UF

БҰҚАР НАНЫ

Категориясы: Тағам


Бұл жаңғақ, жүзім, цукат қосып, тоқаш қамырынан жасалған тағам.

Қамыр дайындау үшін қажетті жаңғақтар ұнтақталады, цукаттар кесіледі немесе ет тартатын машина сияқты машинадан өткізіледі. Сарымай мен қант ұлпасы біркелкі масса болғанша араластырылып езіледі. Араластырылған массаға жұмыртқа, ұнтақталған жаңғақ, жүзім, цукат, сүт және көмір-қышқыл аммоний қосылады. Мұны да мұқият араластырғаннан кейін ұн салынып, тездетіп қамыр иленеді. Қамырдың илеп болғаннан кейінгі температурасы 18-20 градус, ылғалдылығы 23-25 процент болу керек.

Қамыр илеумен бір мезгілде помада да дайындалуға тиіс. Бұл үшін помада шайқайтын машина пайдаланылады: оған қант (құм шекер) пен сірне бір мезгілде салынады. Помаданы қолмен дайындаған жағдайда масса қайнататын қазанға әуелі қант салынып ерітіледі. Содан соң ол пешке (газға, электр плитасына) қойылып, қайнатылады. Қайнағаннан кейін бес минут өткен соң сірне қосып, қоспаны   115-120 градусқа жеткенше тағы да қайнату қажет. Қайнатылған масса 35-40 градусқа дейін салқындатылып, шайқайтын машинаға салынады немесе қолмен осы үшін арнайы қолданылатын қалақпен ұсақ кристалдар пайда болғанша шайқалады. Помаданың ылғалдылығы 10-12 процент болу керек.

Қамыр әр бөлігі 60 грамнан тартатындай етіліп бөлініп, диаметрі 60-65 миллиметрлік бөлкелер жасалады. Ол қағаз төселген қаңылтыр табақтарға салынады. Пісірер алдында бөлкелердің сыртына жұмыртқа жағылады да содан соң температурасы 200-230 градусқа жететін пешке қойылып, 20-25 минут бойы пісіріледі. Пісіп болған соң бөлкеге қант помадасы жағылып жылтыратылады.

Помадасы қатып болған соң бөлкелер астаушаларға салынып қойылады. Астаушаның биіктігіне қарай оларды 2 немесе үш қабат етіл салуға болады. Әр қабаттың арасына алдын-ала қағаз төселінеді.

Бір килограмм бұқар нанын жасау үшін 328,7 грамм жоғары сортты үн, 78,9 грамм сарымай, 170,9 грамм қант ұлпасы, 72,3 грамм жұмыртқа, 78,9 грамм жүзім, 49,3 грамм құрғақ цукат, 1,6 грамм аммоний, 82,2 грамм қаймағы алынбаған сүт, 39,4 грамм кептіріп ұнтақталған лещина жаңғағының дәні, сыртына жағатын 13,1 грамм жұмыртқа, 246,5 грамм құм шекер және 24,6 грамм помадаға қосатын сірне жұмсалады.

Дайын нанның формасы домалақ, помада жағып жылтыратылған, сындырған жерінің құрылымы біркелкі, ылғалдылығы 10-13 процент болу керек.

Ескерту: құрғақ күйіндегі 39,4 грамм лещина жаңғағы 47,3 грамм кептірілмеген жаңғаққа пара-пар.

  Жарияланған-2016-03-10 14:02:46     Қаралды-2196

Мәлімет сізге көмек берді ма

КӨЗІЛДІРІКТЕГІ ҚАНДАЙ ӘЙНЕК?

...

Адамдар шыныны мыңдаған жылдар бұрын жасай білген. Сонау ертедегі мемлекеттер - Ассирия, Вавилон, Ежелгі Египетте де шыны ісінің шеберлері жұмыс істеген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН - САРА АЙТЫСЫ

...

Біржан мен Сараның 1871 жылы қазіргі Талдықорган облысының Қапал - Ақсу өңірінде кездескендегі айтысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ФРИЗБЕН НЕ БЕЗЕНДІРЕДІ?

...

Афина Акропольдегі әйгілі грек ғимараты Парфенон скульптуралық фризбен безендірілген. Үйдің ішкі не сыртқы қабырғасының мүсіндермен не бояумен...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАРЫЛЫСТЫҢ ЭПИЦЕНТРІ

...

Жарылыстың эпицентрі - жарылыс орталығының жер үстіндегі (акваториядағы) проекциясы. Жарылыс орталығы жарқыл шығатын немесе ядролық жарылыстың от шарының орталығы тұратын нүкте.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАРБЫЗ ҚАЙНАТПАСЫ

...

Қарбыз етінің бүкіл шырыны сығылып алынады. Оған қант пен лимон қышқылы қосылып, қайнағанша қыздырылады да алдын-ала суға салып бөктірілген желатин ерітіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШОКОЛАД НУГАСЫ

...

Шайқалған кәмпит массасына жаңғақ пен какао қосылған тағам осылай аталады. Жаңғақ дәні жақсылап іріктеліп, бөгде қоспалардан, қабықтарынан, бұзылған дәндерінен тазартылады да соңынан жаңғақ жармалағышқа салынып жармаланады. Какао ұнтағы еленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »