UF

ҚАҒАЗДЫ ТАПҚАН КІМ?

Категориясы: Тарих


Ежелгі Египетте болашақ хатшы-жылнамашыларды әуелі сөздердің, әріптердің таңбаларын балшыққа емес, папирусқа жаздырып үйреткен. Папирус дегеніміз - батпақты жерде өсетін қамыс тәрізді өсімдік. Египеттік жылнамашылар оның сабағын жіңішкелеп ұзынынан тіліп, суға жібітіп, қайта кептіреді. Сонан соң ғана оларды бір-біріне жалғап, желімдейді де, жалпақ таспадан орама жасайды. Таспа бетіне қызыл, қара «сиямен» жаза берген. Жазуға арналған осынау сарғыш ораманы да «папирус» деп атайтын болған.

Ғалым-археологтар қазба жұмыстары кезінде ертедегі египеттік жылнамашы шәкірттердің жазған әр түрлі таңбалары бар осындай орамаларды тауып алған. Кейбір таңбалар шайылып, көрінбей де қалған. Бәлкім, қате жібергені үшін жазаланған шәкірттің көз жасымен шайылған болар?

Енді бір көне мемлекет - Пергамда ерекше иленген бұзау немесе лақтың терісін жазу материалы ретінде пайдаланған. «Пергамент» сөзі де «Пергам» сөзінен алынған ғой. Пергаментке жазу папирусқа қарағанда әлдеқайда ыңғайлы еді. Жазудан жіберіп алған қатені шәкірттердің қырып тастауына болатын. Ең қиыны пергамент өте қымбатқа түсетін, оған жазылған бір кітаптың құны үлкен қора-жайы, жері бар үймен бірдей бағаланатын.

Ежелгі славяндар жазуға ең арзан, оңай дайындалатын материалды - қайыңның қабығын пайдаланған.

Қайыңның қабығы қаншама жақсы болғанмен, ол кітап жасауға жарамайтын.

Ақыры шалғайда жатқан шығыс елдерінен көпестер мен жиһанкездер аппақ қардай, өзі жұқа керемет парақтар әкеле бастады. Бұл... қағаз болатын.

Алғашқы қағаз жібек өндіретін тұт ағашының қабығынан әзірленді. Ғажайып ақ қағазды көрген еуропалықтар: «Біз де осындайды жасап алар ма едік, шіркін! Бірақ неден, қалай жасауға болады?» деп әуресарсаңға түсті. Оқымысты-ғұламалар бастарын қатырып, қағаз жасау туралы ұзақ ойланды, ақыры тапты-ау. Қағаз дегеніміз өсімдіктің қысқа-қысқа талшықтарының жиынтығы, ал өсімдік талшықтарын тұт ағашының қабығынан басқадан да алуға болады ғой. Іске жарамсыз болып, ескіріп қалған кенеп және мақта-маталарын кәдеге асырып көрсе қайтер еді? Матадағы ұзын талшықтарды ұсақтап қысқартуға болады ғой. Байқап көріп еді, іске асты.

Әр түрлі елдерде қағаз жасайтын материалды қайдан алғандары туралы әрқалай айтылып жүр. Сондай әңгіменің бірі мынандай.

Қандай да құпияның сырын білуге өте құмар бір адам жабайы араның ұяны неден жасайтынын білгісі келеді. Бақылай бастайды. Сөйтсе, ара алдымен ағаштың шетінен кішкентай жаңқа кертіп алып, соны ұзақ шайнап шылайды екен де, ұясының қабырғасын содан жасайды екен.

Мынау ерекше құрылыс материалын көрген жаңағы кісі: «Еһе, қағазды да мынау материалдан, ағаштан-ақ жасауға да болады екен-ау! Ағаштан көп дүние жоқ! Айнала толған ағаш» деп ойлапты.

Оқиға дәл осылай, әлде сәл басқашалау болды ма, - ол жағы белгісіз, бірақ ең бастысы қазіргі кезде газеттер мен кітаптарды, журналдар мен күнтізбелер, оқулықтар мен дәптерлерді басып шығаратын қағаз осылайша пайда болған еді.

  Жарияланған-2016-09-07 15:47:35     Қаралды-9308

Мәлімет сізге көмек берді ма

LEGO-НЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Балаларға арналған ең танымал құрылыс жиынтығының әкесі даниялық ағаш ұстасы Оле Кирк Кристиансен...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰҚАР НАНЫ

...

Бұл жаңғақ, жүзім, цукат қосып, тоқаш қамырынан жасалған тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОНЬКИ МҰЗДА СЫРҒАНАЙДЫ АЛ ЕДЕНДЕ НЕГЕ СЫРҒАНАМАЙДЫ?

...

Сен аяғыңа коньки байлап жатып, оның мұз бетінде сырғанауы табиғат заңдарымен толық үйлесетіні жөнінде ойланып бас қатырмайсың да.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙМАҚ КЕМЕСЕ КІЛЕГЕЙ ҚҰЙЫЛЫП, ЖАҢҒАҚ ҚОСЫЛҒАН ҚАРА АЛХОРЫ

...

Мұқият жуылған қара алхорының үстіне су құйылып, қайнағанша қыздырылады да содан соң 1,0-1,5 сағат бөктіріп қойылады. Бұдан кейін қара алхорының сүйектері алынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Ағаш бақасы өзінің тәнін қатырады

...

Бұндай білгірлік Аляскада жай қажет. Ауаның температурасы төмендеген кезде бақаның қимылдауы қиынға соғады. Осы кезде ол өзін жай ғана қатырады, осы ретте ол тірі күйінде қалады. Ол демалмайды, бірақ жасушадағы сироп тәрізді сұйықтық қатпайды, ол сұйық кү

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҮСТІРТ ҚОРЫҒЫ

...

Үстірт қорығы 1984 жылы 12 шілдеде ұйымдастырылды. Үстірт қорығы Маңғыстау өңіріндегі Үстірттің шөлді табиғатын қорғау мақсатында құрылған. Үстірт қорығы көлемі жағынан үлкен шөлді аймақты қамтиды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »