сагрірохvіrus (ешкі мен қойдың табиғи шешегі), Suірохvirus (доңыз шешегі), Аvірохvirus (тауық, көгершін шешегі).

Шешекті балау. Індет алғаш рет орын алған шаруашылықта аурудың түбегейлі балауы індеттанулық, клиникалық, лабораториялық әдістерді жүйелі түрде қолдану арқылы қойылады.

Індеттанулық талдау жүргізгенде шешектің жануарлар мен құстардағы таралу ерекшеліктеріне мән беріледі. Мысалы, індет сиыр малының арасында байқалса, адамдардың вакцинамен егілгендігі анықталады. Доңыз бен құстың шешегі жәндіктер арқылы тарапатындығы ескеріледі.

Клиникалық белгілері арқылы шешектің классикалық түрін балау көп қиындық тудырмайды. Вирус эпителитропты, ауруға тән белгілер бірнеше сатыда байқалады. Кілегей қабықтары мен теріде алдымен 1-2 күн ішінде 1) розеолдар (қызарған дақтар); 1-3 күн аралығында 2) папулалар (қызыл дақтардың түйіндерге айналуы); 5-6 күнде сарысуға толған 3) күлдіреуіктер пайда болады (бұл сатыда дененің безгектенуі бәсеңсиді); келесі 3 күн ішінде күлдіреуіктегі сарысу іріңге айналады (визикула-пустула сатысы); 4) круст - кепкен пустуланың орнына қабыршықтар түзіліп, эпителий қалпына келеді. Ал өте терең жарақаттанғанда тыртық пайда болып, қабыршықтар түседі. Шешектің мұндай сатылары адамда, сиырда, жылқыда айқын байқалады. Ал қой мен доңызда көпшілік жағдайда визикула-папула сатылары байқалмай, бірден қабыршықтанады. Бұл ерекшеліктер қой-ешкі, доңыз шешегін балауды қиындатады [1,2,3,4].

Індеттен ада шаруашылықтарда шешекке тән болжамдар байқалған жағдайда, аурудың түбегейлі балауы лабораториялық әдістерді қолдану арқылы расталынады.

Лабораториялық зерттеу: вирусскопиядан, биологиялық сынама қоюдан және патологиялық материалды арнайы торшалар өсініне немесе тауықтың эмбрионына жұқтырудан (вирустың түріне байланысты) тұрады.

Патологиялық материалды алу және оны зерттеу әдістемелері. Материал алмас бұрын шешектің әртірлі кезеңіндегі жарақаттардың (везикула папула, пустула) беті спирттелген немесе эфирленген дәкемен сүртіледі. Везикуланың сұйығы, папула мен пустуланың қырындылары Пастер түтігіне алынып, түтіктің аузы қыздырылып дәнекерленеді. Жарақаттардан төсеніш әйнектерге де жағынды дайындалады. Алынған патологиялық материалдар жаз айларында міндетті түрде мұзы бар термоспен жіберілуі қажет.

Гистологиялық зерттеуге алынған материал ішінде 50%-ды глицерин, 10%-ды формалин ерітінділері бар пиала сауытқа салынып жіберіледі.

Патологиялық материалды зерттеуге дайындау тәртібі. Материал шыны келіде келсаппен ұнтақталынады. ұнтақтан физ. ерітіндіде 10%-ды езінді дайындалып, центрифуганың 2500 айн/мин 10-15 минут айналдырады. Тұнбаның бетіне түзілген мелдір сұйық бөлініп алынып, үстіне пеницилин, стрептомицин, нистатин қосылып шайқалып, 4°С 8-12 сағат ұсталынады.

Биологиялық сынама вакцина егілмеген жануарлар мен құстарға ғана қойылады. Оларға жоғарыда көрсетілген тәртіппен дайындалған материял физиологиялық ерітіндіде сұйытылып (1:1) әртүрлі жолмен жұқтырылады. Қой мен ешкінің құйрығының астының тері ішіне, доңыздың бүйіріне енгізеді. Тауық балапандарының бірнеше мамығы жұлынып, орындары щетканың көмегімен дайындалған материалмен ысқыланады.

Сынама 10 күн бақыланады. Материал жұқтырылған тері аймақтарында ауруға тән жарақаттар байқалып, вирусологиялық әдістер оң нәтиже көрсетсе лабораториялық зерттеу доғарылып шешектің нақтылы балауы қойылады.

 

1.2 Шешек ауру қоздырушысының ерекшелігі

 

Тарихи деректер. Шешек туралы алғашқы деректер б.д.д. 3700 ж бұрын Мысыр, Үндістан, Қытайда белгілі болды. Европа елдеріне бұл ауру Таяу Шығыстан б.д.д. 5-7 ғасырда әкелінді. Оны жұқпалы ауру ретінде Ә.Ибн Сина тұңғыш рет толық сипаттап, қызылшадан (корь) ажыратты. Адамда шешекті қолдан егу ерте заманнан белгілі болса да, бүл әдіс Э.Дженнердің 1976 ж. сиырдан адамға егу жөніндегі тәжірибесінен кейін ғана кеңінен тарап, жалпы жұқпалы ауруларға қарсы жасанды иммундеуге түрткі болды. Қазақстанда қойдың шешек індетін (күл) тез арада тоқтату үшін ауырған малдан сау малға жұқтыру әдісі сол ерте заманнан-ақ қолданылып келген.

Жануарлардың (жылқының, түйенің, ешкінің, шошқаның, құстың) шешегі ғылыми тұрғыдан 19 ғ соңында сипатталды. Аурудың қоздырушысының вирус екендігін 1920 ж Маркс пен Штикер дәлелдеді.

Қазіргі уақытта, ресми түрде 1979 жылдан бері адамның шешегі дүние-жүзінде жойылды деп есептелінеді. Көптеген елдерде қой мен ешкінің ауруы осы кезге дейін кеңінен тараған. Ал сиыр, шошқа, тауықта оқтын-оқтын байқалып тұрады.

Қоздырушысы. Шешек вирустары Рохviridае (ағылшынша рох-шешек) тұқымдастығының Сһоrdорохvіrіпае тұқым тармағына жатады. Бұл вирустар 6 туыстыққа бөлінеді. Олар: ортопоксвирустар, парапоксвирустар, авипоксвирустар, каприпоксвирустар, лепорипоксвирустар және суипоксвирустар. Бұлардың әрқайсысының негізгі және басқа да түрлері бар.

Ортопоксвирустардың негізгі түрі - вакцина вирусы, басқа түрлері -тышқанның, үй қоянының, сиырдың, кемірушілердің, буйволдың, түйенің, маймылдың шешегінің және адамның табиғи шешегінің вирустары. Ескеретін жай

- бұл вирустардың аталуы адамның өзіне тән, яғни табиғи шешегі және сиырдан

жұғатын, яғни вакцина (vасса - сиыр) шешегіне (синонимы вакциния) байланысты.

Авипоксвирустардың негізгі түрі - тауық шешегінің вирусы. Басқа түрлері: торғайдың, көгершіннің, бөдененің, күркетауықтың, сауысқанның шешек вирустары [5,7 ,8,9].

Каприпоксвирустардың негізгі түрі - қойдың шешегінің вирусы, басқа түрлері: ешкінің шешегінің вирусы және сиырдың нодулярлы дерматит (сүйел) вирусы.

Лепорипоксвирустардың негізгі  өкілі - үй қоянының фибромасының вирусы, коян фибромасының вирусы, тиін фибромасының вирусы. Ларапоксвирустардың негізгі түрі - қой мен ешкінің жұғымтал сүйелінің  (жұғымтал эктима) вирусы (Орф вирусы), басқа түрлері: сауыншылардың сүйеліні вирусы, сиырдың пустулезді стоматитінің вирусы.

Суипоксвирустардың негізгі өкілі - шошқа шешегінің вирусы. Шешек вирустары морфологиялық түрғыдан біркелкі. ДНҚ геномды, көлемі үлкен, Морозов әдісімен бояғанда жай микроскоппен көрінеді. Эпителиийге әуес, торшада қарапайым денешіктер түзеді (Пашен, Гварниели денешіктері).

Койдың, ешкінің, шошқаның және тауықтың шешек вирустары өз иелері үшін ғана зардапты. Сиырдың табиғи шешегі мен шешек вакцина вирустарының зардаптылық спектрі кең ауқымды болып, сиыр, бүйвол, жылқы, қашар, түйе, қоян, маймыл және адамды қамтиды. Өте тығыз антигендік және иммундік байланыс тек қана екі вируста, вакциния мен сиыр шешегінің қоздырушыларында ғана сақталған. Әр түрлі құстардың шешек вирустарының бір-бірімен антигендік қатынасы жақын болады.

Шешек вирустарының сыртқы ортадағы төзімділігі оншама жоғары емес. Әйтседе, құрғақ қабыршақтарда 1,5 жылға дейін сақталады, Мұздату вирусты консервілейді. Шіріген затта тез өледі, жоғары температураға, күн сәулесіне, қышқылдарға өте сезімтал. Қойдың шешегінің қоздырушысы мал қорада 6 айға дейін, жүнде 2 айдан астам сақталады. Қайнатқан кезде бірден, 70°С-ға қыздырғанда 5 минутта, рН 3-3,6 аралығындағы қышқыл ортада 1 сағатта өледі. Биотермиялық процесс көңді 28 күн ішінде зарарсыздандырады.

 

1.3 Аурудың өтуі мен симптомдары

 

Әр түрлі жануарларда сол түліктің ерекшеліктеріне, жасына, вирустың уыттылығына, денеге енген жолына байланысты шешектің клиникалық байқалуы әр алуан болып келеді. Сондықтан да шешек сүт қоректі жануарларда үзікті, тұтасқан және қанталаған түрде кездеседі.

Үзікті түрде шыға бастаған шешек көбеймей, барлық өрбу сатысынан өтпестен тез жоғалып кетеді. Жалпы күйі оншама өзгермейді, дененің ыстығы да аса көтерілмей ауырған мал тез сауығады,

Тұтасқан түрі кезінде терінің мол аумағын қамтыған везикулалар бір-бірімен қосылып қолдырап тұрады.

Кейіннен қабыршақтанып, оның астына ірің жиналады. Тұтасқан шешек кезінде дененің ыстығы жоғарылап, жануардың жалпы күйі нашарлайды.

Қанталаган, немесе қара шешек кезінде пустулалардың іші мен тері қаңталап, жануардың танауынан қан кетіп, қан құсып, ішінен қан өтеді. Мал тез арып, өліп кетеді.  Сиырда шешектің екі түрлі вирусы ауру қоздырады: бірі – cow оrtһорохvirus сиырдың нағыз шешегін, ал екіншісі vассіпа оrtһорохvirus ваксина шешегін, яғни вакцинияны, қоздырады. Вакциния сиырдың нағыз шешегінен гөрі жеңілірек өтеді. Сиырда шешектің жасырын кезеңі орта есеппен 5 күндей. Клиника алдындағы кезеңде дененің ыстығы көтеріліп, сауын [6,10 ,11,12].

 

 

 

Түйенің басындағы шешектің папула-пустула сатысы

 

малдың сүті қайтады. Бұл белгілер ұзаққа созылмаған кезде байқалмауы да мүмкін. Әдетте сиырдың желіні мен емшектерінде, ал бұқаның енінде, кейде дененің басқа жерлерінде розеолалар пайда болып, біртіндеп везикула, крусталарға айналады. Шешектің шығуы мен жетілуі біркелкі болмайды да, жүру 2-3 аптаға созылады. Шешек шығып дерттенген жерлерге іріңдетуші бактериялар түсіп, эпидермис пен терінің негізгі қабаты зақымданып, жазылғанда қотырланып бітеді. Егер вирус денеге тамшы тозаңмен тыныс жолдары  арқылы енсе дерт процесі ауыр өтіп, ішкі ағзаларды, оның ішінде желіннің сүт жолдарын, зақымдайды. Бүның нәтижесінде қоздырушы сүтпен бөлінеді.

      Қойда (қоздырушысы - Sһеер сарrіорохvirus) жасырын кезеңі 7-8 күн. Бастапқы клиника алды кезеңінде аз уақытқа дененің ыстығы көтеріліп, селсоқтанып,  жемшөпке  зауқы  болмайды.   Көбінесе  катарлы  конъюнктивит, ринит, тері астындағы шелде жалқақ байқалады. Одан кейін көздің қабактары домбығып, көзі мен танауынан сора ағып, денесінің тақыр жерлерінде,  басында  шешек шыға бастайды. Алдымен пайда болған розеола қара қошқылданып, өліеттеніп шеті қызарған, ортасы сұрғылт, тығыз келген папулаға айналды. Оның бетіндегі эпидермис сыдырылып, астындағы суланып қабынған қызылшақа тері көрінеді.

Кейде папулалар бір-бірімен қосылып, тобарсыған кезде сыдырылып түскен қабышақтардың орнында ақтаңдақтар пайда болады. Егер терінің астыңғы қабаттары да өліеттенсе, қалың қабыршақтар түзіледі де, 5-6 күн немесе одан да ұзақ уақыт өткен соң ғана барып түседі. Ауру 3-4 аптаға созылады да, зілсіз өткенде негізінен мал жазылып кетеді. Өлім көрсеткіші әдетте 2-3% шамасында. Тұтасқан, әсіресе, қанталаған, шешек кезінде ауырған малдың өлімі 100% дейін жетуі мүмкін.

Ешкіде (қоздырушы - Соаt сарrірохvirus) шешек негізінен індет ретінде жіті өтіп, ауырған мал, әсіресе, лақтар 25%-ға дейін өлімге ұшырайды. Ауру асқынғанда өлім көрсеткіші 80%-ға дейін барады. Әсіресе, Ангор және Дон ешкілерінде ауыр өтеді. Буаз мал лақ тастап, лақтағандарында желінсау байқалады. Кейде экзентемасыз әдеттегіден өзгеше өтеді де, дерт өкпеге шауып. өлімге әкеп соғады. Өлексені сойғанда өкпеде бауыр түстес сұрғылт бронхопневония ошақтары кездеседі. Енесін еміп жүрген лақтар, егер туғаннан кейін жұқса, ауру әдеттегіден басқаша өтіп, шешек ауыздың, ұлтабардың кілегейлі қабығына шығады. Ауырған лақ жөтеліп, тынысы жиілеп, танауынан ірің аралас сора ағады, біраз уақыт өткен соң ауызы мен танауының айналасында қабыршақтар пайда болады.

Шошқада (қоздырушысы - Shwiпе suipoxvirus) бірінші белгісі ретінде денесінің жүні аз жерлерінде (тұмсығы, құлағы, бауыры, санының ішкі жағы) қаптаған розеолалар пайда болады да, 2-3 күн өткен соң қызғылт жиекті папулаларға айналады. Одан ары везикулаларға айналуы шошқада сирек ұшырайды. Әдетте шыққан шешек суланып қолдырамай бірден індеттеген пустулаға ұласады. Пустулалардың түрі сүрғылт, сары ұлпасы өліеттеніп, бір-бірімен қосылып ені 2,5 см дейін жетеді. Толарсып кебеді де, қоңыр-қара қабыршаққа айналып, 5-8 күн ішінде сыдырылып түсе бастайды. Орынында ақтаңдақ пайда болады да, біраздан кейін жоғалып кетеді. Кейбір жануарлардың денесі қышынып, жүргенде тәлтіректеп, іші өтеді. Шешек шыққан кезде дененің ыстығы қайтып, іріңдеген пустулалар пайда болған сәтте сонымен бірге, екінші қабат өршігенде температурасы қайтадан көтеріледі.

 

Аурып тұрған мал

 

Ауру 19-30 күнге, кейде, әдетте шешек қайтадан шыққанда, 45-60 күнге дейін созылады. Тері мен кілегейлі қабықтарға шешек тұтастай шыққан кезде ауру асқынып, сәтсіз аяқталады. Әсіресе, қанталаған түрі (қара шешек) зілді өтіп, өліммен бітеді. Асқынған кезде бронхопневмония, сальмонеллез, стафикоктардан болатын сепсиис қабаттасуы мүмкін. Ал асқынбаған шешек зіл жеңіл өтеді.

Шешек кезінде өлім көтсеткіші, әсіресе, еметін тоғайларда жоғары болып, 40-80% -ға жетеді, Сиыр шешегінің және шешек вакцинасының вирусы қоздырған ауру шошқада өте жеңіл өтеді.

Құстарда шешекпен тауық, бөдене, қырғауыл ауырады. Тауықта (қозрушысы –Fowl aviroxvirus) шешек және дифтерия түрінде өтеді. Екі түрі аралас кезігуі де мүмкін. Жасырын кезеңі 15-20 күн. Ауырған тауықтың жалпы күйі нашарлап, жемге қарамайды. Мекиендердің жұмыртқалауы күрт төмдейді. Айдары мен сырғасында, езуінде, қабағында, кейде бастың кейбір жерлерінде, мойынында, сирақтарында, кеудесінде, клоакасының төңірегінде қызғылт түсті дақтар пайда болады. Біраз уақытта шықкан шешектің беті сұрғылт, қызғылт қабыршақтанып қатаяды да, бір-бірімен қосылып сүйелге айналады.Құрғақ тобарсуы 2-3 аптаға созылады. Ауырған тауықтар бір-бінің шешек шықан жерлерін шоқып, инфекцияның қауырт таралуына әсер етеді.

Дифтериялық түрі кезінде ауыздың, танаудың, көз асты шұңқырларының кілегейлі қабықтарында шешек дақтары пайда болып, бір бірімен қосылады қабыршаққа айналады. Бұл қабыршақтар көгершінде суланып тез сыдырылады. Көбінесе құрғап, жабысып қалады. Әсіресе, тілдің астында және шеттерінде, мұртында, көмейде болады, тіпті кеңірдекке дейін жайылады. Көбінде көмекей зақымданып, құстың демі тарылып, мойынын созып, ауызын ашып дем алады. Жем жеуі қиындайды. Тұмсығынан сұрғылт қоймалжың сора ағып, тобарсып кеуіп, танауы бітеліп қалады.

 

 

 

Қойдың құрсақ терісіндегі шешек бөріткендері.

 

 

 

 

 

Қойдың емшегіндегі беті қабыршақтанып, асты терецге кеткен шегенің қалпагы тәріздес шешектің өліеттенген дақтары.

 

                             

 

Дифтериялық зардап көбінесе көзде болады, құстың көзі қызарып, жас ағады, жарықтан жасқанып, қарай алмайды. Әдетте екі көз бірдей зақымданып, үкі бастанып тұрады. Дерт көздің мүйізгек кабығы мен қарашықты да жайлайды.

Ауру көбінесе созылмалы өтеді. Шешек асқынбаса 5-6 аптада жазылады. Терідегі түрі зілсіз өтеді. Кейде белгілері аса айқын байкалмауы да мүмкін. Аурудан жазылған құс арып, көбінесе соқыр болып қалады. Өлім көрсеткіші ересек тауықта 10-20%, балапандарда 50-70%-ға дейін жетеді.

Түйеде (қозырушысы - Сатеl оrtopoxvirus) терісі мен кілегейлі қабықтары қолдырап, бөріткен шығып, пустулалар пайда болады. Шешек кілегейлі қабықтарға шыққанда жануардың ауызы мен танауынан бастапқыда мөлдір, кейінен күңгірт-сары сұйық ағады. Көздің қабақтары, еріндері, танауы ісініп, кейде бұл процесс жағының асты мен мойынын да қамтиды. Кейбір малдың көзінің қарашығы күңгірттеніп, уақытша соқыр болып қалады. Теріге түскен шешек көбінесе ерінде, езуде, мұрын мен көздің айналасында, еркек түйенің ұмасында, ал інгеннің желінінде, күнтимесінде, шабы мен қолтығында, басқа да сондай тақыр жерлерінде байқалады. Буаз інгендерде кейде шешекке тән белгілер болмай, денесінің ыстығы көтерілін, іш тастайды немесе ботасын мезгілінен бұрын шала туады. Туған ботаның терісі мен кілегейлі қабықтарында шешек болады. Ауырған түйенің, әсіресе ботаның іші өтеді. Ботаның екі көзі бірдей көрмей қалуы мүмкін. Жалпы бота сезімтал келеді де, 3-7 күн ішінде өліп қалады. Ересек боталар әдетте 40-45 күн ауырып барып, жазылып кетеді. Бұл кезде жануар тез жүдеп, әлсіреп, аяқтары ісініп, орынынан әзер тұрады. Жазылған шешектің орынында дақ қалады, қабыршағы түскенде орыны ортайып тұрады. Шешек зілсіз өткенде түйе 20 шақты күнде жазылып кетеді.

 

1.4 Інедеттік ерекшеліктері

 

 Шешекпен сүтқоректілер мен құстардың барлық түрлері дерлік ауырады. Індеттенуді талдаған кезде вирустың қай түрінің қандай жануарларды ауруға шалдықтыратынын ескеру қажет. Жануарлардың кейбір түрлері сол түлікке ғана тән шешек вирусына бейім, ал кейбір жануарларда бұл вирустың бірнеше түрлері ауру қоздырады.

