АРАЛАС ҚҰРАЛЫМДАРДАН ҮЙЛЕСТІРІЛГЕН ҮЙМЕРЕТТЕРДІ ТҰРҒЫЗУ
Темірбетон, металл және тас құралымдардан анағұрлым үйлестірілген үймереттерге технологиялық жабдықтармекн мықтап жарқтандырылған, түрлі қабатты және алаңдарды қамтитын орындар кешенін құрайтын жылу электр станцияларының (ТЭС, ТЭЦ, ГРЭС, АЭС ) үймереттерін жатқызуға болады.
ТЭС-тің бас корпусының қаңқасы құрастырылатын құрастырма темірбетон бұйымдарының жобалық мөлшерінің саны 50-55 дана болады. Қазандық бөлімшесінің биіктігі ілеспелі бағаналар элементтері жиынтығының өзгеруіне, ал машина және қазандық бөлімшелері өткіндерінің биіктігі фермалар үлгілерінің өзгеруіне байланысты өзгереді. Үймерет астындағы іргетасты туннельдерді, каналдарды және жерасты шаруашылығының басқа да бөліктерін қоса есептегендегі жобалық мөлшердегі темірбетон элементтерінің жалпы саны 130 данаға жуықтайды.
Үймерет қаңқасының құралымы мақсатына және көлемдік-жоспарлау шешімдеріне байланысты темірбетон немесе металл варианттары түрінде болуы мүмкін. Құрылыс алаңдарына салмағы 40тоннадан асырмай бөлшектеп жеткізетін бағаналар қаңқаның ең ауыр элементтері болып табылады. Мұндай салмақ зауыттары көтергіш механизмдердің де, автотасымал көліктерінің де жүк көтергіштігіне сәйкес келеді.
Құрылыс – құрастыру жұмыстарындағы негізгі көлемді де ауыр объекті бас корпус болып табылады. Бас корпусты құрастыру әдетте өзара және тармақты крандармен түрліше үйлестірілген жыланбауыр табанды және мұнаралы, бағыттауыш рельстік крандардың көмегімен алдын ала ірілендірілген құрылыс құрылымдары арқылы жүзеге асырылады (13 сурет).
ТЭЦ-тің құрылыс құралымдарын, жабдықтарды құрастырумен сабақтастырып та, бөлекше де құрастыруға болады. Соған байланысты жұмыстарды ұйымдастырып, жүргізудің түрлі үлгілері қалыптасқан.
Бас корпустың жұмыстарын озық әдістермен орындау тасқынды – сабақтастық тәсілі болып табылады. Ондай жағдайда құрылыс және құрастыру жұмыстарының жекелеген түрлерін тасқындылықпен ұйымдастыратын үймереттің өн бойын қамтитында алымдылықпен жүргізіледі. Оның үстіне жұмыстардың кейбір түрлерін сабақтастыру уақытпен, бірақ оларды орнымен сабақтастырмайтындай дәрежеде қамтамасыз етілуі керек.
Әдебиеттер:
- Хамзин С.Қ. Үймереттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы. Оқулық. – Астана, 2003.-381 б.
- Соколов В.А. Технология возведения специальных зданий и сооружений. Учебник. – М.: Высшая школа, 2005.
- Теличенко В.И., Лапидус А.А., Терентьев О.М. Технология возведения зданий и сооружений. – М.:Высшая школа, 2003.
- Терентьев О.М. Технология возведения зданий и сооружений. – М.: Высшая школа, 2003.
- Хамзин С.К., Карасев С.К. Основы строительного производства. Курсовое и дипломное проектирование. – М., 2006.
Жарияланған-2016-10-13 18:21:13 Қаралды-2888
ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?
Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.
ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?
Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.
БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?
Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.
ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.
ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?
Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.
СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?
Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина