UF

ДЕКОРАЦИЯ

Категориясы: Өнер


Сәнді киінген Золушка мәрмәр баспалдақпен өкпесі өшіп жүгіріп келеді. Түн ортасы болып, қайырымды сиқыршының сиқыры тарап кетпей тұрып үйіне жетіп алмақ. Туфлиінің түсіп қалғаны да ештеңе емес, тек тезірек үйіне жетсе екен!

Ол жүгіріп келе жатқан баспалдақтың өн бойынан алуан түсті шамдалдар нұр төгеді, жан-жағы самаладай жарқыраған кең сарай түп жақта, алыста сәнді бәйтеректер бой түзеген әсем парк мұнартады.

Осынау сәнді сарай да, ну бақша да, Золушка тұратын жұпыны үй де театр сахнасына орналасқан.

Бұл - Мемлекеттік академиялық Үлкен театрда қойылған «Золушка» балетіне арнап суретші П. Вильямс жасаған декорация.

Сахнаға әлі кейіпкерлер шықпай тұрып, тек П. Вильямс декорациясына қарап-ақ, біз ертегілерде ғана кездесетін ғажайып өлкеге тап болғандай, қазір бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген керемет оқиғаларды бастан кешіретіндей ерекше сезімге бөленеміз.

Қай-қай спектакльге де суретші декорация жасайды. Ол үйлерді де, көшелерді де, өзендер мен көпірлерді де, төбелер мен ну ормандарды да қолдан орната алады. Бөлмелердің жиһазы, актер ұстайтын кез келген бұйым суретші назарынан қағыс қалмайды.

Декорация жасамас бұрын суретші шығармада айтылатын дәуірдің тұмыс-салтын егжей-тегжейлі зерттеп алады, ол тұстағы адамдардың қалай киінгенін де сұрап біледі. Өйткені артистердің киімі де ол көрсеткен үлгімен тігіледі.

Спектакльдің ойдағыдай шығуы суретші-декоратор өнеріне де көп байланысты. Өйткені ол өз өнері арқылы спектакльдің негізгі рухын ашады. Байсалды да байыпты жасалған декорация көруші көңіліне бір түрлі әсер етсе, қызылды-жасылды, әлеміш декорация екінші түрлі әсер қалдырады.

Сондықтан да, декоратор - суретші кейіпкерлердің басындағы ахуалға айланысты сахнадағы жарықты да біресе жарқыраған жазғы таңның шуағындай, біресе айлы түннің солғын нұрындай қып сан құбылтып оырады.

Спектакль декорациясын жасау тек үлкен шеберлердің ғана қолынан келеді.

Шымылдық ашыла сала күллі залдың дуылдатып қол соғатынын жиі көреміз. Ол - декоратор суретшінің өнері театрға келген қауымға бірден ұнағанының белгісі.

Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.

  Жарияланған-2016-11-02 16:00:36     Қаралды-3751

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖӘҢГІР ХАН

...

Жәңгір хан 1645-1680 жылдар аралығында билік құрды. Жәңгір хан бүкіл өмірін құдіретті Жоңғар хандығымен күресуге арнаған. Жоңғар хандығы ойрат немесе қалмақ, моңғол тайпаларынан 1635 жылы құрылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ (1893 -1920)

...

XX ғасыр басындағы қазақ поэзиясының жарық жұлдызы - Сұлтанмахмұт Торайғыров бар-жоғы 27 жас жасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘСТҮРЛІ ҰН ТАҒАМДАРЫ

...

Ұн тағамдары өзінің қоректілік құндылығы жағынан жоғары калориялы тағамдарға жатады. Өйткені оның құрамына май да, ет те, сүт өнімдері де, жұмыртқа да, тіпті көкөніс те енеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛҚАЙМАҚ

...

Үн түсі алтындай сарғайғанша шала қуырылады. Содан соң оған қаймақ, бал қосып, араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕДЕ ЕҢ ЖЫРТҚЫШ ҚАЙ АҢ?

...

Біз әуелі ең ірі жыртқыштардың бірі - аң патшасы арыстанды аузыңа алғандықтан, әңгімемізді содан бастайық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮНЖІТ КӘЗИНЕГІ

...

Арасында күнжіт дәні көп болатын, карамель сияңты төрт бұрышты немесе қиғаш төрт бұрышты қатты, шыныдай жылтыр тағам. Дайындалуы бадам кәзинегіндей.

ТОЛЫҒЫРАҚ »