Шешекпен барлық сүт қоректі жануарлар және құстар ауырады, Қыста және көктемнің басында жиі байқалып, ауыр өтеді. Әсіресе, жас төл, асыл тұқымды малдар және көрікті құстар тез шалдығады. Шешек вирусының бас-тауы - ауруы жасырын кезеңдегі және ауырып жазылған вирус алып жүруші жануарлар. Жүғу факторына малдың азығы мен күту жабдықтары жатады. Сыртқы ортаға вирус дертке шалдығып, сыдырылып түскен эпителиймен, танаудан, көзден, ауыздан аққан сорамен бөлінеді. Ауру қоздырушысы қан сорушы жәндіктермен де берілуі мүмкін. Өйткені олардың денесінде 100 күнге дейін сақталады. Сонымен қатар, төлге сүт пен плацента арқылы, ал балапанға жұмыртқа арқылы беріледі.

Дерттенуі. Вирус денеге тері арқылы және ауыз бен тыныс жолдарының

кілегейлі қабықтары арқылы енеді. Теріден оның жарақаттанған немесе сызат түскен жерлерінен өтеді, ал А гиповитаминозы кезінде зақымданбаған теріден де өтуіне мүмкіндігі бар. Қанда вирустың көбеюіне байланысты аурудың бастапқы кезеңі дененің ыстығы көтеріліп, көрінетін кілегейлі қабықтардың қызарып, танаудан сұйықтың бөлінуі аркылы байқалады. Аурудың одан әрі өрбуі қоздырушысының эпителийге әуестігінен туындайтын теріде экзентема (қызамық) пайда болуына байланысты. Шешек бөртпесі деп аталатын бұл құбылыстар бірнеше сатыдан тұрады:

розеола - ауру жұққаннан кейінгі 1-2 тәулік ішінде байқалатын қызарған дақтар;

папула - келесі 1-3 күнде пайда болатын бөріткендер;

везикула - бөріткендердің 5-6 күнде қолдырап, сарғыш түсті сұйыққа толуы;

пустула - везикуланың ішіндегі сұйықтың 2-3 күнде түсі күңгірттеніп, іріңге айналуы;

круста - папуланың жарылып, сұйықтың сыртқа шығып, қарақошқылданған қабыршақ пайда болып, астыңғы сау эпителийдің жетіліп, 5-6 күн ішінде қабыршақтың түсіп, орнына тыртық пайда болуы.

Шешектің осылайша өрбуі адамда, сиыр мен жылқыда байқалады. Қой мен ешкіде және шошқада везикула пустулаға айналмай, бірден қабыршақ пайда болады да, шешекке диагноз қою біршама қиындыққа соғады [6,10 ,11,12].

Құстарда дертке шалдыққан эпителий тез жетіледі де, өсе келе теріде сүйел тәрізді шоғырланады, ал кілегейлі қабықтарда сыдырылып түсетін қабыршақтар түзеді. Мұндай қабыршақтанып сыдырылу дифтерияға тән құбылыс болғандықтан шешек дифтериті деп те аталады. Жалпы алғанда құста шешек папула түрінде емес пролиферациялық құбылыс ретінде өрбиді.

Жануарларда вирус денеге тері арқылы өткенде әдетте жеңіл ғана орыны шектелген шешек процесі байқалады. Егер ауру қоздырушысы респираторлық немесе алиментарлық жолмен енсе, септицемия өрбіп, тері мен кілегейлі қабықтарда түгелдей шешек шығады.

 

1.5 Ауруды ажыратып балау

 

Диагноз қою үшін індеттанулық деректер, клиникалық зерттеулердің, биосынаманың, шешек алғаш шыққан дерттенген немесе биосынама қойғанда вирусты енгізген жерден алынған жағындыны микроскоппен қараулдың нәтижиелері негізге алынады. Зертханалық зерттеуге ойылып, шеті жиектеніп көмкерілген, дененің шешекке тән өзгеріске ұшыраған жерлерінен материал алынады.

Шешек кәдімгідей түрде өткенде оны балау қиын емес. Ауырған малды мұқият тексергенде шешектің әрбір сатысына тән көріністерді табуға болады. Жеке жануардың өзінде шешек әр түрлі сатыда болуы мүмкін. Дененің бір тұсындағы өзгеріс розеола сатысында болса, басқа жерінде папула кездеседі.

Зерттеуге материал алу үшін везикула немесе пустула шыққан жерді сипап немесе эфирге малынған тампонмен сүртеді. Везикуланың ең түбіне өте жінішке созылған Пастер түтігін сұғып сұйықты сорып алады. Папулаларды скальпельмен қырып, қабыршақтарын пинцетпен теріп алады. Алынған материалдан жағынды жасап, Морозов әдісімен бояп, микроскоппен қарайды. Гистологиялық зерттеу жүргізеді, бейім жануарларға биосынама қойып немесе ұлпа өсіндісінде вирусты бөліп алады.

Биосынама мен микроскопияның нәтижесі оң болса, ары қарай қосымша тексерудің қажеті болмайды. Қосымша тексеру электрондык микроскопия, иммунофлуоресценция және диффузиялык, преципитация әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі.

Ажыратып балау. Сиырда аусылдан, везикулалық стоматиттен, жем-шөптен болатын бөріткеннен ажырату керек.

Қойда жұғымтал эктимадан (қара сүйел), қышыма қотырдан, жұқпайтын экземадан ажыратады [12,13 ,14,15,16].

Емі. Ауырған жануарларды тез арада құрғақ, жылы қоражайға оқшаулап, кұнарлы, жеңіл қорытылатын жемшөп береді. Суаратын суға йодты калий қосады. Қосалқы инфекциялардың асқынбауы үшін антибиотиктер мен химио-терапевтикалық дәрілер қолданады. Ауруы тым асқынып кеткен малды сояды.

Шешек шықкан сиырдың желінін қүрғақ, таза ұстайды. Қабыршақтарын жібіту үшін стрептоцид майы, синтомицин майы, мырыш майы, бор майы сияқты бейтарап жақпа майлар қолданылады. Сүтін ақырын сауып алады, Ойылған жерлерін құрғатып және антисептакалық сұйықтармен (йод тұнбасы, Буров сұйығы) сүртеді. Кілегейлі қабықтарды антисептикалық және бырыстыратын ерітінділерімен шаяды.

      Басқа мал түліктерін де шешек шыққанда осы тақілеттес емдейді. Терідегі шешек шыққан жерлеріне мырыш, бор, йодоформ жақпа майларын жағады.

Құстарда симптоматикалық ем шаралары қолданады. Рационға А витаминін, каротині бар азықтар (сәбіз, балық, майы, шөп ұны) қосады.

 

 

2 Өзіндік зерттеу

 

Курстық  жұмысты орындау барысында шешек ауруының диагностикасын зерттелді.

Шешекпен ауырып жазылған жануарларда іс жүзінде өмірлік берік иммунитет қалыптасады. Ондай жануарлардың қан сарысуында телімді антиденелер болады, ал ұлпаларда, әсіресе, теріде телімді төзімділік қалыптасады.

Шешекке қарсы бірнеше вакциналар қолданылады. Vассіпа оrtорохvirus қоздыратын ауруға қарсы сиырды, жылқыны, түйені, шошқаны медициналық шешек детрит вакцинасымен егуге болады. Сиырдың күнтимесіне, құлағының ішіне немесе мойыннының төменгі тұсының терісін скарификатормен болмаса скальпельдің ұшымен тырнап адамға арналған 3-5 дозасын тамызады. Ал жылқы мен түйенің мойынының төменгі жағының терісін скальпельдіңұшының сыртымен ұзындығы 3-4 см 3-4 сызат салып, 3-5 тамшы езілген вакцинаны тамызады.

Қойдың шешегінде қарсы КСРО-да 1944 жылдан бері аллюминий су-тотықты формолвакцина қолданады. Онымен ешкіні де егуге болады. Ешкіге арналған Тәжікстанда даярлаған аллюминий сутотықты формолглицерин вакцина бар. Сонымен қатар, қойды шешектен, братзодтан, энтеротоксемиядан сақтайтын поливалентті вакцина бар. 1978 ж бастап вирустың әлсіретілген штаммын торша өскіндісінде өсіріліп даярланған тірі вакцина қолданылады. Бұл препарат залалсыз, иммуногендігі жоғары. Егілген малдың төзімділігі 3-5 күннен кейін қалыптасып, 9-12 айға жетеді.

Соңғы жылдары қойды егу үшін кейбір елдерде әлсіретілген вирус штаммдарын торша өсіндісінде өсіріп, иммунділігі жоғары вакциналар даярлай бастады. Иракта РМ/65 штаммынан, Тунис пен Румынияда Перего мен Фанар штаммдарынан даярлаған вакциналар қолданылады.

Шошқаның табиғи өз шешегі кезінде жасанды иммунитет қалыптастыру мақсатымен ауру зілсіз жеңіл өткен жануарлардан детрит қабыршақтарын жинап, скарификатормен тырналған терісіне тамызып егеді.

Тауықты шешекке қарсы 2 түрлі вакциналармен егеді: көгершін шешегінің вирусынан даярланған және тауық шешегінің әлсіретілген вирусынан даярланған. Көгершін шешегінің НД штаммынан даярлаған вакцинаны 1-1,5 айға толған құсқа егеді. Иммунитет 3 аптада қалыптасып, балапанда 3 ай, мекиенде 10 айға дейін сақталады. Әлсіретілген Әзірбайжандық 27-АШ штаммынан алынған құрғақ эмбрион вакцинамен тауықты, қырғауылды егеді. Иммунитет 15-20 күнге қалыптасып, балапанда 4 ай, ересектерінде 9-10 ай сақталады.

Дауалау және күресу шаралары. Шешектің алдын алу үшін ветеринариялық-санитариялық шарларды қатаң сақтау қажет. Жаңадан әкелінген малды карантинде ұстап, алысқа айдағанда басқа малмен жанасуына жол бермеу керек, шешек егілген адамның 14 күнге дейін малды күтіп, жанасуына болмайды. Сау емес шаруашылықтағы барлық мал егілуге тиіс.

Құс өсіретін шаруашылықтарда жаңадан әкелінген құс 30 күн карантинде болады. Құс әкетілгенде босаған қора жай мұқият санитариялық тазалаудан өткізіліп, дезинфекцияланады.

Шешек байқалған қой, ешкі, түйе, құс өсірілетін шаруашылықтарға карантин, ал сиыр, шошқа, жылқы және басқа мал түліктерін өсіретін шаруашылықтарға шектеу қойылады.

Ауырған және күдікті жануарларды бөліп алып емдейді, Клиникалық тұрғыдан сау қой мен ешкіні басқа қораға әкетеді, егер жайылымда болса жайылымын ауыстырады да, шешекке қарсы вакцинамен егеді. Қораны 3% күйдіргіш натрий ерітіндісімен немесе 20% жаңадан сөдірілген әк тұнбасымен дезинфекциялайды. Шешектен өлген қой, ешкі, түйенің өлексесін терісімен, жүнімен бірге өртейді. Сау емес отардан алынған сүтті 80°С кезінде 30 мин пастерлеп немесе 5 мин қайнатып шаруашылықтың өзінде ғана пайдаланады. Аталған түліктердің шешегі байқалған шаруашылықтың төңірегі қатер төнген

аймақ деп есептеліп, індет ошағы жойылғаннан кейін де 3 жыл бойы сақтық вакциналау жүргізіледі. Сиыр, шошқа, жылқыда шешек байқалғанда індеттің кең таралу сыңайы болғанда ғана вакцина егеді.

Карантин шешекпен ауырған соңғы қой, ешкі немесе түйе толық жазылған соң, болмаса өлген немесе сойылған соң 20 күн өткеңде алынады. Карантин алғанда қорытынды дезинфекция жасалып, жануарлардың үстері зарарсыздандырылады. Шектеу сиырдың шешегі кезінде 20 күн өткен соң, ал шошқаның шешегі кезінде 14 күн өткенде, карантинді тоқтатардағы шарттарды орындап барып, алынады.

Құс шаруашылықтарында шешекке диагноз қойылған жағдайда ауырған кұстарды сойып, етін қайнатып содан соң пайдаланады. Барлық жастағы құстарды әкетуге тиым салынады. Сау емес шаруашылықтың жұмыртқасын тек қана азық-түлікке жаратуға рұқсат етіледі. Егер шешек жаппай етек алатындай болса, барлық құсты сойған жөн. Ауру шықпаған шаруашылықта құс кораларында шартты түрде сау құстарды түгелдей вакцинамен егеді. Сонымен қатар, қатер төнген аймақтағы барлық құстарды жеке меншіктегісімен қоса вакцинамен егеді. Құс қораларды 4% күйдіргіш натрийдің ыстық ерітіндісімен, формальдегидтің аэрозольді шашырандысымен, 20% жаңа сөндірілген әкпен дезинфекциялайды. Мамық пен қауырсынды 1% күйдіргіш натрийде езілген 3% формальдегидпен зарарсыздандырады. Құстың саңғырығын жинап, көң қоймасында биотермиялық әдіспен зарарсыздандырады. Карантинді ауру жойылған соң 2 айдан кейін алады. Оның алдында құс қораларын мұқият тазартып, дезинфекциялайды. Ересек құс пен балапандарды басқа шаруашылықтарға апаруға карантин алынған соң 6 ай өткеннен кейін ғана рұқсат етіледі.

 Ауру резервуары: қан сорғыш  насекомдар (маса, бүрге, қан соратын шыбындар).

 

 

     3 Техникалық  қауіпсіздік

 

Малдың  жұқпалы және жұқпалы емес ауруларымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау- қоғамдық және адамның жеке басының денсаулығын қорғау үшін жағдай туғызуға және малдың ауруына, өлуіне жол бермеуге бағытталған аса маңызды шара.

Малшылар еңбек қорғау ережелерімен танысу үшін әкімшілік оларға алғашқы, жұмыс орнындағы кезеңді нұсқауларды беруі тиіс.

Алғашқы нұсқаумен барлық жұмысқа жаңадан келген адамдар танысады. Оның мақсаты жұмысқа келген адамдарды еңбек қорғау ережелері және кәсіпорынның ішкі тәртібімен таныстыру.

Жұмыс орнындағы нұсқауды топ жетекші жүргізеді.Бұл нұсқау жұмыстың қауіпсіз тәсілдерін практика игерудің бастамасы болып табылады.Малмен тікелей жұмыс істейтін адамдарды жеке бастың гигиенасымен таныстырады.

Мал шаруашылығындағы жұмысшылар арнайы және санитариялық киімдермен қамтамасыз етіледі.Арнайы киім- бұл жұмысшылардың физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын құрал. Арнайы киімге кеудеше, комбинезон, алжапқыш, қолғап, етік, резенке, шұлықтар жатады.

Ауру малмен,өлексемен, қимен жанасу нәтижесінде жұмысшыларға кейбір антропозоонозды аурулардың жұғу қауіпі төнеді. Аса қатерлі ауруларға топалаң, маңқа, туберкулез, бруцеллез, құтыру, бұзаутас және т.б. аурулар жатады.

Улы химикаттармен жұмыс істеуге ең кемі 18 жасқа толған, денсаулығы мықты, химиялық дәрілермен жұмыс істеу ережелері жөнінде нақтылы нұсқау алған және патогенез микроорганизмдерді құрту әдістерін игерген қызметкерлерге ғана рұқсат беріледі.

Жас өспірімдер, жүкті және баласын емізіп жүрген әйелдер кейбір аурумен ауырып жүрген адамдар мұндай жұмысқа қабылданбайды.

Улы химикаттармен жұмыс істеген кезде тамақ, су ішуге, темекі тартуға болмайды. Тамақты жұмыс аяқталғаннан кейін немесе үзіліс кезінде ғана ішуге болады, бірақ міндетті түрде арнайы киімді шешіп, беті-қолды мұқият сабындап жуу керек.

Дезинфекциялау шараларын атқаруға міндетті адамдар жұмыс кезінде дезинфекциялағыш дәрілерді көзден таса қалдырмау керек.

ОҚЭБМ газымен дезинфекциялау жұмысын тек мал дәрігерлік- санитарлық немесе дезинфекциялайтын отрядтардың қызметкерлері ғана жүргізеді, мұнда арнайы даярлықтан өткен мал дәрігері немесе фельдшер басшылық етеді.

ОҚЭБМ газымен жұмыс істеген сайын денсаулық сақтау органдарына рұқсат алу қажет.

 

      Қорытынды

 

 

Қортындылай келе шешек- дененің ыстығы көтеріліп, тері мен кілегейлі қабықтарда күлдіреген бөріткендер пайда болуымен ерекшеленетін жұғымтал ауру.

