UF

ҚАҒАЗ ТАРИХЫ

Категориясы: Өнер


Адамдар қазір біз жазып, сурет салып жүрген қағаз табылғанша қаншама нәрсенің бетін шимайламады десеңізші.

Ежелгі мысырлықтар мен индустар құрма ағашының жапырағына жазыпты.

Вавилондықтар мен ассириялықтар қыш тақтайшаларға ұшы біздей істік таяқшалармен таңбалар салып, артынан отқа өртеп, күйдіріпті.

Ондай қыш тақтайшалар қыш қораптарға салынып сақталыпты. Кейбір елдердің жазуы таңбалардан емес, суреттерден тұрады. Ондай жазулар күні кешеге дейін өмір сүріп келген. Мәселен, 1849 жылы АҚШ президенті сондай суретпен жазылған хат алып, көпке дейін оқытатын кісі таба алмаған. Сүйтсе, ол үндіс тайпасының қарағайдың қабығын сыдырып, соған жазған арызы екен.

Ніл дария жағасында папирус деген өсімдік өседі. Ол «суда өсетін» деген сөзден шыққан. Оның талшықтарын қиып алып желімдеп, нығыздап қатырады да, ондай жеке-жеке парақтарды бір-біріне жалғастырып, одан шыққан ұзынша бумаға жазу жазылады. Папирус арзанға түседі, сондықтан да әр алуан елдерде папирус қолжазбалары сақталынған аса бай кітапханалар бар.

Ежелгі Пергамда жануарлардың терісін жазу жазуға болатындай қып илеу меңгерілді. Ондай тері пергамент деп аталды. Бірақ, пергамент папирусқа қарағанда қымбатқа түсетін. Шағын ғана кітап жазып шығару үшін ең кемі бір табын торпақты сойып, терісін алуға тура келетін. Ондай кітаптарды тек аса дәулетті адамдар ғана сатып ала алатын.

Алғаш рет кағаз жасаудың қайдан шыққаны әлі күнге дейін даулы, бірақ, оны біздің дәуіріміздің II ғасырында кытайлар ойлап тапты деген пікірге көбірек деп қойылады. Онда алғаш рет әбден мұқияттап жыртылған мата тінінен тезге басып қағаз жасау әдісі меңгерілгенді.

Арада бірнеше ғасыр өткен соң Европа елдері де қағаз жасау құпиясын біліп алды. Өзендердің жағасына ұн тартатын диірмен дер секілді қағаз диірмендері салынды. Ресейде алғашқы қағаз фабрикасы 1564 жылы Мәскеу тубінде салынды.

Біздің кезімізде қағаз матадан емес, ағаштан жасалады.

Қағаздың жұқа, қалың, тегіс, бұдыр ор алуан түрлері бар. Кітап басатын, газет шығаратын, журнал, дәптер жасайтын қағаздардың да түрлері бөлек-бөлек.

Қарындаш пен акварель бояулармен сурет салу, ватман, жартылай ватман деп аталатын қатты, тығыз қағаздар ыңғайлы.

Қағаздың өте бағалы түрлеріне арнаулы әдіспен тек күнге қарағанда ғана көрінетін ерекше өрнектер салынады. Ондай өрнектерді әдетте «су таңбалар» деп атайды.

  Жарияланған-2016-11-14 16:01:27     Қаралды-8402

Мәлімет сізге көмек берді ма

Танымдық діни бет

...

Танымдық діни бет. Еврейлер оқымаулары, ал қалғандарына қызық болулары мүмкін. Егер кімге қызық болса одан әрі тереңірек оқыңыздар

ТОЛЫҒЫРАҚ »

РЕПРОДУКЦИЯ ДЕГЕН НЕ?

...

Журнал мен кітап бетінен кейде суретшілердің картиналарын да ұшырастырамыз. Бірақ олар өнер туындыларының түпнұсқасы емес, репродукциялары ғана.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ!

...

1 қыркүйек - бүкіл балаларының мерекесі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Бірегей Жердің гипотезасы

...

Жер жүзінде біз ғанамыз ба? Космостың шексіз кеңістігінде тағы да Жер сияқты планета бар ма екен?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰРҒАҚ ЖЕМІСТЕР МЕН ЖАҢҒАҚТАН ЖАСАЛҒАН ДОМАЛАҚТАР

...

Тазартылып, қуырылған грек жаңғағы, жуылған жүзім (сүйегінен ажыратылған) және курага ет тартқыштың тар көзді пышағынан екі рет өткізіліп, мұқият араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӨНЕРІ

...

Біздің заманымыздан бірнеше ғасыр бұрын Бағзы Греция мен оны жаулап алғап Римде қазір «Ежелгі дәуір өнері» деп ата латын сан алуан көркем өнер түрлері ерекше көркейіп өскен.

ТОЛЫҒЫРАҚ »