ҚАШАП, ОЙЫП САЛЫНАТЫН СУРЕТТЕР
Категориясы: Өнер
Ағаштан, сүйектен, тастан ойып адамның, жан-жануарлардың, өсімдіктердің бейнесін, ою-өрнектерді салуға болады.
Оған қашау, тесеу, шапқы секілді аспаптар пайдаланылады.
Бір кезде Русьте елді мекендерді жан-жақтан ормандар қоршап тұратын. Сондықтан ағаш орыстардың қол өнерінде өте-мөте көп қолданылады. Орыс шаруаларының арасынан шыққан ағаш шеберлерінің тамаша туындылары ежелден мәлім.
Ертеден-ақ үйлер ағаш түбірінен балтамен шауып жасалған ертегінің тұлпарларымен әшекейленетін. Өйткені, ол кезде жұрт ат бақыт әкелетін жақсы нышан деп санайтын. Ол замандағы үйлердің терезелерінің жақтауы ағаштан ойып жасалған гүлдердің, шөптердің, жан-жануарлардың бейнелерімен безендірілетін. Бұрынғы Нижегород губерниясындағы терезе қақпақтары жүзім шұқып тұрған құстардың суреттерімен нақышталатын.
Халық шеберлері керуеттің басын, орындықтардың арқалығын, жиын-тойда киетін киімдері салулы сандықтарының қақпағын не бір тамаша ою-өрнектермен көркемдейтін.
Әжейлер мен атайларға ұқсатып салынған не бір күлкілі құс ұялары сақталыпты. Мәселен, жағын орамалмен таңып, үстіне сарафан мен фартук, бес түймелі кофта киген әжейге ұқсатып жасалған қара торғай күркесі қандай күлкілі, қандай әсем! Әжейдің аңқая ашылған аузы - құстың өз ұясына ұшып кіріп, ұшып шығатын есігінің, ал істік мұрны қалақшаның орнына пайдаланылады.
Ертедегі той-томалақтарда дастарқанға міндетті түрде тәтті күлшелер қойылатын. Олар бетінде әсем өрнектер салынған ағаш тақталарда пісірілетін. Сонда тақтадағы өрнек күлшенің бетіне ауып түсетін. Ондай күлшелер кейде аңдар мен құстарды, ертегінің шаһарларын, шауып бара жатқан аттарды бейнелейтін. Өлгіндей күлшелерді бүгінде ешкім пісірмейді. Бірақ оларды пісіретін арнайы тақталардың кейбіреуі ел арасында әлі күнге дейін сақталыпты.
Біздің шеберлеріміз мұндай сәнді бұйымдарды тек ағаштан ғана ойып істемеген. Солтүстікте, әсіресе Чукоткада, шеберлер морж бен мамонт сүйегінен ойып, не керемет бұйымдар жасайды. Ал, Оралда тастан ойып ұйымдар жасау кең етек жайған. Ежелгі орыс шіркеулерінде не бір әсем ою өрнектер бар. Әсіресе, Владимирдегі XII ғасырдың аяғында салынған Дмитриев соборының әшекейлері сондай тамаша! Барлық қабырға еденнен төбеге дейін ағаштан ойған ою-өрнектермен көмкерілген. Олардың арасындағы бағзы аңыздардан түсе қалғандай не бір ғажап аңдар да, құстар да, періштелер де жүр.
Мұндай өнер түрі сәнді бұйымдар жасау өнеріне жатады.
Жарияланған-2016-11-16 17:54:23 Қаралды-5547
МҮКЖИДЕКТЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ
Мүкжидектің құрамында қант көп, лимон, бензой және хинин қышқылдары, пектин заттары, бояу заттары, С витамині бар. Халықтық медицинада - мүкжидек экстракты, сиробы, шырыны безгек ауруларымен ауырған адамның температурасын төмендетуге, құрқұлақ ауруын емде
КҮМБЕЗ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Кейбір ғимараттар мен құрылыстардың төбесінің тіреусіз дөңес етіп жабылғанын көруге болады. Муны күмбез деп атайды. Күмбез көбінесе шеңберленіп, кейде көп қырлы етіп жасалады. Күмбез ғимарат төбесін жаба отырып, үстіңгі салмақтың қабырғаға біркелкі таралы
ГУШИ ФИЛЬ (ТӘЖІКТЕР ӘДІСІМЕН ДАЙЫНДАЛҒАН ҚҰЛАҚШАЛАР)
Ұнға жұмыртқа, май, сут, қант қосылып, ашытылмастан қамыр иленеді. Ол «демін алдыру үшін» 30-40 минут қойып қойылады.
ЕҢ ҚЫМБАТ БАҒАЛЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚ
2005 жылы гонконгтық саңырауқұлақ сатушы спутниктік байланыс арқылы өзінің 1,2 килограмдық ақ трюфель саңырауқұлағын Италияда өткен қайырымдылық аукционында 95 мың евроға сатқан.
ТҰЗ ҚОСЫЛҒАН ШАЙ? АМЕРИКАЛЫҚТАР ТАҢ ҚАЛДЫ
Британдықтарға шай жасауды үйрету - бұл ризашылықсыз және тіпті қауіпті міндет, әсіресе кеңес американдық болса.