UF

ВАНТТЫ ЖӘНЕ МЕМБРАНАЛЫ ЖАБУЛАРЫ БАР ҒИМАРАТТАРДЫ ТҰРҒЫЗУ

 

Мұндай жабулар көзделгендегі мөлшері едәуір үймереттер мен ғимараттарды тұрғызу өнеркәсіп ғимараттарды, стадиондар, концерт және көрме залдары, гараждар, ауқымы зор алаңдарды жабу қажет болған жағдайда қолданылады.

Жайылмалы жабулардың құралымы вантты фермалар және мембраналар түрінде орындалуы мүмкін.

Ілмелі жайылмалы элементтер әдетте қатқыл да салмақты тіреу құралымдарына бекітіледі. Тіреулік құралымдар жабуларды ұстап тұратын және жүктің салмағын іргетасқа түсіретін бағаналарға немесе көлбеу имелерге арқа сүйейтін тұйықталған контур түрінде шығыршық, доғал, тік бұрышты име болуы мүмкін.

Вантты жабулардың құрамы және оны құрастыру процестерін біртіндеп орындау олардың құрылымдық үлгісіне байланысты болады. Мұндағы жетекші де анағұрлым күрделі процесс вант жүйесін құрастыру болып табылады. Темірбетон қабыршағының түр-түрлілігін білдіретін ортогональды вант жүйесіндегі аспалы жабудың құралымы – алдын ала тартылатын вант жүйесі тіреу контурына бекітілген біртұтас темірбетон тіреу контурынан және вант жүйеге төселген құрастырма темірбетон тақталардан құралады. Вантты жүйенің өзі ұзын да көлденең вант жүйешелерден құралады. Олады қабыршақтың үстіңгі жағына тік бұрышпен біріне-бірін жақын басты бағыт бойынша орналастырылады. Тіреу контурында ванттар әрбір арқанның шеті сығымдалған гильзалар мен сыналардан құралған анкерлердің көмегімен бекітіледі. Вант жүйесі жобалық тартылысқа жеткеннен және тақталар аралығындағы тігістер мен ванттар тұтастырылғаннан кейін жүйе бірыңғай біртұтасты құралым тәрізді жұмыс істейді.

Ауқымды өткіндерді жабу үшін қалыңдығы 4-6мм болаттан жабылған аспалы жабулар-мембраналар қолданылады. Мембрана қаңылтырларын құрастыру кезінде мембрананың орамы қалың қаңылтырдан немесе профильді металдан жасалған төсеніштің аспалы құма элементтерінің бойымен орамы жазылады.

Аспалы жабулар олардың құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты түрліше тәсілмен, бірақ соның бәрінде де мүмкіндігінше ірілендірілген блоктармен құрастырылады. Контурлы тіреу құралымдары, әдетте, уақытша тіреулерде құрастырылады. Құрастырылғаннан және барлық жабулар мен жабу қондырғылары бетонмен тұтастырылғаннан кейін тіреулерден ажыратылады.

Орталық тіреу шығыршығы бар жағдайда оны уақытша тіреулер ұстап тұратын ірі блоктармен жинақтайды. Ал уақытша тіреу сонымен бір мезгілде түйісулерді жинайтын ванттарды тартып және кейінірек жабуларды ажыратады.

Ғимараттың көлемі тым ауқымды болса, оның түп ортасына құрастырушы кранын әкеп қояды. Алымдылығы үлкен екінші бір кран құрастырылатын жабудың төңірегінен орын алады (7-сурет).

7-сурет. Шатыр типті аспалы жамылғыны құрастыру ұлгісі: 1 - жсбслі кран; 2 - сырткы шыгыршык, ; 3 - жамылгы такта; 4 - орталык тірек; 5 -ванталар көтеретін траверс; 6 - жинакталатын ванта


Мембраналы жабуда тіреу контурын құрастырғаннан кейін мембрана төсенішінің элементтерін, содан жабуды біресе ажыратып, біресе тарта отырып құрастырады (8-сурет). Қаңылтырлар төсеніш элементтеріне пісіру арқылы немесе бұрандалармен бекітіледі. Мембрана қаңылтырлары тіреу контурына салмақтың артық түсуін болдырмайтындай ырғақтылықпен құрастырылады.

Орамы жазылған қаңылтырлар уақытша арқанмен төсеніш элементтеріне бекітіледі. Жобаға сәйкес құрастырылған жабудың дұрыс-бұрыстығы тексеріліп, соңынан түбегейлі бекітіледі. Одан кейін уақытша бекітулер алынып тасталынады.

8-сурет. Эмбебап залдық жамылгы мембранасын құрастыру ұлгісі: 1 -мембрана жапырагының орамасы тұрған станок; 2 - мембрана жапырактары тірелетін тосеніштің элемепттері; 3 - жылжымалы мінбе; 4 - лебедка жиналатын күш арканның жүгірмелі жібі; 5 - станок үстап тұратын карсы салмак; 6 -мүнаралы кран; 7 - тұрактандыру шыгыршыгы; 8 - орталык шыгыршык

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-10-13 14:42:22     Қаралды-2809

Намыс жеңістен де маңызды

...

Бұл оқиға 2012 жылы желтоқсанда болды. Испанияның Наварра провинциясында күшті атлеттер мен тұлғалы жүлделі қордың қатысуымен ірі халықаралық жарыстар болған. Бірақ, бұл сайыстар тарихқа тіпті үздік спорттық жетістіктермен келмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

«Жер-қар кесегі» гипотезасы: ертеректе Жерді мұз жауып тұрған

...

Геофизиктер 2,4 миллиард жыл бұрын Жер бетінің орташа температурасы 40 градус Цельсийдан аспайды деп бір қорытындыға келді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЦУКАТ ҚОСЫЛҒАН ШӘРБӘТ

...

Цукат қосылған помада-кәмпит массасы осылай аталады. Төрт бұрышты. Салмағы 4 килограмнан аспайды. Ылғалдылығы – 10-13 процент.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ҚАЙДА ҚОНЫП ШЫҒАДЫ?

...

Аспандағы Күн ертеден қара кешке дейін жер бетіне сәулесін шашады, жылуын төгеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕНЕЦИЯ - КӨПІРЛЕР ҚАЛАСЫ

...

Италияның солтүстік-шығысындағы қала, Адриат теңізінің жағасында, Венеция облысы мен Венеция провинциясының әкімшілік орталығы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛТЫРАТЫЛҒАН ГРЕК ЖАҢҒАҒЫ

...

Бұл - грек жаңғағының марципанмен желімделіп, карамель массасымен жылтыратылған ортасынан қаққа бөлінген екі жартысынан тұратын кәмпит.

ТОЛЫҒЫРАҚ »