UF

ҚЫЗЫЛҚҰМ ӨҢІРІ

Категориясы: Табиғат


Қызылқұм өңірі - Әмудария (Өзбекстан) мен Сырдария (Қазақстан) өзендері аралығын алып жатқан құмды алқап. Басқаша айтқан-да, солтүстік-батысы Арал теңізіне, оңтүстік-шығысы Өзбекстандағы Зеравшан аңғары мен Нұратаға ұласады. Қызылқұм кұмды алқабының ауданы 300 мың км2-ді құрайды немесе Қазақстандағы Шығыс Қазақстан облысының аумағындай жерді алып жатыр. Теңіз деңгейінен 300 метр биіктегі құмды төбелер мен жалдардың салыстырмалы биіктігі 20-30 метрге жетеді. Кезінде теңіз түбі болған оңтүстігіндегі бұйратты төбелер (Бұқантау, Тамдытау, Құлжықтау, т.б.) кездеседі. Көктемде ғана гүлдеп, жаздың басында құрғап, кеуіп қалатын өсімдіктер, сонымен бірге құм жусаны, ақ және қара сексеуіл, жүзгін, бұйырғын, ал Сырдария аңғарында тоғай өседі. Шөлде өмір сүруге бейімделген бауырымен жорғалаушылар және аң-құстар көп. Көктемде құм төбелері арасында шағын көлшіктер мен уақытша ағатын шағын өзендер, жылғалар пайда болады.

Қызылқұм құмды алқабында Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының оңтүстік бөліктері жатыр. Құм төбелер мен оның төңірегінде жыл бойы мал жайылады. Кейінгі жылдары мұнда мәрмәр, графит, алтын, газ, кен орындары табылды.

Жер бетінде тұрақты ағын су болмағанымен, құмды алқаптың жер қойнауында жер асты теңізі саналатын Қызылкұм артезиан алабы жатыр. Қазақстандағы оның аумағы 115 мың км2, суы тау етектерінде 30-300 метр болса, құм арасына қарай 1770 метр тереңдікте жатыр.

Қазақстанда бұл Қызылқұмнан басқа Зайсан көлінің маңында, Каспий теңізінін шығысындағы Бозащы түбегінде осы аттас құмды алқаптар бар. Бірақ олардың аумағы шағын.

  Жарияланған-2015-11-25 17:10:17     Қаралды-7891

Мәлімет сізге көмек берді ма

БАЯНАУЫЛ ТАС МҮСІНДЕРІ

...

Сарыарқаның солтүстік-шығысында орналасқан Баянауыл тауларының табиғаты өте көрікті. Ең биік жері 1046 м болатын (Ақбет тауы) тау жан-жаққа 1-20 шақырымға созылып жатыр. Орталық тұсында орналасқан тау шоғырлары - Жасыбай, Жанбақы, Торайғыр, Жаманаула бірт

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТОБЫЛҒЫ

...

Ерте кездерден бастап-ақ қазақ халқы тобылғы бұтасына ерекше мән берген, әрі оны қасиетті деп те санаған. Сондықтан да, оның тамырына балта шабуға болмайды деп есептеген. Өйткені тамыры қырқылған тобылғы жерден нәр алып өсе алмайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖАТТЫҒУЛАРДАН КЕЙІН БҰЛШЫҚЕТТЕР АУЫРАДЫ?

...

Ауыр физикалық күш салудан кейін бұлшықет ауыруы бәріне жақсы таныс...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГАЛИЛЕЙДІҢ КЕРНЕЙІ НЕМЕН ТАНЫМАЛ?

...

Біздің планетамыз Әлемнің орталығы деп есептелді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮҢГУІР ҚАЙЫҚТЫҢ ІШІНДЕ НЕ БАР?

...

Суға кез келген әйнек сынығын тастап көр - ол су түбіне шым батып жоғалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГИЛЬОМ ДЕ РУБРУК

...

1253 жылы француз королі Людовик IX жіберген фламандтық монах Рубрук басқарған елшілік Моңғолияға сапарға шығады. Бұл миссияның максаты: моңғолдар арасында христиан дінін уағыздаймыз деп, оның астарында Ұлы хан мен ислам дінін ұстанған елдерге қарсы одақ

ТОЛЫҒЫРАҚ »