UF

АУА ӨЛШЕУГЕ БОЛА МА?

Категориясы: Табиғат


Әйгілі ғалым Галилео Галилей бұдан 300 жылдай бұрын көпшілікті таң қалдырып... ауаны өлшепті. Әрине, ғалым ауаны таразыға сала алмаған, алайда  ол бір қулық ойлап тапқан. Галилей тесігі бар мыс шарды таразыға тартқан. Сосын шардан ауаны айдап шығып, тесікті тағандайды да оны таразыға қайта салады. Сол кезде мыс шар салынған таразы бас лезде жоғары көтеріліп, таразы тасы тұрған жақ төмен басып кеткен. Бұл «салмағы жоқ» ауаның – әйтеуір бір салмағы бар екенін көрсетеді. Мәселен, айран құятын құмыраның ішіне жарты грамнан астам ауа сыяды екен.

Алайда біздің үстімізде – күллі тау-тас, орман-дала, көл-мұхит, бүкіл жер үстінде сан шақырымдарға созылған көзге көренбейтін ауа мұхиты Жерге салмақ түсіріп, қысым жасауы керек емес пе? Иә, ол салмақ түсіреді және салмақ болғанда қандай.

Ауа әр адамға 15 тоннадан астам салмақ түсіреді. Бұл 3 жүк машинасының салмағындай. Бірақ адам неге ол салмақты сезінбейді?

Өйткені адамның организмінде де ауа бар және ол да дәл сондай күшпен іштен қарсы қысады. Ауаның сыртқы және ішкі қысымы бірдей. Сондықтан біз ештеңе сезінбейміз.

  Жарияланған-2016-09-15 14:46:04     Қаралды-4089

Мәлімет сізге көмек берді ма

СУ ШАҢҒЫСЫ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН

...

Су шаңғысы спортымен айналысушыларды кейде толқынмен жарысушылар деп атайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨНЕ ТҮРКІ ӘЛІПБИІ НЕМЕСЕ ОРХОН-ЕНИСЕЙ ТАҢБАЛАРЫ

...

Ежелгі түркі халықтары пайдаланған жазу көне түркі әліпбиі немесе Орхон-Енисей жазуы деп аталып жүр. Олардың тастарға қашалып жазылған жазбалары бүгінгі күнге дейін жеткен. Мұндай ескерткіштер Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарларынан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУЛАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

...

Әртүрлі агрегаттық күйдегі су бізді барлық жерде қоршап алады, тіпті біз оны әрдайым байқамаймыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АСАН ҚАЙҒЫ

...

Асан Қайғы - қазақтың ақын-жырауы, философы. Ол XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында өмір сүрген. Жәнібек ханның кеңесшісі болған. Асанның шын есімі - Хасан Сәбитұлы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАППАЙ ЗАҚЫМДАУШЬІ ҚАРУ

...

Жаппай зақымдаушы қару - адамдар мен хайуанаттардың арасында жаппай шығып тудыратын үлкен зақымдаушы күшке ие.

ТОЛЫҒЫРАҚ »