UF

САУЫР-ТАРБАҒАТАЙ

 

 

Жер бедері мен геологиялық құрылысы. Сауыр-Тарбағатай Сауыр Маңырак, тау жотасымен жалғасып жатыр. Ұзындығы 110 км, биік нүктесі Мұзтау, ең биік жері 3816 м, мемлекеттік шекараның сыртында орналасқан. Тарбағай Сауырдың батысында. Ұзындығы - 300, ені 30-50 км. Ең биік шыңы - Тастау, оның абсолют биіктігі 2992 м. Тарбағатайдағы тау беткейлерінің 50-100, 500-1000 м салыстырмалы биіктіктерінде сатыланған жазықтар қалыптасқан. Түзілу жолдарын түсіндіріңдер. Геологиялық құрылысы Алтай тауларына ұқсас. Қандай жыныстардан түзілгендігін атаңдар. Зайсан жазығының беткі қабаттары кайнозой эрасының континентті, көлтабанды шөгінділерінен тұрады. Қойнауында көмір, жанғыш тақтатас бар. Сонымен бірге мұнайлы қабаттың көзі ашылды. Сауыр-Тарбағатай тауларының тектоникалық құрылымы өте күрделі. Сауыр тау жотасы қатпарлы-жақпарлы блоктан тұрады. Тарбағатай таулары батысында екі айрықты антиклинория болып келеді, шығысында тұтас блок құрайды. Неотектоникалық көтерілу тоқталмаған. Соған орай 5-6 баллдық жер сілкінулер болып тұрады. Апатты зілзалалы жер сілкіну 1990 жылдың маусым айында тұрғындарды күйзелтіп кетті.

Климаты, өзендері. Климаты биіктік белдеулік фактордың әсеріне байланысты қалыптасқан, тау етегінде, Зайсан маңы жазығында құрғақ континентті. Орташа жылдық жауын-шашындары 120-180 мм. Тау беткейлеріне көтерілген сайын ылғалдылық артып, ауа температурасы кемиді. Тау басында ол таулы тундралық климатқа дейін өзгерген. Өзендері онша үлкен емес. Ірілерінен Бұғаз, Базар, Қандысу, Кендірлік өзендерін атауға болады. Қазір олардың сағасы Зайсан көліне жетпейді, атырауы құрғап қалған.

Сауыр-Тарбағатай тауларындағы ландшафттардың биіктік белдеуі шөл зонасынан басталады. Онда сұр түсті шөл топырақ, тақырлар, сорлар, сортаңдар жиі кездеседі. Өзен атыраулары мен өңірлерінде шалғынды топырақ пен құмды шалғындар тараған. Өсімдік жамылғылары сораңды, жусанды. Шабындықты шалғындар, шеңгелді бұталар өскен. Шөл зона онша жақсы игерілмеген. Зайсан қаласы маңында Үйдене мен Кендірлік суғару-суландыру жүйесінің іске қосылуына байланысты дәнді дақылдар егістіктері орналасқан. Шөлдерді шөлейт зонасы алмастырады. Оның жоғарғы шекарасы тау беткейлерінің 900-1100 м биіктіктеріне дейін көтерілген. Шөлейт мал жайылымы ретінде пайдаланылады. Егістік жерлері де бар. Шілікті тау іші жазығында суармалы егіс танаптарынан тұрақты өнім алынады. Шөлейт зонасының үстінде дала зонасы орналасқан. Ол 1900-2200 м биіктікпен шектеледі. Дала зонасында дала ландшафттарымен қатар шалғынды өсімдіктер де бар. Тау жазықтары мен тау беткейлерінін, тегістеу жерлерінде егістіктер орналасқан. 2500-2600 м биіктікке дейінгі тау беткейлерінде, климаттың ылғалдануына байланысты, шалғынды дала мен шалғынды орман зонасы орналасқан. 2500-2600 м биіктіктен жоғары биік таулы белдеу басталады. Ландшафт құрылымы альпілік шалғындардан, таулы тундрадан, жалаңаш тасты тау төбелерінен және омбы қарлар мен мұздықтардан тұрады. Альпілік шалғындар жаз айларында мал жайылымына қолайлы.

 

Әдебиет: Қазақстанның физикалық географиясы. -Алматы, 1985. -193 б.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2021-05-04 14:02:51     Қаралды-7998

ҚИМАҚТАР

...

Қимақтар - түркі тілдес тайпалар. Жазба деректерде қимақтар туралы VII ғасырдың басынан белгілі. Олар Батыс Моңғолиядан Шығыс Қазақстанға көшіп, қимақтар одағын құрған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ГҮЛ ҚАНДАЙ?

...

Суматра және Калимантан аралдарында таңғажайып өсімдік өседі - Арнольд раффлезиясы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МОНУМЕНТТІК БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

...

Белгілі бір архитектуралық құрылысты ішкі жағынан не сыртңы жағынан безендіріп тұратын орасан зор көлемді шығармаларды монументтік бейнелеу өнері туындысына жатқызамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ИТМҰРЫННІҢ АДАМҒА ПАЙДАСЫ ЗОР

...

Итмұрын жемісін консервіленген күйінде қолданады және одан витамин препаратын жасайды. Медицинада итмұрынды поливитамин ретінде, диеталық сусын және қайнатып алған суын экстрактар, сироп ретінде пайдаланады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ СУ ІШЕМІЗ?

...

Өйткені сусыз өмір сүре алмайсың.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨКПАР

...

Көкпар - атқа мінген топ жігіттердің қатысуымен өтетін ойын. Ойынды бастау үшін көкпаршылар белгіленген сызықтың бойына қатар түзеп тұрады. Сызықтан 50-60 адымдай жерге көкпар тасталынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »