UF

ЧУРЧХЕЛА

Категориясы: Тағам


Диаметрі 35-40 мм келетін, ұзындығы 250-260 мм түтікше формалы тағамды чурчхела дейді. Сыртында сілікпе массасымен қапталған қабығы болады. Ішіне грек жаңғағы салынады.

Чурчхеланың ішіне тек грек жаңғағы дәнінің тең жартысы ғана пайдаланылады. Сондықтан грек жаңғағы мұқият іріктеліп, сұрыпталып, қоспалардан, сынып қалған дәндерінен тазартылады. Жаңғақтың жарты дәні ине-жіппен, жіпті қосып есептегендегі салмағы 50-55 грамм болатындай етіп тізіледі. Жіптің бос ұшы металл ырғаққа ілінеді. Жіпке тізілген жарты жаңғақтар түзулеп қатарластырылып, жіптің ырғаққа ілінген ұшы астаушаның шетінен салбырап тұратындай етіп салынады. Бұл жағдай чурчхела дайындау жұмысын тездетуге мүмкіндік береді.

Агар-агар алдын ала суға салынып жібітіледі. Тағам шикізаты қайнатылатын қазанға су құйылып, суға салып жібітілген агар-агар сонда салынады да, аздап жылтылады. Сөйтіп агар-агар бөктіріледі, бұдан кейін қазанға құмшекер мен маис крахмалы да салынады. Крахмал алдын ала салқын суға ертілуге тиіс. Бұл массалардың үстіне сонымен қатар сірне де қосылады. Осы қоспа үзбей араластырыла отырып, 8-10 минуттай қыздырылады. Содан соң қазандағы массаның тең жартысы құйылып алынып, былайырақ қойылады. Ал қазанда қалған бөлігі температурасы 100-108 градусқа және дайындалған массаның ылғалдылығы 19-20 процентке жеткенше тағы да 30-40 минут қайнатылады. Ыстық масса 70-80 градусқа дейін салқындатылып, оған рецепте көрсетілген ванилин мен ром эссенциясының жартысы қосылып, мұқият араластырылады.

Чурчхела екі бөліп дайындалады. Әзірленген сілікпесі бар қазан ағаш тұғырға қондырылады. Ол тұғырға қазаннан 0,5 метр биіктікте жартылай домалақ көлденең рейка орнатылады. Ыстық массасы бар қазанға жіпке тізілген жаңғақ малып алынып, ырғақ арқылы көлденең ағашқа іліп қойылады. Артық масса қазанға ағып болған соң жіпке тізілген жаңғақты ілетін түйреуіштері бар сөреге іліп, цех температурасында 1,5-2,0 сағат бойы кептіріледі. Кеуіп болуына 40-50 минут қалғанда массаның екінші бөлігі ылғалдылығы 19-20 процентке жеткенше қайнатылады. Желім-шырын 70-80 градусқа дейін салқындағанда оған рецепт бойынша тиісті ром эссенциясы мен ванилиннің екінші жартысы қосылады. Ерітінді мұқият араластырылып, оған жоғарыда келтірілген әдіспен жіпке тізілген жаңғақ қайтара малып алынады. Содан соң жартылай фабрикат сөреге ілініп, цех температурасында 45-60 минут бойы кептіріледі де, ұнға аунатып алынады. Ұнға аунатылған чурчхеланы кептіру үшін шамамен бір тәулік бойы қайтадан сөрелерге іліп қою керек. Ылғалдың сілікпе қабатынан буға айналуы қиынға соғатындықтан кептіру мерзімі де осылай ұзаққа созылады.

Кептіріп болған соң чурчхела сөреден алынып, екі ұшы қайшымен қиып тасталады да, ағаш жәшіктерге салынады.

Жәшіктің түбіне қағаз төселеді де қант ұлпасы себіліп, үстіне бір қабат етіп чурчхела салынады. Ол қағазбен жабылып тағы да қант ұлпасы себіледі. Содан соң чурчхеланың келесі қабаты салынады. Бұл процесс осылайша қайталана береді. Жәшіктегі дайын чурчхеланың салмағы 3-4 килограмнан аспауы тиіс.

Дайын өнімді температурасы 15-18 градус және ауасының салыстырмалы ылғалдылығы 60-75 процент жерде сақтау керек. Мұндай жағдайда чурчхела 15-20 күн сақталады.

  Жарияланған-2016-02-29 16:57:30     Қаралды-2568

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖОРҒА ЖАРЫС

...

Жорға жарыс - қазақтармен қатар туысқан Орта Азия халықтарының арасында да кең тараған ұлттық спорт ойыны.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШӨЛ ДАЛА – ТҰЛДЫР ДАЛА МА?

...

Ең үлкен шөл далалар - Азиядағы Гоби мен Африкадағы Сахара. Ал бізде - Қарақұм.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮҢГУІР ҚАЙЫҚТЫҢ ІШІНДЕ НЕ БАР?

...

Суға кез келген әйнек сынығын тастап көр - ол су түбіне шым батып жоғалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАППАЙ ЗАҚЫМДАУШЬІ ҚАРУ

...

Жаппай зақымдаушы қару - адамдар мен хайуанаттардың арасында жаппай шығып тудыратын үлкен зақымдаушы күшке ие.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »