UF

ЕШКІ СҮТІНІҢ ПАЙДАСЫ ЗОР

Категориясы: Тағам


Кавказ жағалауы елдерінде. Ортатык Азияда және кейбір шет елдерде ешкі сүті көптеп колданылады.

Алжирде мынадай дәстүрлі сәлем бар екен. «Қадірлі мырза, саған және сенің достарыңа өз ешкімнің сүтін ұсынуыма рұксат етіңіз»...

Ешкінің сүті қойдікіне қарағанда аппақ болады. Өзінің құрамы мен жұғымдылығы жөнінен ол сиыр сүтіне жақындайды, бірақ белок пен дәрумендерге бай болғандықтан ағзаға анағұрлым пайдасы зор. Сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүтіндегі май түйіршіктерінің көлемі екі есе кіші, мұның өзі майды ағзаның жақсы сіңіруіне игі ықпалын тигізеді. Әсіресе ешкі сүті балаларға аса пайдалы. Брынза мен сыр жасаған кезде ешкі сүтіне қой сүті қосылады. Ешкі сүті майының сапасын арттыруда кой сүтінің маңызы зор.

Қалаштардың (Гималайдың Пәкістанға қараған жазық далаларында мекендейтін халықтар) бірден-бір бағалы мүлкі - осы ешкі жануары. Жылына алты ай қалаштар бүкіл сыртқы әлемнен қол үзіп қалады: қар жазық далаға жетелер соқпақтарды жауып тастайды. Алайда олар аш-жалаңаш қалмайды. Ешкілер қалаштарға бойындағы игіліктердің бәрін – сүтін, етін де, қылшығы мен түбітін де, тері, мүйізін де береді.

Ықылым заманнан адам баласы қолға үйреткен ең алғашқы хайуанаттардың бірі де осы ешкі түлігі. Бағаналы үйлер заманындағы мекендерге қазба жұмысын жүргізгенде ешкінің сүйегі табылғаны бұған айғақ бола алады дейді зерттеушілер. Калифорния университетінің ғалымдары ежелгі хайуанаттардың сүйектеріне радий-көміртегі анализін жасау арқылы ешкі мен қойды адамдар шамамен бұдан жүз ғасырдан астам бұрын қолға үйреткенің анықтаған.

Біздің заманымызға дейінгі V-IV ғасырда өмір сүрген грек тарихшысы Ксенофондтың еңбектерінде ежелгі фракийлердің ешкі ұстағаны баяндалған. Көне Грекия аңыздарында ешкі сүтін ішіп өскен батырлар жайында айтылады. Орта ғасыр кезінде кейбір елдердің үкіметі ешкіні «қанша қажет болса да сонша мөлшерде өсіру керек» деп арнайы қаулы қабылдаған дейді.

Біздің арғы бабаларымыз сүтті сол күйінде ішіп қана қоймай, оны өңдей де білген. Сүт өнімдері - ірімшік, май, кефир, шалап және басқалары жөнінде мәліметтер бізге сонау бағзы замандардан жеткен. Бірак сүт шаруашылығы тек беріде ғана шын мәнінде дами алды деп түйеді мамандар (Мәліметтер «сүт - тіршілік көзі» деген еңбектен. А.И.Ивашура. «Қайнар» баспасы. Алматы - 1979, 15-6).

Ешкі сүтінің пайдасы жөнінде тәм-тұмдап болса да ақпарат құралдары, мерзімді баспасөзде айтылып келеді. Дерттің алдын алуда, ағзаны күшейтуде таптырмайтын тағам. Қымыз бен шұбат ішіп, кең даланы еркін көсілген қазақтар ешкіні аса қадірлей қоймаған. Қой бастайтын серкелердің жөні бір басқа. Отырықшылыққа бейімделген тұста бау-бақшаның жауы деп түсініп ешкіні аса дәріптемеген. Өсімтал түлік ретінде «есің кетсе ешкі бақ» деп тағы бір түйіп кояды қазекең. Қалай болғанда да Шекшек ата тұқымының өзіндік орны бар.


  Жарияланған-2016-08-22 14:20:08     Қаралды-8189

Мәлімет сізге көмек берді ма

НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ

...

Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) - «Қазақстанның халық әртісі», «Халық қаһарманы», профессор, Жетісу күй мектебінің дарынды күйші-сазгері. Нұрғиса Алматы облысында дүниеге келген. Оның әкесі күйші, анасы әнші болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БЕРІК, ЕҢ ЖҰМСАҚ ҚАЙ МЕТАЛЛ?

...

Әуелі ең берік металл туралы. Оның аты – титан, күміс түсті - ақ, сыртқы түр: болатқа ұқсайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЫҒЫС ӘДІСІМЕН ЖАСАЛҒАН АЛМА ТАҒАМЫ

...

Жаңғақ, бадам, жүзім және ваниль кремі араластырылып, жуылып, тазартылған алманың іші сол қоспамен толтырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Кейбір бақалардың шаштары бар

...

Шашты бақа — қосмекенді пискунья тұқымдасына жатады. Бұл түрінің аты қиқым терілердің («шаштардың» )бір-біріне тығыз орналасқандығынан пайда болған, олар аталығында көбею кезінде пайда болады. Бұл түрінің ерекшелігі бүйілердің сүйектерін сындыруға және о

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГРЕК ЖАҢҒАҒЫНАН ЖАСАЛҒАН КӘЗИНЕК

...

Шыныдай жылтыр қатты, қант-сірне шырынында қайнатылған грек жаңғағынан түратын тағам. Мөлшері 40х40 мм төрт бұрышты болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ (1846 -1945)

...

«XX ғасырдың Гомері» атанған жыр алыбы Жамбыл 1846 жылы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Жасында арнайы мектептен білім ала алмаған. Бірақ көңілі зерек, көкірегі ояу дарынды бала білім дариясынан терең сусындап өскен.

ТОЛЫҒЫРАҚ »