UF

ТАҢҚУРАЙ – БЕЗЕУДІ ЕМДЕЙДІ

Категориясы: Өсімдікті


ТАҢҚУРАЙ – МАЛИНА ОБЫКНОВЕННАЯ

Таңқурай – биіктігі 1,5 метрге жуық, көп жылдық, бұталы өсімдік. Тамыр сабағы қысқа әрі жуан, көптеген жіңішке тамырлары бар. Сабақтары екі жылдық. Бірінші жылғы сабағы жасыл түсті, жеміс бермейтін бұтақсыз тікенектері бар. Екінші жылы сабақтары қоңырқай тартады да, тікенектерінен айрылып, ағаш тәрізденіп қатаяды. Осы екі жылдық сабақтары гүлдеп жеміс береді де, сол жылы қурап қалады. Ал олардың орнына тамырынан жаңа сабақтар өсіп шығады. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, сабақтары ұзын, 5-7 жұп, жұмыртқа тәрізді, жоғарғы жағындағы жапырақтары 3 жапырақшадан тұрады. Жапырақтарының жоғарғы жағы жасыл, төменгі жағында киіз сияқты ұйысқан сұр түсті түктері бар. Гүлдері майда, ашық жасыл түсті. Гүл жапырақшалары бесеу. Жемісі ақ түсті, гүл ұясына орналасқан қоңырқай қызыл түсті көптеген сүйекшелерден тұрады және гүл ұясынан оңай ажыратылып алынады. Маусым-шілде айларында гүлдейді, жемісі шілде-тамыз айларында піседі.

Таңқурай таулы беткейлерде, бұталардың арасында, тасты жерлерде, сирек ормандардың арасында өседі. Көбінесе мәдени жемісті өсімдік ретінде қолдан егіледі.

Ғылыми медицинада дәрі жасау үшін таңқурайдың тек жемісін ғана, ал халық медицинасында жемісін және гүлі мен жапырағын да пайдаланады. Құрамында қант, лимоп, алма, салицил қышқылдары, эфир майлары, пектин, С витамині бар.

Таңқурай ерте заманнан бері шипалы өсімдіктердің бірі деп есептелген. Қептірілген жемістерін дене қызуы ұзақ уақыттар бойы көтеріліп, түспеген жағдайда, ал гүлдерінің тұнбасын жылан, қарақұрт шаққанда пайдаланған. Күнделікті дәрігерлік тәжірибеде кептірілген таңқурай жемісі тер шығаратын және несеп айдайтын дәрі ретінде пайдаланылады. Халық медицинасында таңқурайдың жемістерін тамаққа тәбетті қоздыратын, ішектің жұмысын жақсартатын, асқазаннан, ішектен кеткен қанды тоқтататын, тер шығаратын дәрі ретінде қолданылады, ұзаққа созылған ревматизмді, гүлдері мен жапырағынан жасалған тұнбамен геморройды емдейді. Аурудың құсқысы келгенде жүрегінің айнығанын басатын және бронх қабынғанда қақырық түсіретін дәрі ретінде пайдаланады. Әйелдердің етеккірі көп келгенде де таңқурайдың жемісімен емдеу өте пайдалы деп есептеледі.

Болгар халық медицинасында таңқурайдың жапырағынан алынған тұнбалар іш өткенде және тері ауруларын емдеу үшін қолданылады. Оның жас жапырақтарынан мандәрі жасап, безеуді емдейді. Өсімдіктің жемісін, гүлін, жапырағын гипертония, атеросклероз, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуын емдеу үшін пайдаланады (Н. Г. Ковалева).


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Кептірілген таңқурайдың 60 грамм жемісін 1 стакан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, түнге қарай екі стаканын бір-ақ ішіп алады. Денедеп тер шығару үшін осылай қолданады. Басқа жағдайларда 1 стаканнан күніне 2 рет ішеді. Тамақ шаю үшін 10 грамм жемісті 1 стакан қайнап тұрған суға салып тұндырады. Оның гүлдерінен тұнбаны былай жасайды: 20 грамм таңқурайдың гүлін алып 1 стакан қайнап тұрған суға салады да, 20 минут тұндырады. Даяр болған дәріні бір ас қасықтан күніне 3 рет ішеді.

Таңқурайдың жас жапырағынан май дәріні жасау әдісі: жапырақтардан сығып алынған сөлдің 1 бөлігін сиыр майының 4 бөлігімен араластырады.

  Жарияланған-2016-07-15 00:17:31     Қаралды-6369

Мәлімет сізге көмек берді ма

КОЛЛИ (ШОТЛАНД ОВЧАРКАСЫ)

...

Ертеден келе жатқан бақташы ит тұқымы. Отаны - Шотландияның табиғаты қатал таулы аудандары.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ЖАҢҒАҒЫ ҚОСЫЛҒАН ЖЕМІС НУГАСЫ

...

Бұл - жер жаңғағын қосып, қантқа салып пісірілген курагадан тұратын тағам. Формасы төрт бұрышты, құмшекер себілген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖОРҒА ЖАРЫС

...

Жорға жарыс - жорға аттардың жарысы, ұлттық ат спорты түрлерінің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕТПАҚДАЛА

...

Бетпақдала - Қазақстанның орталық бөлігінде орналасқан кең-байтақ шөлді өңір. Ол Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жерлерін қамтиды. Батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен, шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, со

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМЕТА

...

КОМЕТА (грек. kometes) - құйрықты жұлдыз, дәл мағынасы ұзыншашты - аспанда оқта-текте тұманданған объект түрінде байқалып, жұлдыздарға қатысты орын ауыстыратын және әдетте центрінде қылаң түйіртпегі (ядросы) бар, Күн жүйесіндегі аспан денесі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҰСТАЛЫҚ ӨНЕР

...

Ұста - әр түрлі металдан, темірден тұрмыста тұтынатын түрлі бұйымдар мен шаруашылыққа қажет құрал-саймандар, қару-жарақтар, т.б. жасайтын адам. Кейде ұстаны «темірші», «темір ұстасы» деп те атайды. Ертеректе ұсталарды қара ұста, ақ ұста деп екі топқа бөлг

ТОЛЫҒЫРАҚ »