UF

ЖЫЛ БОЙЫ КҮНДІЗ БОЛЫП ТҰРУЫ МҮМКІН БЕ?

Категориясы: География


Қабырғада күнтізбе ілулі тұр. Бір жылда қанша күн болса, онда да соншама парақ бар. Бір күн өтті – күнтізбенің бір беті жыртылады. Міне, осылай 365 рет... Ал егер біз Меркурийде тұрсақ бар ой, күнтізбеде жалғыз-ақ парақ болар еді. Өйткені Меркурийдің бір жылында 5ір-ақ күн бар. Тұтас бір жылыңыз мұнда ұзақ бір күнге пара-пар. Күн батты - жыл да өтті. Оның есесіне келесі бір жыл бойы түн болады. Сонда Меркурийдің бір тәулігі екі жылға созылады екен. Неге бұлай болып шыққанын Меркурийдің өзі баяндап берсін...

...Алдымен өзім туралы азғана әңгіме айтайын. Күн планеталары әулетінде мен ең кішісі болам. Барлық ағайындарымның ішінде Күнге ең жақыны да менмін, сондық-тан жарық пен жылуды да көбірек аламын, мәселен, Жермен салыстырғанда маған қызу алты есе артық түседі. Шынымды айтсам, күндіз, ыстықтау боламын, тал түстегі температурам 420 градусқа дейін жетеді. Ыстығымның көтерілетіні сонша, кәдімгі пирогты табаға салмай-ақ пешке қарымай-ақ пісіріп алар едің. Бірақ әуре болмағаның жөн: пирогыңыз бәрі-бір күйіп кетеді...

Оның есесіне кеш батысымен-ақ қақаған аяз болады. Минус 180°. Бұл - Жердегі ең азынаған аймақ - Арктика мен Антарктидадан екі есе суық деген сөз... Тамшы суым жоқ, сондықтан жаңбыр да жаумайды, қар да түспейді. Дауыл мен жел және жоқ. Жел есіп, боран соғуы үшін планетада Жердегі сияқты ауа қабыршағы болуы қажет. Менің атмосферамның селдірлігі соншалық, оның бар-жоғын байқаудың өзі қиын. Бөлмеге күн сәулесі түскенде ұшып жүрген шаң түйіршіктері көрінеді ғой, менің бетімдегі газдың сиқы сондай-ақ.

Адамдар жерден ұшырып жатқан автоматты барлаушылар маңайымнан ғана өтіп жүр. Рас, олар мені әлденеше рет суретке түсіріп алды. Суреттерде мен Айға ұқсас болып шықтым, соған қарап мені тіпті егіздің сыңары деп те атады. Менің бетімде де Айдағы сияқты ортасында шоқысы бар шеңберлі таулар, Жердегі тастақ, тақыр шөлдер сияқты теп-тегіс, алқаптар да көп. Менің жанартауларым баяғыда сөніп қалған, олардың бағзы бір замандарда от шаша атқылап жатқанын қазір қатып қалған тасқын лавалардан ғана аңғаруға болады.

Әйтсе де мен Айға тек сырттай ғана ұқсаймын. Егер алда-жалда қонаққа келе қалсаңдар, сендер, әрине, менің аспанымдағы Күннің қозғалысына бірден назар аударар едіңдер. Сендер ғой, Жердегі Күннің үнемі бір жақтан - шығыстан шығып, соған қарама-қарсы тұстан - батыстан бататынына үйренгенсіңдер. Ал бізде ондай тәртіп, жүйе, қисын дегеніңіз болмайды. Күн кейде батыстан шығады, кейде шығыстан шығады, кейде орта жолдан кері бұрылып, таңертең шыққан жеріне қайтып барады. Ал кейде бір тәулік ішінде екі рет шығып, екі рет бататыны бар. Ғажап емес пе, ә? Мұндай «берекесіздіктің» бар кілтипаны менің күнтізбеме байланысты. Қазір айтайын. Барлық ағайынды планеталарым сияқты мен де өз осімнен өзім айналам. Бірақ онша тез емес. Оның есесіне Күнді айналғанда бар ғой, тура зыр қағам. Зымырағанда, өздеріңнің жүйрік ракеталарың бар ғой, сол ракетадан жеті есе жылдаммын. Күнді айналғанда керемет тез жүрем, ал өз осімнен әрең айналам, осының нәтижесінде менің бір жылым бір тәулігімнен екі есе қысқа. Бір жыл бітті - бір күн өтті, тағы бір жыл бітті - бір түн өтті, өстіп кете береді: жыл дегеніміз - бір-ақ күн, екінші жылым - келесі түн... Сонымен, менің күнтізбемде шынында да бір-ақ парақ бар екен.

  Жарияланған-2016-08-25 17:12:19     Қаралды-2152

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҮШТІКЕНДІ ГЛЕДИЧИЯ – АСҚАЗАНҒА ШИПА

...

Гүл тостағаншасы жартысына дейін біріне-бірі жабысқан 5 қалақша.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫЗҒЫЛТ РАХАТ-ЛУКУМ

...

Бұл мармелад секілді тағам. Бетіне қант ұлпасы себіледі. Формасы төрт бұрышты болады. Ылғалдылығы – 17-19 процент.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Өнертабыстың ең мұңды патенті

...

1985 жылы Ральф Пиро «өз-өзін ынталандыратын аппаратты» патенттеген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰРТ - АСЫЛ ТАС, ІРІМШІК - ПАЙДА АС!

...

Мәйек - әлі отықпай тұрып сойылған жас қозының ұлтабары. Мұндай ұлтабардың уызды өңезі (сары уызы) болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАРЫНДАШ НЕГЕ ЖАЗАДЫ?

...

Қарындаш дегенің қарапайым таяқша емес. Қарындаштың ішінде графит өзекше бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖУГЕРІ ҚУЫРМАСЫ

...

Жұмыртқа мен қантты 40-50 градусқа дейін қыздырып, шайқау керек. Оны шайқай отырып бөлме температурасына дейін салқындатады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »