ЖЕЛАТИНСІЗ АЛМА ҚАЙНАТПАСЫ
Категориясы: Тағам
Ұзынынан тілінген антоновка алмалары тайыз ыдысқа салынады. Ол ыдыстың жартысына дейін су құйылып, бұқтырылады да жұмсарғанша ұсталады. Бұл кезде ол араластырылып отыруға тиіс. Жұмсарған алмалар ыстық күйінде езіліп, қант, лимон қышқылы қосылады да көпіршіген ақ масса болып шыққанша шайқалады. Содан соң ыдыстарға салынып, салқындатылады.
Бұл қайнатпаны даярлауға 650 грамм алма, 150 грамм құм шекер, 1 грамм лимон қышқылы, 200 грамм су жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-15 18:14:31 Қаралды-1967
ӘРІПТЕР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

Әліппе деген аса маңызды, өте қажетті кітап қой. Оның алғашқы беттерін тіпті әріп дегеннің не екенін мүлде білмейтін адам да оқи алады.
ТЕМІР МЕН БОЛАТТЫҢ ҚАЙСЫСЫ ҚАТТЫ?

Пионерлер металл сынықтарын жинаған кезде олар таудай ғып бір жерге үйгендері бір емес, екі түрлі металл екенін біле бермейді, өйткені олар түрі жағынан біріне-бір өте ұқсас.
АЛМА ҚАЙНАТПАСЫ

Қабығы аршылып, өзегінен тазартылған алма салқын суға салынып, дайын болғанша қайнатылады.
ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.