UF

ШЕКЕР-ЛУКУМ

Категориясы: Тағам


Бұл - тоқаш жасалатын қамырдан қиғаштап туралып, бетіне қант ұлпасы себіліп дайындалатын тағам.

Шекер-лукум жасау үшін клейковинасының мөлшері 30 процентке дейін жететін жоғары сортты бидай ұны пайдаланылады. Клейковинасы бұдан артық бидай ұны жарамайды. Өйткені ондай ұннан иленген қамыр көпсімей қатты болады.

Өндірістік жағдайға байланысты қамыр машинамен немесе қолмен иленеді.

Қамырды машинамен илегенде әуелі оған сарымай салып, іске қосады да май 5 минут бойы шайқалады. Одан кейін қант ұлпасын қосып, тағы да 5 минут шайқаған дұрыс. Сонда қант түйіршіктеліп қалмай, біркелкі ериді. Май әбден шайқалып болған соң оған суға немесе спиртке ерітілген күйінде запыран және сүт қосылады. 2-3 минут шайқап, аммоний және ұн салынады да масса әбден біркелкі болып шыққанша араластырылады.

Қолмен илегенде алдымен шағын қазанға сарымай салып барып иленеді. Бұл процесс 15 минутқа созылады. Содан соң қант ұлпасы қосылып, тағы да 15 минут бойы иленеді. Бұл процесс масса біркелкі болғанша жалғастырыла беріледі. Содан кейін үнемі араластыра отырып, массаға запыран мен сүт құйылады. Дайындалған массамы столға салып, ұнмен араластырып илеп, аммоний қосылады. Масса 15-20 минут бойы, біркелкі қою май сияқты болғанша иленеді. Осылайша дайындалған қамырдың температурасы 20-22 градус, ылғалдылығы 20-23 процент болады.

Қамыр иленіп болған соң оны әрқайсысы 300 грамм келетін бөліктерге бөліп тастау керек. Сол 300 грамдық бөліктерден батон жасалады. Ол батондар қаңылтыр табақтарға салынады. Қаңылтырдың ұзына бойына орайтын қағаз төселеді.

Табақтардағы батондарды мөлшері 15-30 миллиметр болатындай етіп төрт бұрыштайды. Орайтын қағаз қамырды жайылып, формасының бұзылуынан сақтайды.

Пісіру алдында табақтағы батондардың үсті тегістеліп, содан соң, пышақпен қиғаш етіп тіліктер жасалады.

Табақтардағы формаға келтірілген қамыр температурасы 180-190 градус пешке қойылып 18-20 минут бойы пісіріледі.

Пісірілген тағам табақтарға салынып, 30-35 градусқа дейін салқындатылады, содан соң әсемдей беруге болады.

Пісіріліп салқындатылған тағам пышақпен қиғаштап салынған із бойынша бөліп-бөліп кесіледі.

Кесілген бөліктер орайтын қағаз төселген ағаш астаушаларға қабат-қабат етіп салынады. Салынған әрбір қабаттың үстіне қант ұлпасы себіліп отырады. Астауша қабырғасының биіктігіне байланысты дайын тағамды 3 және 4 қабат етіп салуға болады. Салынып болған соң қағазбен жабылып сатуға жөнелтіледі.

Бір килограмм тағам жасау үшін 574,4 жоғары сортты ұн, 287,2 грамм сарымай, 172,3 грамм қант ұлпасы, үстіне себілетін 28,7 грамм қант ұлпасы, 172,3 грамм қаймағы алынбаған сүт, 0,06 грамм запыран және 2,3 грамм көмірқышқыл аммоний жұмсалады.

Дайын тағам ашық сары түсті, қиғаштап кесілген, үстіне қант ұлпасы себілген, сынғыш, үгітілгіш болуға тиіс. Ылғалдылығы 7-8 процент.

Бір килограмында кемінде 40 данасы болады.

  Жарияланған-2016-03-01 16:59:02     Қаралды-2064

Мәлімет сізге көмек берді ма

ТҮРКІЛЕР ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

...

Түркілердің пайда болуы туралы айтылатын генеалогиялық аңыз қытай жылнамасында келтірілген. Бұл аңыз Римнің негізін салатын Ромул мен Ремнің Қапитолии қасқырын еміп күн көретіні сияқты әңгімені көлденең тартады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛХОРЫ КӘМПИТІ (пастила)

...

Піскен алхоры жуылып, сүйектері алынады, эмальды кастрюльге салынып, үздіксіз араластырыла отырып, қоюлана бастағанша қыздырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛІШЕР НАУАИ

...

Әлішер Науаи - өзбек халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекеттік қайраткері. Әкесі өлгеннен кейін 12 жасар Науаиды Бабыр өз тәрбиесіне алған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Hasta la vista, baby

...

«Терминатор» фильмі бүкіл әлемге әйгілі және әртүрлі тілдерге аударылған. Терминатордың «Hasta la vista, baby» әйгілі фразасы «Hasta la vista, baby» қанатты болып кетті және біздің Отанымыздың ашық кеңістікте таралып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАУЫНҚҰРТ

...

Қауын ортасынан жарылады. Дәні алынып тасталынады. Қабығынан аршылған еті бөлек алынып, жұқалап туралады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ГҮЛ ҚАНДАЙ?

...

Суматра және Калимантан аралдарында таңғажайып өсімдік өседі - Арнольд раффлезиясы

ТОЛЫҒЫРАҚ »