UF

ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ ӨМІРІ, САЯХАТТАРЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ

 

Шоқан заманының жан-жақты білгір ғалымы, батыл саяхатшысы. Қазақтың  тарих, этнографиясын, әдебиетін тұңғыш зерттеуші. Ол қазақ пен қырғыздың әдебиет теориясы, фольклоры туралы алғаш пікір  айтушы және зерттеуші. Шоқан қазақтың демократияшыл сынын бастаушы, ілгерішіл дәстүр  мен  әдебиеттану ғылымын негіздеуші, публицист жазушы. Ол қазақ әдебиеті мен мәдениетін орыс жұртшылығына алғаш танытушы. 1835 жылы қазіргі Құсмұрын бекеті дүниеге келуі. Жастық шағы – атамекені Сырымбетте өтті. Шоқанның шыққан ортасы – қазақтың хан-сұлтан төре тобы. Әкесі Шыңғыс Омск әскери училищесін бітірген. Орысша сауатты офицерлік шені бар (полковник). Арғы аталары – Абылайхан.

Шоқан әуелі ауыланда ескіше хат тануы, 10 жасында Омск кадет корпусына кіреді.

Оқытушылардың назарын өзіне аударуы (Костылеций, Гонцевский). Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Крылов т.б. шығармаларымен жан-жақты танысады. Досы – Потанин.

Кадет корпусын өте жақсы бітіреді (1853). Шоқанның ерекше қабілеттері болған. Оған оқытушыларының, замандастарының болашақ ғалым, зерттеуші деп қарады. Қоғамдық істерге араласуы. 1856 жылы экспедицияда қатынасуы. 1858 жылы Қашқарияда болды. С.Тян-Шанскиймен танысады.

1859 жылы жаз, күз айларында Қашқар – Алтышар өлкесі саяхатының материалдарын сұрыптайды да, 1860 жыл басында Петербургқа аттанады. 1861 жылы ауылда емделіп, 1863 жылы Омскіге келеді. 1864 жылы жазды Жетісуға, одан Верныйға келеді. 1865 жылы төсек тартып жатып қалуы. Алтынемел станциясының маңына жерленуі.

Шоқан қоғам қайраткері.

Ол ағартушы демократ. Қазақ халқының ағартушылыққа мұқтаж екендігін түсініп, мектеп ашуды талап етті.

Шоқанның достасып, пікірлескендері қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, озық ойлы ғалым профессорлар, демократтар болды.

Саяхатшылар мен ғалымдардың еңбектерін, күнделікті жаңалықтар мен дүние жүзі әдебиетін жақсы біледі, жете меңгерді. Н.Г.Черношевскиймен кездесіп пікірлесті.

Шоқанның еңбектері:

Көлемділері: «Абылай», «Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары», «Елдегі мұсылманшылық туралы», «Қырғыздар туралы қолжазбалар», «Қазақтың ертедегі қару-жарақтары», «Жоңғария очерктері», «Қазақ шежірелері», «Жамия – ат таорихтан», «Алтышаһардың хал-жайы», «Сібір тарихтан хаттар», «Көкетай ханның өлімі»,  «Сібірге қрайтын қазақтардың сот құрылысын өзгерту туралы», «Құлжа күнделіктері» т.б.

Шоқан қол жазбалары 1904 жылы баспадан шығады. 1944 жылы мақалалары мен хаттары-2 тілде басылды. 1958 жылы 1 тлмдық соң, 5 томдың, 1978 жылы қазақ тілінде 1 томдық, 1980 жылы таңдамалысы жарыққа шықты.

Шоқанның 5 томдығы қазіргі қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетін кең сөз еткен таңдамалылар қатарынан орын алды.

Ғалымның әдеби зерттеу еңбектенін үшке бөлеміз. Ауыз әдебиетін жинауы: «Абылаймен оның батырлары туралы аңыз», «Ұлы жүз қазақтарының ертедегі аңыздары». Жанақ, Түбек, Орынбай, Бұхар, Шал, Шөже ақындар туралы және ақындық өнер, өлең жөніндегі пікірлері үлкен мәселе.

Шоқанның әдебиет тарихы туралы түсінігі терең болды.

Шоқан өлең туралы алғаш пікір айтушы: Қазақ өлеңдерін жыр, жоқтау-толғау, қайым өлең, қара өлең,өлең деп беске бөледі.

Шоқан талапты публицист. Табиғатты, адам портретін суреттеудегі өзінің үздік шеберлігін танытты.

 

Пайдаланылатын әдебиеттер:

 

1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991

2. Жұмалиев Қ. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы, 1967

3. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиеті тарихы. Алматы, 1994

4. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті тарихы. Алматы, 1997

5. Марғұлан Ә. Шоқан және «Манас». Алмты, 1971

6. Сүйіншәлиев Х. XIX ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992

7. Мұхтарұлы С. Шоқан және өнер. Алматы, 1987

8. Сәтпаева Ш. Шоқан -  фольклортанушы. Алматы, 1987

9. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. Алматы, 1985

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-15 20:43:18     Қаралды-82891

Сонымен түйме не үшін қажет?

...

Пиджактың ең астындағы түймесін этикетке сәйкес түймелемеуді барлығы біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ХАҚНАЗАР ХАН

...

Хақназар, Ақназар (шамамен 1510/20-1580 жж.) - қазақ халқын біріктіруге, мемлекеттігін нығайтуға айрықша еңбек сіңірген мемлекет қайраткері, қолбасшы, Қасым ханның кіші ұлы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАБ ӘЛІПБИІ ЖӘНЕ «ТӨТЕ ЖАЗУ»

...

Ислам мәдениетінің таралуына байланысты көптеген түркі халықтары араб әліпбиін сайдалана бастаған. Соның ішінде қазақ халқы да сан ғасыр бойы араб әліпбиін пайдаланып келді. Қазақ жазба мұраларының көпшілігі араб әліпбиі арқылы біздің заманымызға жетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АПТАДАҒЫ КҮНДЕРДІҢ ТАРИХИ ҚАЛЫПТАСҚАН АТАУЛАРЫ

...

Қазіргі күн аттары төмендегі ретімен қолданылады; дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛАШ ПАРТИЯСЫ

...

Алаш партиясы - казақ халқының тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы (1917-1920 жж.). Алаш партиясын кұру жөніндегі мәселе 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында I Жалпықазақ съезінде талқыланды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЖЫ - ТІЛ ҮЙІРЕР ДӘМДІ АС

...

Жаңа сойылған малдың іш майы, өкпе–бауыр, ішек–қарны, етті мүшелегенде түскен кесінді еттер ұсақтап туралады (қазіргі кезде ет тарқыштан өткізіледі).

ТОЛЫҒЫРАҚ »