UF

ИТСИГЕК

Категориясы: Өсімдікті


ИТСИГЕК — АНАБАЗИС БЕЗЛИСТНЫИ, ЕЖОВНИК БЕЗЛИСТНЫЙ

Итсигек – биіктігі 90 сантиметрге жуық, көп жылдық, жартылай бұталы өсімдік. Тамыры жуан, 6-7 метр тереңдікке дейін кетеді. Түп жағындағы сабағы қатайған қоңыр түсті, жоғарғы жағында жасыл сұр түсті болып келеді. Бұтақтары жұмыр, жапырақсыз. Гүлдері майда, ақ немесе ашық қызыл түсті, олар бұтақшаларының жоғарғы жағында масақша шоғырланып тұрады. Тамыз-қыркүйек айларында гүлдейді. Жемісі жидек сықылды болып келеді. Ол - улы өсімдік. Шөлді далаларда, сортаң жерлерде қалың болып өседі. Итсигектің жоғарғы жағындағы жас бұтақшаларын гүлдемей тұрғанда орып, жинап алады. Кепкеннен кейін машимамен майдалап, електен өткізеді. Кұрамында анабазин, афиллин, лупинин, афиллидии, оксиафиллидин, оксиафиллин сияқты алкалоидтар бар.

Итсигек медицинада тікелей қолданылмайды. Негізінен алғанда анабазин және афиллин алкалоидтерін алу үшін қолданылады. Анабазиннен РР витамині деп аталатын никотин қышқылы алынады. Ол дене сыртындағы көптен жазылмай жүрген жараларды емдеу үшін қолданылады.

Афиллин гипертония ауруы мен жүрек ауруларым емдеу үшін де қолданылады. Ал анабазин өте күшті улы зат. Оның 2-3 тамшысы кісіні өлтіріп жіберуі мүмкін. Міне, осыған байланысты итсигекпен улану оны жинап жүрген адамдар арасында кездесіп қалып отырады. Кісі уланғанда сілекейі ағып, басы айналады, жүрегі айниды, құсады, жүрегі қатты соғып, дем алысы жиілейді. Аурудың маңдайынан суық тер шығып, денесі тырысады, дем алысы бұзылады. Бұл жағдайларда аурудың асқазанын жуып, құстыратын дәрілер береді, қолдан дем алдырады. Жоғарыда аталғандарға байланысты итсигек жинаумен айналысқан адамдардың уланып қалмауы үшін барынша сақтық шараларын қолданған жөн.

  Жарияланған-2016-07-12 15:29:38     Қаралды-7389

Мәлімет сізге көмек берді ма

МАШИНА НЕДЕН ЖАСАЛЫНҒАН?

...

Әрине, машина жеке бөлшектерден құралады. Ал бөлшектер металдан жасалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН - САРА АЙТЫСЫ

...

Біржан мен Сараның 1871 жылы қазіргі Талдықорган облысының Қапал - Ақсу өңірінде кездескендегі айтысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АСПАН НЕГЕ КӨГІЛДІР?

...

Біздің Жерімізді көгілдір планета дейді. Бұлайша кездейсоқ аталмаған. Жерді қоршап тұрған ауа мұхиты көгілдір түстес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ АТА-БАБАЛАРЫМЫЗ НЕМЕН ЖУЫНҒАН?

...

Ежелгі уақытта Ресейде ең көп таралған жуғыш зат сілті болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮРКІЛЕРДІҢ КӨНЕ ЖАЗБАЛАРЫ

...

Бағзы замандарда түркілер өз әліпбиін ойлап тапты. Ондағы әріптер қар бетіндегі құс іздеріне өте ұқсас, құйттай сына түріндегі сызықшалармен бейнеленді. Мұндай жазу «сына жазуы» (немесе ешкім сырын аша алмаған бұл жазулар «руна» деп аталады, руна сөзі гот

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕЙІЗ ҚОСЫЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ӨРМЕ

...

Қамыр сүтке қатты етіліп иленеді де, оған май, қант, мейіз, езілген ашытқы, жұмыртқаның сары уызы қосылып, бәрі жақсылап араластырылады. Сөйтіп 90 минут бойы жылы жерге қойылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »