UF

ДӘРІЛІК САБЫНШӨП (ЖЕР САБЫН)

Категориясы: Өсімдікті


 

ДӘРІЛІК САБЫНШӨП (ЖЕР САБЫН) МЫЛЬНЯНКА ЛЕКАРСТВЕННАЯ

Дәрілік сабыншөп - биіктігі 80 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыр сабағы жіңішке әрі ұзын, сыртқы жағынан қарағанда қызыл қоңыр түсті, сындырып қарағанда ішкі жағы ақшыл сары. Сабақтары түзу, жоғарғы жағында жайыла өседі. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, сопақша келген немесе эллипс тәрізді, ұзындығы 12 сантиметрге дейім жетеді, ұштары сүйір, шеттері кедір-бұдыр, сағақтары қысқа. Гүлдері хош иісті, ақ немесе ашық қызыл түсті, бір-екіден ең жоғарғы жапырақтарының қуысына орналасқан. Гүл тостағаншасының қалақшалары бесеу, біріне-бірі жабысып, ұзындығы 2 сантиметрлік түтікше жасап тұрады. Гүл жапырақшалары да бесеу. Маусым-тамыз айларында гүлдейді.

Дәрілік сабыншөп өзен жағаларында, ылғалды шабындықтарда, орманның және бұталардың арасында өседі. Кейде бақта әсемдік үшін қолдан егіледі. Дәрілік мақсатқа өсімдіктің тамырын пайдаланады. Құрамында сапониндер, сапонарозид бар. Өсімдіктің тамыры сабын сияқты, сондықтан кейде жүннен және жібектен тоқылған материалдарды жууға пайдаланылады. Өсімдік тамырының тұнбасын ғылыми медицинада қақырық түсіретін дәрі орнына, жоғарғы тыныс жолдары қабынғанда қолданады.

Халық медицинасында сабыншөптің тамырын бронх қабынғанда, өт және несеп айдайтын, тер шығаратын дәрі ретінде пайдаланады. Сулы тұнбасымен есекжемді, терідегі іріңді бөртпелерді емдейді.

Ертеде халық арасында сабыншөпті подаграны емдейтін ең күшті дәрі деп есептеген. Соңғы кездерде несеп жүргізу арқылы шемен ауруын емдеп жүр. Ол үшін тамырды суға қайта-қайта жуып, денені тітіркендіретін заттарды тамырдан ажырату керек.

Сабыншөп тамырын тіс және тамақ ауырғанда да пайдаланады, ревматизмді, бауыр ауруларын, өт қалтасының қабынуын емдейді.


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 8 грамм өсімдікті 1 стакан суға салып, 8 сағат тұндырады да, 1 ас қасықтан күніне 4-6 рет ішеді. Егер бұл дәріні мөлшерден артық ішсе, онда асқазанды тітіркендіріп, ауру адамды құстырады, ішін өткізеді. Сондықтан сабыншөпті дәрігердің бақылауымен пайдаланған дұрыс.

  Жарияланған-2016-07-12 12:11:09     Қаралды-4065

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖАҢҒАҚ ҚОСЫЛҒАН БИСКВИТ

...

Алдын ала дайындалған негізгі бисквит қамырына қуырылған, ұсақтап туралған, ет тартатын машинкадан өткізілген немесе келіге түйілген жаңғақ (фундук немесе самырсын жаңғағы) қосылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАЗУ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛҒАН?

...

Әр дәуірде адамдар тәжірибелері мен білімдерін өзгелерге әр түрлі тәсілмен беріп отырған. Адамзат тарихындағы тұңғыш кітап - бұл жартас бетіне таңбаланған тас кітаптар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ (1846 -1945)

...

«XX ғасырдың Гомері» атанған жыр алыбы Жамбыл 1846 жылы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Жасында арнайы мектептен білім ала алмаған. Бірақ көңілі зерек, көкірегі ояу дарынды бала білім дариясынан терең сусындап өскен.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЫҒЫС АЛУАСЫ

...

Табаға қалыңдығын 3-4 сантиметрдей етіп ұн себеленеді де оқтын-оқтын араластырыла отырып, сәл қоңырқай тартқанша қуырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПАРВАРДА

...

Ұн сеуіп жасалған карамель сияқты тәтті тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ АТА-БАБАЛАРЫМЫЗ НЕМЕН ЖУЫНҒАН?

...

Ежелгі уақытта Ресейде ең көп таралған жуғыш зат сілті болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »