UF

БӘЙШЕШЕК - ДЕНЕНІҢ ҚЫЗУЫН ТӨМЕНДЕТЕДІ

Категориясы: Өсімдікті


 

БӘЙШЕШЕК – ПЕРВОЦВЕТ ЛЕКАРСТВЕННЫЙ

Бәйшешек – биіктігі 35 сантиметрге жететін қоңырқай түсті, қысқа, тамыр сабағы жіңішке, қосалқы тамырлары бар көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Жер үстіндегі бөлігі қысқа, гүл сабағы мен оның түбінде топталып сабақты айнала өскен тамыр – жапырақтарынан тұрады. Тамыр жапырақтары жұмыртқа тәрізді, сопақша келген, қысқа сабақты. Гүлдері ашық сары түсті, қолшатыр тәрізденіп, гүл сабағының ең ұшында бір жағына қарай қисайып тұрады. Гүл тостағаншасы 5 тісті, гүл жапырақшалары өзара біріккен түтікше тәрізді. Жемісі – қоңырқай түсті, сопақша келген қауашақ. Мамыр айында гүлдеп, шілде айында жеміс береді.

Бәйшешек шабындықтарда, орман ішінде, бұталардың арасында, таулы беткейлерде өседі. Дәрі ұшін өсімдіктің жапырағы мен тамыр сабағы, тамырлары пайдаланылады. Құрамында С витамині, сапониндер, эфир майлары, гликозидтер, примверин, флавондар бар.

Бәйшешектен жасалған дәрілердің тер шығаратын, дененің қызуын төмендететін, жөтелді басатын, құрқұлаққа шипа болатын, несептің бөлінуін күшейтетін қасиеттері бар. Халық медицинасында орталық нерв жүйесінің жұмысын қалпына келтіру үшін, өкпе және бронхтар қабынғанда қақырық түсіру үшін қолданылады. Ревматизм ауруына байланысты буындардың сырқырағанын басу үшін, бүйректің және қуықтың кейбір ауруларын емдеу үшін пайдаланылады. Сонымен қатар бұл өсімдікпен халық медицинасында іштің жүрмей қалуын, бас ауруын және мигренді емдейді.


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 20 грамм тамырды қайнап тұрған 2 стакан суға салып, 20 минут тұндырып қояды да, жарты стаканнан күніне 3-4 рет ішеді. Оның жапырақтарынан тұнбаны былай жасайды: ұнтақталған бір ас қасық жапырақты қайнап тұрған 1 стакан суға салып 20 минут тұндырады да, жарты стаканнан ішеді.

  Жарияланған-2016-07-13 15:23:53     Қаралды-4094

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЕРТІС БОЙЫ

...

Ертіс бойы өңірі Қазақстанның солтүстік-шығысымен ағатын еліміздегі ең ұзын өзен (1698 км) - Ертіс алабын алып жатыр. Ертіс бойында Шығыс Қазақстан және Павлодар облысы орналасқан. Қытайдан бастау алатын (Зайсан көліне дейін «Қара Ертіс» дейді) бұл өзен е

ТОЛЫҒЫРАҚ »

УАҚЫТ КЕЗЕҢ ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕДІ: КЕМЕ

...

Уақыт кезең әлемді өзгертеді: кеме

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЖАЙЫП ТЕҢІЗ «ТҰРҒЫНДАРЫ»

...

Жағалауда тұрып, шалқар айдынға көз жіберген кезде, теңіз дегенің судан басқа ештеңесі жоқ тұлдыр, тіршіліксіз дүниедей болып көрінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАЯ – ЖЫЛҚЫНЫҢ САУЫР ЕТІ.

...

Оны сүрлеуге, қақтап кептіруге, сондай–ақ ыстауға да болады. Әуелі жая 10 сантиметр қалыңдықта сылынып алынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ЖАҚСЫ ЖҮЗІМ СОРТТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

...

Жүзімнің қазіргі қолданылып жүрген, аудандастырылған сорттары ұсынылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҰСТА, ЗЕРГЕРЛЕРДІҢ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ

...

Көрік - ұста, зергерлердің түрлі металдарды балқытып, қыздырып, өңдеу үшін қолданатын, оттыққа жел беріп тұратын құралы. Көріктің «қос көрік», «қол көрік», «мес көрік», «аяқ көрік» деген түрлері бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »