UF

Тақырыбы:   Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту құралдары.

 

1.Қазақ тілінен бастауыш сыныптар үшін жасалған оқу-әдістемелік топтама

2.Қазақ тілін бастауыш мектептерде оқыту әдістері.

                                               

Елімізде болып жатқан іргелі-іргелі өзгерістер мен қайта жаңғырулар оның білім мен тәрбие беру жүйесіне де түбірлі өзгерістер  мен мақсаттар әкелді. Ұлттық білім беру жүйесінің  мақсаттары мен міндеттерін құруда айтулы жаңарулар жүріп жатыр. Білім стандартынын  жасалынуы, төл оқулықтарымыздың дүниеге келуі, мектептерді жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігінде ену мақсатындағы  жұмыстар сол өзгерістің куәсі. 2000 жылғы сәуір айында Декара,Сенегада өткен бүкіл әлемдік форумда  шығармашылық жеке  тұлға қалыптастыру , әр баланың дарынын , талантын ашу, өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, олардың өз өмірлерін жақсартуы қоғамда  өз орнын табуына  ықрал ету мәселелері сөз болды. Бұл маңызды  талаптар мен міндеттерденЕгеменді еліміздің  білім беру жүйесі,  мектептері мен мұғалімдері  тыс қалмақ емес. «Ұлттық курикулизм» деп аталатын жаңа мазмұнды  құжаттың басты бағыты бүкіл әлемдік білім кеңістігіне  енуді мақсат еткен, мектеп-ұстаз- шәкірт-оқулық мәселелерін  тұтас жүйе ретінде  қарастырған. Президент Н.Ә.Назарбаев білім, ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән-мағынасын түсінетін, жаны да, тәні де  таза, білімді патриот-азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің харқын сүюге  тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы»,-деген болатын [ 3]       

2.Жеке тұлғаға  қарай білім мен  тәрбие үрдістерін  жүргізу әлемдік педагогика алдында тұрған мақсат екенін Н.Г..Селевконың зерттеулерінен айқын көруге болады. Ғалым мен жеке тұлға туралы  төмендегідей анықтама береді: «Личность-это психическая духовная сущность человека, выступающая в разнобразных обобщенных системах качеств»    Білім беру жүйесіндегі осындай түбірлі  жаңғырулар ескірген әдіс-тәсілдер емес, жаңа инновациялық технологияны меңгеру, содан іздену арқылы жүзеге асады.

   Білім беру жүйесіндегі  осы түбірлі жаңғырулар тың жолдарды іздеу мақсатын алдыға әкелді. Инновациялық технологиядан іздену-қазіргі оқыту үрдісінің  басты мақсаты. Инновациялық технология туралы В.Н.Кан-Калик, Ф.Н.Гоноболин, М.В.Кларин.  Л.М.Фридман,  Л.С: Выготский,  П.И.Пидкасистый,  В.Монохов, Т.И. Шамова, О.Г.Хомерики, Ю.К. Бабанский, М.М.Поташник, В.П.Бесполько, С.А. Смирнов, К.Ангеловский, В.Шепель, И.Г.Зайнышев, с.Н.Данакин,  қазақстандық ғалымдар Қ.Қ. Қабдықайыров, Ш.Т. Таубаева, Б.Р.Айтмамберова, Н.а. Әбішов, Г.Құдайбергенова, б.Әбдікәрімұлы, Ж.Қараев сынды ғалымдардың  ізденістері баршылық. Латын тілінен аударғанда  «жаңадан бастау», «жаңарту», «өзгерту» деген мағынаны  білдіретін педагогикалық инновацияның басты бергілерін былай  тұжырымдауға болады:

      -оқыту үрдісінде жүзеге  асатын келелі педагогикалық мәселені шешуге бағытталады;

     - педагогикалық жаңаландыру бұл мәселердің жаңа шешімін ұсынады;

     - педагогикалық жаңаландыру-жаңа  нәтижелерге, педагогикалық үрдістердің  жаңғыруына қол жеткізеді.

     Инновациялық туралы Отандық, әлемдік ғалымдар пікірі қазақ тілін оқыту, тіл дамыту үрдісіне жинақталған әдіс-тәсілдерді жаңалауды, оның тың жолдарынан ізденуді, білім бетуді мүлдем жаңаландыру, жандандырудың негізгі жолдарына  бағын береді.

      «Технология» грек сөзі. Техно- өнерпаздық, шеберлік, logoілім деген мағынаны  білдіреді. Педегогика тіліне аударсақ, педагогикалық шеберлік, өнерпаздық, іскерлік  деген ұғымға келіп саяды. Ғалымдар оның өндірістен келген сөз екенін айтады. «Технология» туралы қазір 300-дей анықтама бар. Мұның өзі, яғни, ғалымдардың бір пікірге келе алмауы, ұстаздар қауымына  кейбір түсінбеушілікті әкеліп, оның тәжірибеде кеңінен қанат жаюына ықпалын тигізуде.

Ұсынылатын әдебиеттер.

  1. Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі. -А., 1999.
  2. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.
  3. Рахметова С, Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі. -А.,1998.
  4. Уәйісова Ғ., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі.- А., 1999.
  1. Народное образование, 1998 – 58 с.
  2. Ясвин В.А. Образовательная среда: от моделирования к проектированию. М., - 1997
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-19 19:56:59     Қаралды-5051

Неге қамшы сондай қатты дыбыс шығарады?

...

Қамшының «дыбысы» қамшының ұшы дыбыс жылдамдығының тез қозғалуынан пайда болады, ол аз ғана дыбыстық соққыны құрайды. 1958 жылы бұл дерек 1927 жылы жасалған жоғары жылдамдықтағы көлеңкедегі бірнеше суреттерге талдау жасаған кезде расталған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ ПЕЧЕНЬЕСІ

...

Кастрюльге қант, ұнтақталған жаңғақ және жұмыртқаның сары уызы салынып араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

РЕГБИ СПОРТ ОЙЫНЫ

...

Регби спорты - футбол ойынымен бір күнде бір жылда дүнеге келген спорт.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОСМОНАВТҚА СКАФАНДР НЕГЕ ҚАЖЕТ?

...

Мінеки, ғарыш кеме ұшатын жерге автобус келіп тоқтайды. Одан түсіп жатқан ғарышкерді бірден танисың: кигендері – скафандр, ғарышқа ұшуға лайықталған арнаулы киім.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚТАРДА ЕҢ КӨНЕ ДІННІҢ БІР ТҮРІ

...

Адамзат баласының тарихында алғашқы қауымдық құрылыстан басталатын ең көне діннің бір түрі шаманизм екені белгілі. Шаман діні қазақ арасында небір азулы діннің түрлерімен, небір аққаптал саяси ағымдармен жағаласа жүріп XX ғасырдың басына дейін жетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДИНА НҰРПЕЙІСОВА

...

Дина Нүрпейісова (1861-1955) - Құрманғазының талантты шәкірттерінің бірі және дәулескер күйші-сазгер. Ол Батыс Қазақстан облысындағы «Бекетай құм» деген жерде дүниеге келген. Тоғыз жасынан домбыра тартқан. Динаның 1870 жылы Құрманғазымен кездесуі өнерге д

ТОЛЫҒЫРАҚ »