Шешек туралы алғашқы деректер б.д.д. 3700 ж бұрын Мысыр, Үндістан, Қытайда белгілі болды. Европа елдеріне бұл ауру Таяу Шығыстан б.д.д. 5-7 ғасырда әкелінді. Оны жұқпалы ауру ретінде Ә.Ибн Сина тұңғыш рет толық сипаттап, қызылшадан (корь) ажыратты. Адамда шешекті қолдан егу ерте заманнан белгілі болса да, бүл әдіс Э.Дженнердің 1976 ж. сиырдан адамға егу жөніндегі тәжірибесінен кейін ғана кеңінен тарап, жалпы жұқпалы ауруларға қарсы жасанды иммундеуге түрткі болды. Қазақстанда қойдың шешек індетін (күл) тез арада тоқтату үшін ауырған малдан сау малға жұқтыру әдісі сол ерте заманнан-ақ қолданылып келген.

Жануарлардың (жылқының, түйенің, ешкінің, шошқаның, құстың) шешегі ғылыми тұрғыдан 19 ғ соңында сипатталды. Аурудың қоздырушысының вирус екендігін 1920 ж Маркс пен Штикер дәлелдеді.

Қазіргі уақытта, ресми түрде 1979 жылдан бері адамның шешегі дүние-жүзінде жойылды деп есептелінеді. Көптеген елдерде қой мен ешкінің ауруы осы кезге дейін кеңінен тараған. Ал сиыр, шошқа, тауықта оқтын-оқтын байқалып тұрады.

Ауырған жануарларды тез арада құрғақ, жылы қоражайға оқшаулап, кұнарлы, жеңіл қорытылатын жемшөп береді. Суаратын суға йодты калий қосады. Қосалқы инфекциялардың асқынбауы үшін антибиотиктер мен химио-терапевтикалық дәрілер қолданады. Ауруы тым асқынып кеткен малды сояды.

Шешек шықкан сиырдың желінін қүрғақ, таза ұстайды. Қабыршақтарын жібіту үшін стрептоцид майы, синтомицин майы, мырыш майы, бор майы сияқты бейтарап жақпа майлар қолданылады. Сүтін ақырын сауып алады, Ойылған жерлерін құрғатып және антисептакалық сұйықтармен (йод тұнбасы, Буров сұйығы) сүртеді. Кілегейлі қабықтарды антисептикалық және бырыстыратын ерітінділерімен шаяды.

      Басқа мал түліктерін де шешек шыққанда осы тақілеттес емдейді. Терідегі шешек шыққан жерлеріне мырыш, бор, йодоформ жақпа майларын жағады.

Құстарда симптоматикалық ем шаралары қолданады. Рационға А витаминін, каротині бар азықтар (сәбіз, балық, майы, шөп ұны) қосады.

Құс шаруашылықтарында шешекке диагноз қойылған жағдайда ауырған кұстарды сойып, етін қайнатып содан соң пайдаланады. Барлық жастағы құстарды әкетуге тиым салынады. Сау емес шаруашылықтың жұмыртқасын тек қана азық-түлікке жаратуға рұқсат етіледі. Егер шешек жаппай етек алатындай болса, барлық құсты сойған жөн.

 

 

      Пайданылған әдебиеттер тізімі

  1. Сайдолдаұлы Т. « Індеттану» Алматы,1993ж. (230-234б).
  2. Сайдулдин Т. «Ветеринариялық індеттану» Алматы, І999ж.(115-117б).
  3. Қасымов Е.  «Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы
    ауруларды балау және күресу шаралары»  Алматы 1992ж.(200-205б).
  4. Қасымов Е. И., Лесова Қ.А., «Ағылшынша-қазақша-
    орысша ветеринария сөздігі»  Алматы 2005ж. (235 б).
  5. Жамансарин Т.М. «Кеміргіштерге қарсы малдәрігерлік-
    санитариялық шаралар» Алматы 2005ж. (249 б).
  6. «Эпизоотология и инфекционные болезни» Учебник под ред.
    А.А.Конопаткина- М. Колос, 1993ж.(140б).

      7.     Урбан В.П. « Практикум по эпизоотологии» Учебное пособие. Колос 1981ж.(125 б)

     8.    Сайдулин Т. «Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары» Алматы 2009ж.(226 б). 

  1. Жаңабай Төлеуіш «Малың аман болса, май ішесің» Шымкент-2007 ж.(40-43 б).
  2. Қасымов Е. «Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы
    ауруларды балау және күресу шаралары ». Алматы 1992 (17 б).
  3. Қасымов Е. И., Лесова Қ.А., т.б. «Ағылшынша-қазақша-
    орысша ветеринария сөздігі». - Алматы, 2005, (315 б).
  4. Ветеринариялық заңдылықтар. 1,2,3- том. Астана, 2004.(151 б)
  5.  А.Д.Третьякова, М. Колос «Ветеринарное законодательство». 1988г.(244б)
  6. Жамансарин Т.М. «Кеміргіштерге қарсы малдәрігерлік-
    санитариялық шаралар». Алматы, 2005 (219 б).
  7. Эпизоотология и инфекционные болезни. Учебник под ред.
    А.А.Конопаткина- М. Колос, 1993ж. ( 11 б)
  8.  Урбан В.П. Практикум по эпизоотологии. Учебное пособие.
    Л. Колос, 1981г.(215 б)

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-09-18 20:22:53     Қаралды-9620

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »