UF

СИЫР ҚАЛАЙ ЖАРАТЫЛДЫ?

Категориясы: Жануарлар


Дәстүрлі сенімде төрт түлік кез келген адамға емес, іске, шаруаға қыры бар жанға бітетіндігін қазақ «Сиыр қалың нуға, қоры үзілген қуға бітеді» деп мақалдаған. Сиыр түлігін ертеден шаруашылығы орта және төмен қазақтар ұстап, оның таза көшпелі өмірге шыдамсыздығын, табиғаты қолайлы жерде өсіп-өнетіндігін өмір тәжірибесінен тұжырымдап айтқан. «Сиыр сушы келеді», «Өленді жерде өгіз семіреді» деп сиырдың шығу тегін судан жаратуы тегін емес.

Қазақ аңызында көк егіз мүйізімен жерді қазып, жер бетіне суды алғаш шығарушы. Жер көк өгіздің мүйізінде тұр. Ол бір мүйізімен екінші мүйізіне жерді ауыстырғанда жер сілкінеді дейді. 22 наурыздағы күн мен түннің теңесуіне былай сенген: «Жерді көтеріп тұрған көк өгіз бір мүйізінен екінші мүйізіне жерді ауыстырғанда жердің салмағы екі мүйізге тең түсіп, күн мен түн теңелді».

Қазақтарда мүйізді ір караға байланысты «сауын алу» салты болған. Малы жоқ адамдар ауқатты адамдардан сүтін пайдалану үшін «сауынға» деп белгілі бір мерзімге сауатын сиыр сұрап алып, сауын алушы өзі алған малын төлімен қоса аман тапсыруға кепілдік береді. Бұл салт жөнінде қазақ «Ердің жайын сұрама, жұрттан сауын алған соң» деген.

Сиырға байланысты қазақтарда көптеген ырымдар бар:

- Сиыр үйге сүйкенсе жаман ырым деп біз сұғып алған.

- Сиыр ыңыранса, үйір шақырады, сиыр басы өседі деген.

- Түнде сиыр мөңіресе - жамандықтың белгісі деп тұжырымдаған.

- Сиырлар жиналып өкірсе малға індет келеді деген.

- Сиырды сойғанда көк бауырын «ауқаулап» үй төбесіне лақтырып тастаған, үйір шақырады деп.

- Сиырдың буйрегін жемеген, бұған байланысты қазақта «Сиырдың бүйрегіндей кандай ел, қырық құрау» деген нақыл сөз бар.

- Сиырдың тұмсығын қазақ «арам» деп шауып тастаған.

- Сиырдың, не өгіздің бас сүйегін егіс немесе жеміс бағының басына іліп кояды. (Мәлімет А.Токтабайдың «Төрт түліктің қасиеті» кітабынан).

Сиыр түлігінің ішінде де жүйрігі болады. Оны қазақ «қара тіл» немесе «құнжын» деп атаған. Ертеректе қалмақ батырларының құнжын мінгендері де болған. Түйе секілді өгіздерді де ноқталап танауын тескен. Қазақ үшін сиыр күш көлігі де болған. Оған жер жырту үшін соқа қосса, көшу үшін арба жеккен, салт та мінген. Қойды өгізге мініп жүріп те баққан. Сиырға - ашамай немесе ыңыршақ салып ерттеген. Сиырдың Қазақстандағы бұрыңғы түрлері - қазақтың ақ бас сиыры, қалмақ сиыры, қырдың қызыл сиыры, Әулие ата сиыры, Алатау сиыры. Бүгіндері ет пен сүтті көп беретін шетелдік тұқымдары көптеп өсірілуде.

  Жарияланған-2016-08-22 13:02:15     Қаралды-10271

Мәлімет сізге көмек берді ма

БҰҚАР ЖЫРАУ

...

Бұқар жырау 1668 жылы Баянауыл жерінде дүниеге келген. Жүз жылдан аса өмір сүрген Бұқар шамамен 1781 жылы қайтқан. Әкесі Қалқаман арғын руынан шыққан атақты батыр болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰРҒАҚ ЖЕМІСТЕР МЕН ЖАҢҒАҚТАН ЖАСАЛҒАН ДОМАЛАҚТАР

...

Тазартылып, қуырылған грек жаңғағы, жуылған жүзім (сүйегінен ажыратылған) және курага ет тартқыштың тар көзді пышағынан екі рет өткізіліп, мұқият араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨРКЕМ СУРЕТТЕ РАКУРС

...

Егер біз адамға не төменнен, не жоғарыдан қарар болсақ, оның әдеттегі кейпіне ұқсамай, өзгеріп сала бергенін байқаймыз. Өзінің денесінің бізге жақын тұрған бөлігі үлкейіп, алыс тұрған бөлігі кішірейіп кеткендей көреміз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕБЕП (ШАШЛЫҚ) КӨП БОЛМАЙДЫ

...

Қой етінің жұмсағынан әр кесегінің салмағы 15-16 грамнан келетіндей етіліп туралады да, тұздалып, бұрышталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ИТЕЛГІ

...

Ителгі - дүние жүзінде кең тараған құс. Қазақстанда сілемді таулар мен ормансыз ашық далалардан басқа жердің бәрінде кездеседі. Әсіресе, Маңғыстау мен Үстіртте, Сарыарқаның жатаған таулы өңірлерінде мол ұшырасады. Ителгіні баптау, жалпы, қыран құсты қолға

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘРІПТЕР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Әліппе деген аса маңызды, өте қажетті кітап қой. Оның алғашқы беттерін тіпті әріп дегеннің не екенін мүлде білмейтін адам да оқи алады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »