UF

ҮҢГІРЛЕР

Категориясы: Табиғат


Үңгір дегеніміз - ерігіш тау жыныстарының бұзылуы, мүжілуі салдарынан пайда болатын жер қыртысындағы қуыстар. Ерігіш тау жыныстарына көбіне әктас, гипс, доломит, т.б. жатады. Үңгірлердің ұзындығы ондаған, жүздеген метрден, кейде бірнеше ондаған километрге дейін жетеді. Жер асты және тау беткейлеріндегі үңгірлердің бір немесе бірнеше ауыздары жер бетіне шығып жатады. Қазақстанда қазір 140-тан астам үңгір белгілі болды. Қаратау жотасында - 80, Талас Алатауы мен Өгем жотасында - 20, Үстірт пен Маңгыстауда -11, Каспий ойпаты мен Солтүстік Аралда - 4, Сарыарқада - 12, Алтай, Қолба, Тарбағатайда - 5, Жетісу (Жоңғар) Алатауында - 2, Іле Алатауында - 6 үңгір бар. Олардың ішінде Октябрь үңгірі, Ақмешіт әулие үңгірі, Ащысай үңгірі, Баянауыл үңгірі, Мақпал үңгірі. Маңғыстау үңгірлері, Кенесары үңгірі, Үстірт үңгірлері елімізде танымал. Бұл үңгірлер туристік маңызы бар орындарға жатады.

Қазақстандағы ең үзын үңгір Іле Алатауында орналасқан. Ол Іле Алатауынын солтүстік беткейінде, теңіз деңгейінен 3300 м биіктікте. Үңгірдің ұзындығы 1390 метрге жетеді. Шымбұлақ спорт базасынан 3 шақырым жерде орналасқан бұл үңгір - Октябрь үңгірі деп аталады.

Үңгірлерді зерттеумен спелеология (үңгіртану) деген ғылым саласы айналысады.

 

  Жарияланған-2015-11-25 18:43:29     Қаралды-7657

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚАНДАЙ ӨСІМДІКТЕР ПАРАЗИТТЕР ДЕП АТАЛАДЫ?

...

Басқа өсімдіктің ұлпаларына жабысып, одан су мен қоректік заттарды бөліп алатын...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ СУ ІШЕМІЗ?

...

Өйткені сусыз өмір сүре алмайсың.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮНЖІТ ГРИЛЬЯЖЫ

...

Бұл - күнжіт дәні мол салынған карамель сияқты тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАРШЫҒА

...

Қазақ аңшыларының бүркіттен кейін колға ең көп ұстайтын кұсы - қаршыға. Дене тұрқы - 28-114 см, салмағы - 800-1500 г. Қос шалғылығының арасы - 100- 120 см. Тұмсық, тұяқтары қара. Қаршыға шегір көзді болып келеді. Доғалдау біткен қанатының қысқалығы, оның

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨЗІЛДІРІКТЕГІ ҚАНДАЙ ӘЙНЕК?

...

Адамдар шыныны мыңдаған жылдар бұрын жасай білген. Сонау ертедегі мемлекеттер - Ассирия, Вавилон, Ежелгі Египетте де шыны ісінің шеберлері жұмыс істеген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘСТҮРЛІ ТӘТТІ ТАҒАМДАР

...

Табаға 3-4 сантиметр қалыңдықта ұн салынады да, духовкаға немесе газ плитасына қойылып, шала қуырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »