UF

«ҚАРАКӨЗ» ҚУЫРМАСЫ

Категориясы: Тағам


Қаракөз қуырмасын жасау үшін белок пайдаланылады. Сары уызынан мұқият тазартылған белок салқындатылады, көпіршітіліп шайқалады. Шайқауды доғармастан оның үстіне құм шекер әуелі аз-аздан, соңынан мол етіп қосылады. Жалпы шайқау уақыты – 25-30 минут. Шайқалған белок массасына іріктелген көкнәр дәні қосылып, тез-тез араластырылады.

Шайқап болғанда белок көлемінің 5-6 есе артуы керек.

Алынған масса үстіне қағаз төселген немесе аздап май жағылған табақтарға қағаз немесе кондитер қалтасынан сығып, түймедағы гүлі сияқты етіп салынады да температурасы 100-110 градус пешке қойылып, 30-40 минут бойына пісіріледі.

«Қаракөз» қуырмасын жасауға 4 стакан қант, 4 жұмыртқаның ағы, 2 ас қасық көкнәр, бір шымшым ванилин жұмсалады.

  Жарияланған-2016-03-03 15:28:51     Қаралды-2097

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҰСТА, ЗЕРГЕРЛЕРДІҢ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ

...

Көрік - ұста, зергерлердің түрлі металдарды балқытып, қыздырып, өңдеу үшін қолданатын, оттыққа жел беріп тұратын құралы. Көріктің «қос көрік», «қол көрік», «мес көрік», «аяқ көрік» деген түрлері бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЧЖАН ЦЯНЬ

...

Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі ру-тайпалық одақтар мен ертедегі мемлекеттердің әлеуметтік-саяси құрылымы, олардың өзара және Орталық Азиядағы көне иелектермен байланысы жөніндегі алғашқы деректерді бізге Чжан Цянь жеткізді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘРІЛІК САБЫНШӨП (ЖЕР САБЫН)

...

Дәрілік сабыншөп - биіктігі 80 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӘЙШЕШЕК - ДЕНЕНІҢ ҚЫЗУЫН ТӨМЕНДЕТЕДІ

...

Бәйшешек – биіктігі 35 сантиметрге жететін қоңырқай түсті, қысқа, тамыр сабағы жіңішке, қосалқы тамырлары бар көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕЙБІТШІЛІК ҚҰСЫ

...

Адам үшін пайдалы, өте момын кұстардың бірі - кептер. Көптеген адамдар бос уақытында кептер өсірумен шұғылданады. Кептер барлық елде тіршіліктің, бейбітшіліктің, сүйіспеншіліктің белгісіне айналған. Кептер - адамның өте ертеден қолға үйреткен құсының бір

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПИЯЗ - АТЕРОСКЛЕРОЗГЕ ҚАРСЫ

...

Пияз – көп жылдық, шөп тектес өсімдік, ол тікелей тамырынан өсіп шығады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »