UF

САСЫҚ МЕҢДУАНА - УЛЫ ӨСІМДІК

Категориясы: Өсімдікті


САСЫҚ МЕҢДУАНА – ДУРМАН ОБЫКНОВЕННЫЙ

Сасық меңдуана - бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Биіктігі 1 метрден асады. Сабағының сырты тегіс, іші қуыс, тік өседі. Жапырақтарының ұштары суйір, салалы, ірі, шеттерінде ойықтары бар, сағақтары ұзын, үстіңгі жағы қою жасыл, төменгі бұтақты жерінде олар жалғыз-жалғыздан орналасқан. Гүл тәжі ұзын түтікше тәрізденіп, гүл тостағаншасынан асып тұрады. Ұрығы – ұзындығы 3-4 сантиметрлік сырты тікенді, жұмыртқа тәрізді қауашақ. Піскен кезде ішінен 500-ге жуық үлкен қара дәнектері төгіледі. Өсімдіктің бас айналдыратындай жағымсыз иісі бар.

Шілде-тамыз айларында гүлдеген кезінде жапырақтарын жинап алып кептіреді. Құрамында гиосциамин, скополамин, атропин бар. Өсімдіктің жапырағынан жасалған дәрілер жоғарғы нерв жүйелерін тыныштандырады, бронхтарды кеңейтеді, денедегі бездердің сөл бөлуін азайтады. Сасық меңдуананы көбінесе бронх демікпесін емдеу үшін пайдаланады.

Халық медицинасында сасық меңдуананы невралгияны, аяқ-қолдың тырысуын, хореяны, қояншықты, тоқтаусыз ықылық атуды емдеу үшін қолданады. Тік ішек айналып шығып кеткенде бұлау жасап отырады. Ішек қатты түйіліп ауырғанда және ревматизм ауруына да қарсы пайдаланады.


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Өсімдік жапырағының ұнтақталған 20 грамын 1 стакан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, мұрын арқылы 20 минут дем алады. Бұлау жасау үшін оның 20 грамын бір шелек суға салып, ваннадағы суға қосып пайдалануға болады. Спиртті тұнба: 20 грамм ұнтақ талған жапырақты 100 мл спиртке салып 8-10 күн тұндырады да, шөбін сүзіп тастап, тұнбаның 2 тамшысын 2 қасық суға тамызып күніне 4-5 рет ішеді. Кейде көпшілік арасында өзін-өзі емдеймін деп жүріп уланатындар да кездеседі. Уланған адамнын беті қызарады, көз қарашығы үлкейеді. Кісі тыпышсызданады, түсініксіз әлде нелерді айтып сөйлейді, көзіне әр түрлі нәрселер көрінгендей болады, бірте-бірте есінен айрылады. Емделген жағдайда жоғарыда айтылған белгілердін бәрі бір-екі күйде жоқ болады, бірақ көздің қарашығы бір аптаға дейін үлкейіп жүреді. Кісі бұл кезде жақындағы заттарды көре алмайды. Міне, осы жағдайларға байланысты сасық меңдуанадан жасалған дәрілерді тек дәрігердің қатаң бақылауымен ғана пайдаланған дұрыс.

  Жарияланған-2016-07-14 23:16:14     Қаралды-9265

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖҮЗІМ НУГАСЫ

...

Жүзім мен курага мол салынған жұмсақ кәмпит сияқты тағам осылай деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КАРАМЕЛЬ

...

50 грамм қантпен араластырылған жұмыртқа шайқалады. Үстіне ваниль ұнтағы қосылып, сүт құйылады. Сөйтіп қант әбден еріп кеткенше шайқалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҮЙДЕ ЖҰМЫС ІСТЕГЕНДЕ ДЕНСАУЛЫҒЫҢДЫ ОЙЛАСАҢ...

...

Жазу жұмысына отырғанда жарық (терезе, шам) сол жағыңда болсын.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЙЕРКИХЕЛАХ

...

Бөлке жасалатын қамырдан қиғаш төрт бұрышталып пісіріліп, жұмыртқаның сары уызы жағылған тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЛГЕ ҚАҒАН ЕСКЕРТКІШІ

...

Көне түркі жазулары ішінде көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкен ескерткіш Түрік қағандығының атақты ханы Білге қағанға арналған. Арам ойлы жақын адамдары зұлымдык жасап, оны у беріп өлтірген. Қағанның құрметіне 735 жылы Орхон өзенінің жанына Кіші-Цайдам де

ТОЛЫҒЫРАҚ »