UF

ҚАСЫМ ХАН

Категориясы: Тарих


Бұрындық ханнан соң хан тағына атақты Қасым хан келеді.

Қасым хан Жәнібекұлы (1445-1518 жж.) - қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі Жәнібек ханның ұлы.

Ол Бұрындықтың тұсында ханның атты әскерлерін басқарып, қолбасшы батыр болған. Талай шайқастарда қол бастап, жеңіске жетіп отырған. Ол қан майдандағы жеңісті ерлігімен, ел басқаруға қосқан ақыл-кеңесімен, көрші елдермен байланыс орнатудағы саясаткерлігімен, жұртты соңына ертер шешендігімен ел көзіне ерте түссе де, жеке билікке ұмтылмаған. Бұрындық ханның дегеніне көніп, қалтқысыз қызмет еткен. Бірақ Бұрындық елдің сенімін ақтай алмай, Самарқандқа кетуге мәжбүр болады.

Сонда қаза табады. Осыдан кейін барып, Қасым хан билікті өз қолына алады. Ол он жылдай хан тағында билік жүргізеді.

Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы өзінің дәуірлеу биігіне көтеріледі. Қазақ халқының саны артады, жері ұлғаяды. Қазақ әскерінің де саны көбейіп, атты әскері 300 мыңға жетеді. Оның кезінде Сырдария өзені бойындағы қалалардың барлығы қазақтарға өтеді. Ол таяу көршілермен ғана емес, сырт елдермен, мысалы, Мәскеумен терезесі тең дәрежеде дипломатиялық қарым-қатынас орнатады. Ешбір жау елге соғыс аша алмайды. Халық тыныш өмір сүреді. Осылайша, дүние жүзіне қазақтардың даңқы тарап кетеді. Қазак еліндегі барлық сұлтандар Қасым ханды сыйлап, оның жарлықтарын екі етпей орындайды. Сол замандағы бір тарихшы: «Бұл елде Қасым хандай күшті хан болған емес», - деп жазады. Ал, қазақ халқы болса, Қасым ханды ұмытпай, оның ел басқарудағы тәртібін «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап, бүгінге дейін айтып келеді.

Керей хан мен Жәнібек хан тарихта Қазақ хандығының іргесін қалап, шаңырағын көтерумен ерекшеленсе, Қасым хан - сол хандықты нығайтып, жерін кеңейтіп, халқын көбейтіп, даңқын дүние жүзіне танытумен, қазақтың тұңғыш заң ережелерінің негізін жасаумен әйгілі болған ұлы хан.

 

  Жарияланған-2015-11-13 15:47:38     Қаралды-21057

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚҰР

...

Кұр - орман құсы. Қазақстанда кұр, ак құр, тундра құры, сұр құр, меңіреу құр деген түрлері кездеседі. Ұяларын көбіне қайың ағашына салады. Кұрлар тобы қыс бойы бірге жүреді. Көктемнің басында бір-бірінен бөлініп, ерекше құрқылдап қораздана бастайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АДАМНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ МЕН ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ ЖАҒЫМДЫ ҚАСИЕТТЕР

...

Адалдық - адам бойындағы кіршіксіз ақ, таза ниет, имандылық қасиет. Атам қазақ кейінгі ұрпақтың тәрбиесіне көп мән берген. «Кісінің ала жібін аттама» (яғни, ұрлық жасама), «өтірік айтпа», «біреудің ақысын жеме» деген сияқты тыйымдар арқылы балалардың адал

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРЕВАН КЯТАСЫ

...

Ашытылған қамырдан қабатталып жасалатын тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮТТЕН ЖАСАЛАТЫН ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР

...

Төрт түлік малды тіршілік-тынысына тірек еткен көшпелілер кәдуелгі сүттен небір тамаша тағамның түріп жасай білген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАССАГЕТТЕР ПАДИШАСЫ – ТОМИРИС

...

Томирис (Тұмар) (б.з.б. 570-518 жж.) - оңтүстік түркі халықтарын басқарған әйел патша. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА ТАРИХЫНАН

...

Адам баласының өміріне үнемі жалғас болатын жеңіл атлетиканың негізгі үш түрі бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »