UF

ГЕНЕТИКАЛЫҚ ХАБАР. Организмнің хромосома, цитоплазма, клетка органеллаларында болатын және ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, тұқым қуалайтын қасиеті. Ол қасиет гендер жиынтығының информациясы, организмді құрастырушы заттардың (белоктар мен нуклеин қышқылдарының) құрамы, құрылысы және зат алмасу ерекшелігі түрінде ата-бабада болады да, кейінгі ұрпаққа беріледі. Жоғары сатыдағы көп клеткалы организмдерде Генетикалық хабар ұрпақтан-ұрпаққа жыныс клеткалары арқылы беріледі. Генетикалық хабар жыныс клеткасының хромосомаларында дозоксирибонуклеин қышқылдары (ДНК) молекулаларындагы нуклеотидтердің белгілі тізбегі түрінде болады. Генетикалық хабар онтогенез кезінде геннен белгілерге ауысады.

Организмнің барлық клеткалары бастапқы бір клетканың - зиготаның бөлінуі нәтижесінде пайда болады, яғни олардағы гендер жиынтығы да генетикалық хабар да бірдей. Организмдегі әр тұрлі тканьдер клеткаларының өзіне тән ерекшелігі олардағы гендер әрекетіне байланысты, өйткені онда гендердің осы тканьнің қызметіне қажетті бөлігі ғана әрекет жасайды.

Әдеб.: Қазақ совет энциклопедиясы. -Алматы, 1975 ж. -Т.1. -С.63.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2021-07-22 12:18:33     Қаралды-436

ЖИДЕНІҢ ІШІ АУЫРҒАНДА ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ

...

Жиденің жемісін тамаққа пайдаланады. Химиялық құрамы: сабағының, бұтағынын; құрамында илік және бояу заттары бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАДАМ - ЖҮРЕККЕ ЖАҚСЫ

...

Бадам – онша биік емес, жоғарғы жағы жайыла өскен ағаш. Жапырақтары сопақша, шеттері ара тісті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЕКЕР-ШҮРЕК

...

Бұл - тоқаш қамырынан жасалып, үстіне қант ұлпасы себілген, үгіліп тұратын дөңгелек печенье (құырма).

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДІҢ СЕРІГІ - АҢЫЗ АЙ

...

Біздің планетамыздың бірден-бір табиғи серігі. Ол Жерден 4 есе кіші, 6 есе жеңіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АДАМНЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ ҚАСИЕТТЕРІ

...

Арамзалық - арамдығы жоғары, ниеті жаман адамның қасиеті. Арамза адам өзгелерді алдасам, олардан пайда тапсам деген ниетпен жүреді. Алайда өзгеге жамандық ойлаған адамның өзінде еш уақытта жақсылық болмайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫ

...

Тоғызқұмалақ шахмат, дойбы, нард, калах тағы басқа ойындар секілді арнаулы тақтада ойналады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »