UF

ШОҚАННЫҢ СОТ РЕФОРМАЛАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЗБАЛАРЫ - 19 ғасырдың 60 жылдары патшалық Россияның қазақтар үшін отарлық әкімшілік-басқару органдары мен сот жүйесін қайта құру реформалары жөнінде Шоқан Уәлихановтың жазған мақалалары мен хаттары. Бұл реформаның жалпы рухын қуаттаған Шоқан қазақ халқының саяси-экономикалық праволары мен мүдделерін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, қорғауға тырысты. Реформаның прогрестік заңдылыққа сүйеніп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, қазақ халқының орыс халқымен достығын нығайтуға бағытталуын қуаттады. Патша үкіметінің 1854 жылы 19 мамырдағы қазақтың билер сотын сайлау принципіне көшіру мен мемлекеттік органы арқылы бекітілуі жөніндегі заңына Шоқан қарсы шығып, сот реформасының бұл түрі халық мүддесіне қайшы келетінін көрсетті. «Билерге чиновниктік атақ беріп, олардың лауазымын көтеруді көздеген бұл заң, - деді Шоқан, - ... билікті халықтың әдет-ғұрыптары мен правосынан ешбір хабары жоқ баққұмар байларға береді» (Уәлиханов Ш. Мақалалары мен хаттары. -А., 1949, 60 б). Бұл тәртіппен сайланған чиновник-билер жұрттың бәрінен пара алып, ал өздері ұлыққа пара беріп жүретін болыстар тәрізді болып кетеді деп қауіптенді. Шоқан, 1854 жылғы заң халықтың мүддесіне қайшы келеді және империяның отаршылық заңдары мен соттарының ролін арттырады деп, бұл соттық реформаға қарсы шықты. Шоқан қазақтың ертеден қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен адамгершілік, демократиялық принциптерін қорғап, бұқараның мүддесі мен тілегіне сай билер сотының ешбір өзгеріссіз, ежелгі түрінде сақталуын қолдады. 19 ғасырдың 60 жылдарындағы қазақ қауымы үшін билер сотының тиімділігін және оның бітім (мировой) соттарынан артықшылығын дәлелдеп көрсетті. Билердің сот процесі әдетте ауызша, халықтың ана тілінде, жұрт алдында ашық мәжіліс формасында өтеді. Сот процесіне міндетті түрде қорғаушы қатысып отырған. Билердің халық алдындағы беделінің жоғары болуы сондай оларға ешқандай шек қойылмаған және шек қоюды қажет етпейтінін Шоқан атап көрсетеді.

Билер өздерінің әділдігі мен дербестігі арқасында ғана беделге, лауазымға ие болды. Олар тек дауласушы жақтар өздерінің қалауымен келіп жүгінгенде ғана сот процесін жүргізуге кіріседі. Билер сотының бұл тәртібі қазақ әдет правосының демократиялық принциптері негізінде қалыптасқан. Сот мәжілісі дәстүр бойынша коллегиялық формада өтеді және билердің шешіміне риза болмаған жағдайда арызданушының басқа биге жүгінуге ерікті болғанын Шоқан жоғары бағалады. Сот процесінде би айыптаушы немесе қорғаушы ролін атқаруға праволы болған. Би лауазымы сайлау, бекіту арқылы берілмей, тек сот ғұрыптарын жетік білетін, тілге шешен, беделді адамдардың ғана бұл құрметті атаққа қолы жеткен. Мұндай дарынды билер халық алдында, жиын, топтарда сан рет өзінің қабілетін көрсетумен ғана жұртқа танылған. Қазақ тарихында әдет-ғұрыпқа жетік, елдің ішкі-сыртқы жағдайын жан-жақты терең түсіне білетін саңлаң билер жұртқа әйгілі болған. Бірақ билер соты шын мәнінде таптың қоғамның мемлекеттік органы болғандықтан, ол әрдайым үстем таптың яғни феодалдардың мүддесін жүзеге асырып отырды. Патша үкіметінің 1857 жылғы заңы бойынша Сібір қазақтарының: «опасыздық жасау, кісі өлтіру, ел тонау, барымта, үкіметке қарсы шығуы т. б.» қылмыстық істері үшін орыс соты мен империялың заң бойынша сотталуына Шоқан қарсы шыңпады. Тек барымта мәселесінің қазақ ғұрпына сәйкес қайта қаралып және оны билер сотының қарауына беруді жөн көрді («Есім салтан ескі жол», «Қасым ханның қасқа жолы», Жеті Жарғы, Билердің билігі, Тәуке хан заңдары).

Әдеб.: Уәлиханов Ш. Мақалалары мен хаттары, А., 1949; Зиманов С.З., Атишев А. Политические взгляды Чокана Валиханова. -А.-А., 1965; Булатов С. Я. К вопросу о государственных и правовых воззрениях Ч. Валиханова. «Вестник АН КазССР», 1956, -№ 3.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-11-08 12:58:54     Қаралды-4838

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ БАР?

...

Жыл мезгілдерінің ауысуы – табиғаттың мәңгілік және өзгермейтін құбылысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »