UF

РАДИОАКТИВТІ ЗАҚЫМ

Категориясы: Соғыс


РАДИОАКТИВТІ ЗАҚЫМ ядролық жарылыс бұлтынан радиоактивті заттардың жерге түсуі немесе АЭС апаты кезінде атмосфераға шығарылуы нәтижесінде жердің, су мен ауаның зақымдануы. Радиоактивті заттардың көздері: ядролық зарядтың бөліну өнімдері, сәуле шығаратын альфа-бета-бөлшектер мен гамма-сәулелер; ядролық зарядтың реакцияға қатыспаған бөлшектері, сондай-ақ сәуле шығаратын альфа-, бета-бөлшектер мен гамма-сәулелер; бета-бөлшектер мен гамма-сәулелер сәулелендірген топырақтағы нейтрондардың әсерімен пайда болған (наведенная реакция) радиоактивті заттар. Радиоактивті заттардың сыртқы белгілері - түсі, дәмі, исі болмайды, олар ыдырай отырып, альфа-, бета-бөлшектері мен гамма-сәулелерін шығарады.

Радиоактивті зақым дәрежесі жарылыс қуаты мен түріне, желдің бағыты мен күшіне, жер сипатына және метеорологиялық жағдайларға байланысты. Әсіресе жер үстіндегі ядролық жарылыс кезінде күшті зақымданады. Радиацияның деңгейі 0,5 «Р/сағ» және одан жоғары болған кезде жер зақымданған болып есептеледі. Радиоактивті бұлт ізінің көлемі ядролық жарылыс қуаты мен түріне, сондай-ақ желдің жылдамдығына байланысты және ұзындығы жағынан бірнеше жүз километрге, ені жағынан бірнеше ондаған километрге жетуі мүмкін.

Радиоактивті зақым адамдардың зақымдануымен және сәуле алуымен байланысты. Киімге және теріге қонған радиоактивті заттар, сондай-ақ гамма-сәулелерімен сәулелену адамдар мен жануарларда сәуле ауруын тудырады. Радиоактивті зақымнан қорғанудың негізгі әдістері - қорғаныс құрылыстарына (паналау ғимараттарына, радиациядан қорғайтын паналау орындарына, қарапайым паналау орындарына) адамдарды паналату және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану.

  Жарияланған-2016-02-20 17:46:43     Қаралды-5244

Мәлімет сізге көмек берді ма

МАҢҒЫСТАУ

...

Байлық тұнған түбек атанған ғажап өңір Маңғыстау Қазакстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ол «мың қыстау» сөзінен шыққан. Картадан қарағанда әйел адамның сүлбасы көз алдыңа елестейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ БАРЛЫҚ НӘРСЕ ТУРАЛЫ 35 ҚЫЗЫҚТЫ ФАКТ

...

Әлемдегі барлық нәрсе туралы 35 қызықты факт

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МИЯМПҰР

...

Інжірден жасалып, арасына грек жаңғағы салынған тағамды шығыста осылай атайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

8 ТҮРЛІ ПАЛАУ ДАЙЫНДАҢЫЗ

...

Шағындау қазан отқа қойылады да, май салып қыздырылады. Май қайнай бастағанда сақиналап, ірілеу етіп туралған...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛ БОЙЫ КҮНДІЗ БОЛЫП ТҰРУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Қабырғада күнтізбе ілулі тұр. Бір жылда қанша күн болса, онда да соншама парақ бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КУРАГАДАН ЖАСАЛҒАН САМБУК

...

Іріктелген курага мұқият жуылып, салқын суға салынады. 1-2 сағат бөктіріп алынады да дайын болғанша қайнатылып, содан соң үккішпен үгіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »