UF

НЕЛІКТЕН СТАКАН СЫҢҒЫРЛАП, МАСА ЫЗЫҢДАЙДЫ, АРА ГУІЛДЕЙДІ?

Категориясы: Ғылым


Шынында да, стаканға қасық ақырын ғана тиіп кетсе, дереу зың ете түседі. Неге зыңылдайды? Ол зыңыл қайдан шықты?

Бұның құпиясы оңай: қасық соғылғанда, стакан әйнегі болмашы ғана дірілдей бастайды. Сол сәтте стаканның айналасындағы ауа да дірілдеп, толқи жөнеледі. Ауаның дірілі біздің құлағымызға жетеді де, біз «зың» еткен дыбысты естиміз.

Дыбыс дегеніміз - ауаның дірілдеуі, толқуы, өзге ештеме емес. Ауа жоқ жерде дыбыс тумайды. Сондықтан Ай бетінде тұрып стаканды қасықпен соқсаң, яки тіпті қоңырау қақсаң да, «зыңылдаған» да, «даңғырлаған» да, ешқандай да дыбыс шықпақ емес. Айда ауа жоқ қой.

Стакан әйнегінің дірілдегені көзге көрінбейді. Оның есесіне, егер гитардың жуан ішегін қаттырақ түртсең, ішек қосарланғандай болып оның дірілдегені өте жақсы байқалады.

Міне, терезеден... бір жұмбақ жәндік ұшып кірді де, құлағыңның түбінен ызыңдай жөнелді: «ұшса - ызыңдайды, қонса - тым-тырыс». Бұл не? Әрине, маса. Бірақ біз жұмбақты түгел шешкеніміз жоқ. Біз әлі неліктен бұл маса ұшып жүргенде ғана ызыңдап, қонса - үнсіз қалатынын анықтауымыз керек.

Бар гәп - оның қанатында. Маса ұшқанда, оның қанаты дірілдей толқитыны әрі өте тез дірілдейтіні сонша, дыбыс шығарады. Ол дыбыс өте жіңішке, өйткені маса қанатын тым тез қағады. Оған қарағанда шыбын қанатын баяу серпиді, сондықтан оның үні жуандау. Ал араның даусы тіпті жуан - ол гуілдейді. Мұның себебі - жабайы ара қанаттарын одан да баяулау қағады (демек, ауаны баяу толқытады).

  Жарияланған-2016-09-04 13:01:00     Қаралды-6530

Мәлімет сізге көмек берді ма

БҮЛДІРГЕН ПЮРЕСІ ҚОСЫЛҒАН КҮРІШ

...

Тазартылып, жуылған күріш суға салынады. Ол шала пісіріледі де сүт құйылып, әбден қайнатылады. Үстіне сарымай салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚОРТПА

...

Бекіре тұқымдастардың ішіндегі өте ірісі - қортпа. Қортпаның (белуга) ұзындығы 4 м-ден астам, салмағы – 1-1,5 тоннаға дейін барады. Бірақ Каспий теңізінде аулағанда көбіне ауға салмағы 46-64 кг келетін қортпалар түседі. Терісі сауыт тәрізді келеді. Денесі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР НЕГЕ СІЛКЕНЕДІ?

...

Жер сілкіну болғанда жер гуілдеп, шытынап, дірілдей бастайды. Телеграф бағандары құлап, поездар ойыншықтай аударылып, үйлер қирап, тұтас көшелер жер астына түсіп кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУДЫҢ ТАСУЫ МЕН ҚАЙТУЫ НЕЛІКТЕН БОЛАДЫ?

...

Мұхит тәулігіне екі рет шарасынан көтеріліп, сол сияқты бірте-бірте кері қайтады. Су қайтқан кезде балалар құмқайрақты жағамен рахаттана жүгіріп, оның түбінен әдемі ұлу қабыршағын, теңіз жұлдызын жинайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТӘУЕКЕЛ ХАН

...

Тәуекел хан (т.ж.б. - 1598 ж.) Қазақ хандығын құрушы Жәнібек ханның ұрпағы болып келеді. Ол - Хақназар ханнан соң аз ғана уақыт хан болған Шығай ханның ұлы. Тәуекел он жылдан астам (1586-98 жж.) хан тағында отырды. Оның билігі кезінде Қазақ хандығы Сібір

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕМПЕРА ДЕГЕН НЕ?

...

Бұл сөз бояудың атын да, сол бояумен салынған шығарманы да бірдей білдіреді. Темпера дайындалу әдісіне байланысты үш түрге бөлінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »