UF

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА ТАРИХЫНАН

Категориясы: Спорт


Адам баласының өміріне үнемі жалғас болатын жеңіл атлетиканың негізгі үш түрі бар. Олар: жүгіру, секіру және лақтыру өнері. Археолог ғалымдар Эгей теңізіндегі Самофракия аралынан доп лақтырып тұрған спортшы бейнеленген сурет тапқан. Оның жасалынуы біздің эрамызға дейінгі 2500 жылы екен. Алғашқы олимпиададағы бағдарламаға 192,27 м қашықтыққа жүгіру ғана кіріпті. Бұл жүгіру грекше «садиодром» деп аталған. ХІV олимпиада (біздің эрамызға дейінгі 724 жыл) жүгірушілер «диаулосе», яғни, екі «стадиялық» аралыққа жүгірген, одан кейінгі аралық «долиходром», яғни 24 стадия, бұл шамамен 5000 метрлік қашықтық. Осы кезеңдердегі олимпиадаға қатынасушылар көп сайысқа түскен, бұл жарыс бағдарламасы «пентатлон» деп аталған, олар: жугіру, ұзындыққа секіру, лақтыру, диск серпу және күрес спорт түрлері.

Ал шотландиялықтар 1508 жылдан бастап спорттық жүгіруден жарыс өткізіп келеді, мұны елде «Қызыл тапочка» деп атайды. Алғашқы рекорд 1665 жылы тіркеліпті, оның иесі ағылшын атлеті сэр Арчибальд Гловер. Ол бір мильдық аралықты 4 м. 58 сек. жүгіріп өткен.

Ұзындыққа секіруден алғашқы дүниежүзілік рекордты жеңіл атлетика спорты тарихында бірінші рет 1760 жылы 28 жастағы полковник, Американың болашақ бірінші президенті Джордж Вашингтон жасаған. Оның көрсеткіші 6 метр 78 см. Жеңіл атлетика тарихын зерттеушілердің тұжырымдауы бойынша қазіргі жеңіл атлетиканың тарихы 1837 жылдан басталады екен, дәл осы жылы Англияның Регби қаласындағы колледж оқушылары 2 шақырым аралыққа жугіріп жарысыпты. Ал командалық жеңіл атлетикалық жарыстың негізін салушылар Англиядағы Оксфорд пен Кембридж университетінің студенттері, бұл 1865 жылдың күзі болатын.

Халықаралық жеңіл атлеттер федерациясы (ИААФ) 1912 жылы ұйымдастырылған, қазір оның 160-қа жуық мүшемемлекеттерібар.

Жеңіл атлетиканың тарихы әріден басталатынын біз жоғарыда айтып өттік, бірақ дүниежүзінің біріншілігі тек1983 жылы ғана еткізілді. Жеңіл атлетикалық көрсеткіштердің кенеттен өсуі Мехико қаласында өткен олимпиадалық ойындардан басталды, бұл ойынға қатынасушылар стадион жолына төселген жаңа жасанды төсеніш үстінде өнер көрсетті, бұл әйгілі тартан жолы еді. Міне, осы жолда дүние жүзінде 20 жылдан астам өмір сұрген екі дүние жүзінің рекорда дүниеге келді. Олар: ұзындыққа секіру мен таяумен биіктікке секіру рекордсмендері Боб Бимон мен Виктор Санеевтар болатын.

Өте ұзақ қашықтыққа жүгіріп бәсекелесу ХVІІІ ғасырдан басталған, мысалы, 1777 жылы ағылшын азаматы Пауэлл 24 сағат бойы 180 шақырымдақ аралықта жүгіріп өтіпті. Бұл Лондон мен Кентербери қаласының ара қашықтығы екен. Жеңіл атлетикатарихында қысқа аралыққа жүгіру сәтін тізе бүгіп отырудан бастаған американдық Т. Бэрк, ол I олимпиаданың чемпионы атағын жеңіп алған, қазір бұл дәстүр әлі де жалғасуда. Жеңіл атлетикалық жұгіру жаттығуындағы ең ұзақ аралық 42 км. 195 м. Бұл қашықтық Марафондық жүгіру деп аталады, грек әскерінің қолбасшысы Мильтиаданың бұйрығымен жауынгер Филлиппид Марафон қаласынан Афинаға жүгіріп барып жеңісті хабарлаған, міне, оның бұл сұйіншісіне Марафон жүгірісі дүниеге келді. Алғашқы рет олимпиадада чемпиоиы болған американдық Джон Хейес, бұл 1908 жыл болатын. Дүниежүзіндегі марафоншылардың ішіндегі ең қайталанбас тұлға эфиопиялық спортшы Абебе Бикилу,ол екі рет 1960, 1964 жылдарда еткен олимпиада чемпионы.

Марафондық қашықтыққа жүгіру тек ерлер емес, әйелдер тек қыздар арасында да кеңінен етек алып келеді. 1980 жылдарда австралиялық 13 жасар Моника Фриш өз бәсекелестерін жеңіп, Австрия чемпионы атанды. Ол әр аптада 30-40 шақырым жерге жүгіреді екен. Жеңіл атлетикалық олимпиада бағдарламасына кірген негізгі жеңіл атлетикалық жаттығулар: спорттық жүріс 30-50 шақырымдық аралықтар, көпсайыс, ерлер үшін 100, 400, 1500 м жүгіру, 110 м кедергілерден өтіп жүгіру, таяу арқылы ұзындыққа, биіктікке секіру, ядро серпу, диск пен найза лақтыру. Әйелдер - 200, 800 метрге жүгіру,100 м кедергілерден жүгіріп өту, ұзындық пен биіктікке секіру, ядро серпу, найза лақтыру. Бұлардан басқа - секірулер, таяулармен биіктіктен секіру, үш рет қадамдап секіру, лақтырулар - диска, ядро, кайза. Алғашқы рет 2 метр 41 см биіктіктен секіріп өткен спортшы Игорь Панкин. Қазақ топырағында туған Р.Қосанов пек А.Тұяқов - алғашқы олимпиада жүлдегері болған спорт қаһармандары.

Гиннестін рекордтар кітабына төрт рет тіркелгенмарафоншы бауырымыз Марат Жыланбаев Қарақұм шөлінжалғыз өзі кезіп өтті, бұл 1995 жылдаң сәуір айы болатын.

Қазақстан Егемендігі Ел ретінде өз байрағын көтеріп, 1996 жылғы «Атланта-96» олимпиадасына жүзге жуық спортшылар қатысты, соның 14-15-тейі жеңіл атлеттер. Қазақ спорты тарихында біздің жеңіл атлеттеріміз үш алтын, екі күміс, үш қола медаль алып абыроймен оралыпты. «Жеңіл атлетиканы» спорт падишасы деп әлемнің ең көрнекті спорт мамандары тегін айтып жүрген жоқ. Мәселен, марафон мен спорттық жүріс стадионнан басталып, соған келіп аяқталады. Қалған түрлері орталық стадионның кең төрінде өтеді. Жеңіл атлетикакын, тарам-тарам түрлері көп. Олимпиада ойындарында сарапқа салынатын медальдардың көбі спорттың осы түрінін еншісіне тиеді. Қазіргі Қазақстан жеңіл атлеттерінің еңсесі биік, олардаң ішінен 1995 жылы 35 спортшы әлемдік үлгідегі биіктіктен көрініпті. Бұл олимпиада ойындарына қатысатын 197 елдің ішінде Қазақстан майталмандары ортан қолдай деңгейде тұр деген сөз. Қазақстан жеңіл атлетика спортының танымал тарландарының бірі, республика ұлттық командасының бас жаттықтырушысы Әмин Тұяқов мырза.

Әмин Елемесұлы - 1937 жылы Атырау облысында дүниеге келген перзент. Спортқа еңбегі сіңген шебер. 1962, 1965, 1966, 1967 жылдар арасында 200 метрлік қысқа аралыққа жүгіруден ҚСРО чемпионы. 1966 жылғы Европа біріншілігінің жүлдегері, 1962-1967 жылдар арасында ҚСРО құрама командасының мүшесі.

Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.

  Жарияланған-2019-06-27 13:49:53     Қаралды-21984

Мәлімет сізге көмек берді ма

БАДАМ ПЕЧЕНЬЕСІ

...

Бадам іріктеліп алынып, жуылады, жылы жерге қойып аздап кептіріп, рецепте көзделген құм шекердің жартысымен, жұмыртқа ақ уызының төрттен бірімен араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЧУРЧХЕЛА

...

Чурчхеланың ішіне тек грек жаңғағы дәнінің тең жартысы ғана пайдаланылады. Сондықтан грек жаңғағы мұқият іріктеліп, сұрыпталып, қоспалардан, сынып қалған дәндерінен тазартылады. Жаңғақтың жарты дәні ине-жіппен, жіпті қосып есептегендегі салмағы 50-55 грам

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҰЗДЫҒЫ КЕЛІССЕ - АС ДӘМДІ

...

Тұздық тағамға әр, нәр, сондай-ақ қышқыл дәм мен хош иіс береді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҮКЖИДЕКТЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Мүкжидектің құрамында қант көп, лимон, бензой және хинин қышқылдары, пектин заттары, бояу заттары, С витамині бар. Халықтық медицинада - мүкжидек экстракты, сиробы, шырыны безгек ауруларымен ауырған адамның температурасын төмендетуге, құрқұлақ ауруын емде

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ ШҰЖЫҚТАРЫ

...

Грек жаңғағының мықты-мықты жарты дәндері іріктеліп алынып, бір тәулік бойы салқын суға салып қойылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТОҒЫМ ХАН

...

Тоғым хан да - Жәнібек ханның ұрпағы. Жәнібектің тоғызыншы ұлы Жәдік сұлтанның баласы. Тоғым хан елдің орталығында, оңтүстігінде билік кұрады. Сырдария өзені бойындағы қалалар Тоғым ханға қарайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »