UF

ҚАЗАҚТАРДЫҢ КЕРЕМЕТ ТАҒАМ - ҚАЗЫ

Категориясы: Тағам


Қазы – жылқы етінің ең шиманды бөлігі. Оны ішекке тығып та, ішекке тықпай да сақтауға болады. Қазыны ішекке тығу, яғни айналдыру үшін жылқының екі жақ сүбе қабырғасы екі бөлек алынып, сырыққа немесе керілген жіпке ілінеді де 7–8 сағат сорғытылады. Бұл кезде қазы айналдыратын ішек те тұзды суға салынып қойылады. Қазының екі ұшы түйретілетін іскектер де алдын ала дайындалады. Сорғыған қазының қалың–жұқалығына қарай одан қанша қазы шығатыны көзбен молшерленеді. Өйткені қалың қазы етсіз, жұқа қазы жалпақтау тілінеді. Себебі қалың қазы жалпақ тілінсе, біріншіден, ішекке симай қалады, екіншіден айналдыруға келмейді. Соның салдарынан жылқының ішегінен артылып қалады. Айналдырылмаған қазы айналдырған қазыдан дәмсіз болады. Оның үстіне көп сақтауға келмейді. 

Сонымен қазы қабырғалардың басынан бастап қос–қос қабырға етіп, жұптап тілінеді. Қабырғалардың көлденең шеміршектері уілдіріктің арасынан саймалап, шығарылып отырылады. Қазы тілетін пышақ, өткір болуға тиіс. Әйтпесе қазыны ірітіп жібереді. 

Қазының тұзына қара бұрыш, үккішпен үгілген сарымсақ қосылады. Тұзы татымды болу үшін қазыны тұздау үстінде оны аударыстырып, әр тұсынан татып байқауға болады.

Тұздалған қазы сойылған малдың терісіне 2–3 сағат орап тасталады. Сонда қазы тұзды бойына жақсы тартады. Содан соң ішекке тығып айналдыра беруге болады. Айналдырып болғаннан кейін ішектің екі ұшы іскекпен түйреліп, жіппен байланады. Сөйтіп іліп қойып дегдітіледі. Содан кейін кептіріп, сүрлей беруге болады.

Қазы ыстап та сақталады. Ол үшін 10–12 градус температурада 3–4 сағат ұсталады да жел қақтырып, дегдітілед. Содан соң 50–60 градус температурада қою түтінге 12–18 сағат ысталады да жылылығы 12 градус жерде 4–6 сағат кептіріледі. 

Қазы асып пісіріледі. Ол үшін салқын сумен жуылған қазы шым–шым жылы су құйылған кастрюльде асылады. 

Піскен қазы тақтай үстіне салынып, дөңгелектеп қиялал кесіледі. Жайпақ ыдысқа әсемдеп орналастырылады да оның жиегіне дөңгелектеп туралған пияз немесе көк бұршақ салуға болады.

Құрамы: қазы айналдыру үшін 5 килограмм қазы, 350 грамм тұз, 10 грамм қара бұрыш, 50 грамм сарымсақ, дастарқанға қоярда 100 грамм қазы, 1 пияздың 1/4 бөлігі, 2 ас қасық көк бұршақ.

  Жарияланған-2016-05-27 13:19:52     Қаралды-13474

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖАҢҒАҚТАН ЖАСАЛҒАН РУЛЕТ

...

Бұл - ішіне жаңғақ салынып, қамырдан жасалған тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Дәм қабық (корица) қосылған крандір

...

Тоқаш қамырынан жасалатын тағамды шығыс халқы осылай атайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Жеміс-жидектерді өңдеп алынатын өнімдер

...

Пюре - аздап қайнатылған және қорға арналған жеміс- жидек өнімдері, оның тек бір ғана түрінен жасалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕҢІЗ КӨЛІ

...

Теңіз көлі Ақмола облысының аумағында орналасқан. Көлге Сарыарқадан басталатын Нұра өзені келіп кұйылады. Тереңдігі - 2-2,5 м. Теңіз көлінде 60-қа жуық кішігірім аралдар бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҮЙДАШ ХАН

...

Бұйдаш ханның билігі тек Жетісу жеріне ғана жүрген. Өйткені Таһир ханның кезінде- ақ Қазақ хандығының әлсіреуі күшейіп, қазақ жерінде бірнеше хандар пайда бола бастаған. Бұйдаш - Жетісу жеріндегі қазақ хандарының бірі. Ол аз ғана (1533-1534) хандық құрды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛЫҚШЫ ТҰЙҒЫН

...

Балықшы тұйғын - қарағайлы орманның қарақшысы атанған батыл әрі жыртқыш құс. Ұясын биік кәрі ағаштың бұтақтарының діңге жақын жеріне салады. Сондықтан оны табу өте қиын. Ұясының ішіне жіңішке бұтақтарды төсейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »