UF

СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ (1893 -1920)

Категориясы: Адамдар


XX ғасыр басындағы қазақ поэзиясының жарық жұлдызы - Сұлтанмахмұт Торайғыров бар-жоғы 27 жас жасады.

Ол Ақмола облысында дүниеге келген. Әкесі шаруа адамы болған. Жасынан өлең жазып, ерекше қабілетімен көзге түскен. Мұсылманша хат таныған. Оқуға әке дәулеті жетпегендіктен, ол бай ағайындарының көмегімен Троицк қаласындағы медресеге барады. Бірақ жәрдем болмағандықтан, ақын ұзақ оқи алмайды. «Айқап» журналының редакциясына жұмысқа орналасады. Өз бетімен ізденіп, білімін жетілдіріп, шығармашылығын шыңдаумен болады. Араб, парсы тілімен қоса, орыс тілін үйренеді.

Сұлтанмахмұт аз ғана ғұмыр сүрсе де, артына тәлімі мол мұра қалдырып кетті. Қазақ поэзиясындағы Абай, Ыбырай, Шәкәрім қалыптастырған ағартушылық идеяны шыңдап, оны ерекше романтикалық қуатпен толықтырды. Қазак әдебиетінде XX ғасыр басында пайда болған роман жанрын қалыптастыруға үлес қосты. Оның «Қамар сұлу», «Кім жазықты» сияқты өлең мен проза араластырыла жазылған романдары сол дәуірдің озық туындылары саналады.

Сұлтанмахмұт қазақ әдебиетінде жалынды публицист ретінде де өшпес із қалдырды.

  Жарияланған-2015-11-24 20:48:15     Қаралды-3399

Мәлімет сізге көмек берді ма

ӘЛЕМНІҢ БЕСІНШІ МҰХИТ, ОЛ ҚАНДАЙ МҰХИТ?

...

Дүние жүзінде Атлант, Тынық, Үнді, Солтүстік Мұзды мұхиттардан басқа және олардың бәрінен де үлкен бір мұхит бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ШАРЫНДА ҚАНША МҰХИТ БАР?

...

Барлық теңіздер мен мұхиттар бірігіп Жер бетінің 2/3-тен астамын алып жатыр.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ - ӘЛЕМДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ БІРІ

...

Су туралы көп жазылып та, айтылып та жүр. Қазіргі су проблемасы аса өзекті мәселенің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САЛЛАМ ӘТ-ТАРДЖУМАН

...

Саллам әт-Тарджуман - араб саяхатшысы. Саллам әт-Тарджуман IX ғасырдың ортасында Қазақстан аймағымен жүріп өткен. Ол Самарадан (Бағдад каласының маңы) шығып, Кавказ арқылы хазарлар елінен өтіп, Еділге (Волга) келген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ХОЛОПТАР - БҰЛ КІМ?

...

Холоптар – орыс мемлекетіндегі феодалдық тәуелді адамдар тобы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҢ-ҚҰСТАРДЫҢ ІШІНДЕ ТҮНГІ АҢШЫЛАР

...

Тек жапалақ қана емес, мысық, күзен, түлкі, қасқыр сияқты басқа да жануарлар өз кемдерін түнде аулайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »