UF

АТЫ КӨСЕМ АТЫМЕН АТАЛҒАН АҒАШ

Категориясы: Өсімдікті


Қылқан жапырақтылардың ішінде бұл ағаштың қалың өскен орманы 1769 ж. Тынық мұхит жағалауынан табылған секвоя ағашы. Сүрегі қызыл болғандықтан екінші аты - қызыл ағаш, бұл атау осы күнге дейін аталып келеді. «Секвоя» деп Солтүстік Америкадағы үнді тайпалары шетел құл иелемушілеріне қарсы күресте ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі - Секвудің (1770-1843 ж.) құрметіне қойылған. Секвоя өте ерте заманнан бері белгілі. Ертеде жер бетіне өте көп таралған. Қазіргі кезде мәңгі жасыл секвоя деген түрі Тынық мұхит жағалауларында Оңтүстік батыс Орегоннан Калифорниядағы Санта-Лусия жоталарында теңіз деңгейінен 600-900 м. биіктікте өседі. Америка ғалымдары   секвоя діңінің көлденең кесіндісінен 2000-6000 жыл жасаған түрлерін анықтаған. Секвояның биіктігі 110-112 м, жуандығы 6-11 м., қабығының қалыңдығы 70-80 см. Кесілген діңінің жуандығы соншалықты, оған 50 орындықты мейрамхана сыйып кеткен. 5 да адам 25 метр жерінің қабығын 3 айда зорға сылып бітірген. Діңінің жуандығы 20-23 метрге жететіндері де кездескен. Ағаштың салмағы 1000 тоннадан артық. Бір ағаштан 2000 текше метр тақтай тілуге болады. Еуропада секвояның кесілген түбіріне рояль, ика оркестр, 35 адамнан тұратын бишілер ансамблі сыйып кеткендігі көрсетілген көрме ұйымдастырылған. Бір ағашын тасуға 60 вагон керек екен. Сүрегі жеңіл, уақ тесікті, топырақта да, суда да шірімейді. Секвоя жылдам (тез) өседі, паразит саңырауқұлақтармен зақымданбайды, себебі ұшқыш улы зат (фитонцид) бөледі. Ұшқыш заты барлық зиянды жөндіктөрді қырады (жолатпайды). Секвояның басқа барлық қылқан жапырақтыларға тән емес бір қасиеті бар: ол тубірінен жас өркендердің дамуы. Дауылдан құлап қалған ескі діңінің түбіндегі бұйыққан бүршіктерінен жас өркендер шығады. Ертеде секвояның 15 түрі өссе, қазіргі кезде 2 түрі ғана сақталған олар: алып секвоя (мамонт ағашы деп те атайды) мен мәңгі жасып секвоя. Алып секвояны «мамонт ағашы» дейтін себебі - ескі бұтақтары мамонттың сойдақ тісіне ұқсағандықтан солай атаған. Мәңгі жасыл секвоя Калифорнияда өседі, биіктігі 132 м. Діңін құрылысқа, жиһаз, вагон, телеграф бағаналары, теміржолға төсеніш, қағаз жасауға пайдаланады. Сүрегінің иісі болмайды, сондықтан темекіге қорап, бал сақтайтын кеспек жасайды. Тез өсетіндіктен көгалдандыруға, орман шаруашылығында көбірек өсіреді. Секвояны тұқымынан, жас өркендерінен өсіреді. Тұқымы өте ұсақ, диаметрі 3 мм, бір бүрінде 150-200-ге дейін тұқым болады. Қырым, Кавказ, Орта Азияның оңтүстігіңде тұқымынан өсіреді, Ол - 18-20°С аязға шыдайды. Оңтүстік Қырым, Кавказдың Қара теңіз жағалауларында алып секвоя өседі. Секвояның оранжереяда өсіп тұрғандарын Санкт-Петербург, Мәскеу, Минск, Киев және т.б. қалалардан көруге болады.

  Жарияланған-2015-12-08 11:51:11     Қаралды-4080

Мәлімет сізге көмек берді ма

ТҰРЫМТАЙ

...

Сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құстардың бірі - тұрымтай. Қазақ құсбегілері тез көндіккіштігі үшін көбінесе ұядан алып, баулып, баптайтын болған. Көгершіннен сәл-ақ үлкен, шағын құс. Тұрымтайдың бітімі сұлу, көзі мөлдір болып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚОРТПА

...

Бекіре тұқымдастардың ішіндегі өте ірісі - қортпа. Қортпаның (белуга) ұзындығы 4 м-ден астам, салмағы – 1-1,5 тоннаға дейін барады. Бірақ Каспий теңізінде аулағанда көбіне ауға салмағы 46-64 кг келетін қортпалар түседі. Терісі сауыт тәрізді келеді. Денесі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА КӨНЕ МЕТАЛЛУРГИЯ ӨНДІРІСІ

...

Қазақ даласында көне заманның өзінде-ақ металлургия өндірісінің кеңінен дамуы осынау байтақ көшпелілер өңірінде кең тараған жануарлар стиліндегі өнер туындыларының дүниеге келуіне де себепші болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАНУАРЛАРҒА ҚҰЙРЫҚ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Құйрықсыз ит пен мысықты елестету қиын. Неліктен жануарларға құйрық керек?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АСКӨК

...

Аскөк – биіктігі 1,5 метрге жететін, бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы түзу, жұмыр.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСТУ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Есту қабілетінің арқасында біз айналамыздағы әлем туралы орасан зор ақпарат аламыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »