UF

Тістер – ас қорыту жүйесінің басты элементтерінің бірі. Жас балада ол, әдетте, 6-7 айлығында шыға бастайды. Бұл – сүт тістер. 13-14 жасқа қарай олар тұрақты тістермен алмасады. 20-22 жастан бастап, кейде одан да ерте үлкен азу тістері мен ақыл тістері шығады. Олардың саны төртеу болады, бұлар өте осал келеді және шайнау іс-әрекетіне қатыспайды.

Тістермен шайнау қызметін атқаратын бұлшық еттер асты майдалайды. Өйткені онсыз тағамның қорытылуы мүмкін емес. Одан өзге олар бет-пішінге әр береді және сөз айтуда, ән салуда белгілі бір роль атқарады.

Ауыз қуысының тазалығы бірнеше ережелерді мұқият орындауға байланысты. Тамақтанып болған соң астың қалдықтарын және содан пайда болатын инфекциялардың дамуын азайту үшін ауызды, тісіті қайнаған сумен шаю керек. Жаңғақты жемістердің сүйектерін, қатты тістеп шағуға болмайды, өйткені тістің эмалін, зақымдап, оның бүлінуіне әкеп соғады. Мұндай жағдайларда пайда болған жарықшақтар тістің ауруына жол ашады.

Ыстық тамақтан соң суық су немесе сусын ішу тіске зиянды әсерін тигізеді. Бұл эмальда майда жарықшақтардың пайда болуына әкеліп соғады.

Ауыз қуысында микробтар өсіп-өнетін ортаны азайту үшін түнге қарай тісті тазалап, ал таңертең ауызды жылы сумен шаю ұсынылады.

Тіс щеткасының қатты болмауы тиіс, тіс тазалайтын ұнтақты бір-екі аптадан соң (эмаль қажалып кетпес үшін), тіс пастасын алмастыру керек.

Тіс үш жақтан (ішкі жағын, екі ауызын, тістердің асты-үстін) тазалайды. Мұның үстіне щетканы тістің ортасына көлденең бағытта ғана емес тік бағытта да арлы берлі қозғалта отырып, тістердің аралығын да тазалайды. Мектепте ұдайы (жылына 1-2 рет) барлық оқушылардың тісі мен ауыз қуысы медициналық байқаудан өткізіліп отыруға тиіс.

Өңеш. Өңештің қабырға жақтауы ас қорыту жүйесінің басқа бөлімдеріндегі сияқты үш қабаттан тұрады: ішкі – кілегейлі қабықша, ортаңғы – бұлшық ет қабықшасы, сыртқы – сірі қабық немесе байланыстырушы ткань, іш пердесі. Балалар өңешінің кілегейлі қабықшасында қан тамырлары мол болады, олар нәзік, әрі тез зақымданғыш келеді. Балалар өңешінің қабырға жақтауларының бездері мен жылтыр ткань толық жетілмеген болып келеді әрі кілегейді аз бөледі. Бұл төменгі және ортаңғы сынып оқушыларындағы асқазанындағы қорытылмаған астың қозғалысын қиындатады. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалар мен оқушылардың тағамында күшті тамақтар мейілінше аз болуға тиіс. Олар тағамды мұқият шайнап, қиналмай жұтатын болуы керек.

Қарын. Қабылданған тамаққа орай қарын өзінің формасын өзгертіп отырады. Ас қорыту сөлі бөлімі мен қарынның безді аппараты балаларда да ересектердегі сияқты рефлекторлы сипатта болады.

Жас кезде қарын бездерінің қозуы қарын кенерлерінде орналасқан рецепторларға шартсыз қоздырғыштардың әсер етуінен болады. Жас өсіңкіреген кезде бұл процеске шартты рефлексті қоздырғыштар: астың түрі, иісі, тіпті тағам туралы әңгіме де әсер етеді.         Балалардың қарын сөлінде белоктарды альбумов мен пептодарға дейін бөлшектейтін барлық ферменттер болады. Липаз ферменті сүтпен бірге келіп түсетін майларды ыдыратады.         Тұз қышқылы – қарын сөлінің ең маңызды құрамдас бөлігінің бірі. Оның мөлшері қабылданған асқа байланысты. Баланы емшек сүтімен қоректендірген кезде ол өте аз, ал сиыр сүтімен қоректендіргенде ол өте жоғары болады.

Астың қарында болу ұзақтығы оның құрамы мен сипатына байланысты. Мәселен, майлар мен белоктар көміртегіне қарағанда ұзағырақ болады. Қарында салқын және ыстық тағам дене температурасымен бірдей асқа қарағанда ұзағырақ болады.

Тәбетпен желінген тамақ (яғни қарын сөлі жеткілікті болған кезде) амалсыз желінген тағамға қарағанда тезірек қорытылады. Соңғы жағдайда қарын тағам қорытуға дайын емес болып шығады.

Ішек бөліктерінің сіңіргіштік қабілеті

Ащы ішек. Балалар ащы ішегінің ерекшелігі- мүшелер мен  тканьдерді перьгендірудің аяқталмауына байланысты оның қызметінің жеткілікті түрде дамымауы болып табылады. Ащы  ішектің ұзындығы (он екі елі  ішектің басынан мықын ішектің соңына дейін) 8-11 жасар балаларда-400см, ал ересектерде-500-600 см. Оның клегейлі қабықшасында лимфалық аппарат(солитарлы фолликул, пейер қатпарлы табақшалары) брюннер және люберкнюн бездері болады, олар организмнің қорғаныш қызметін атқарады.

Ащы ішектің сөлінде энтеронипаздан бөлек көміртегін, майларды және белоктан түскен өнімдерді (альбумозалар және пепондар) бөлшектеуге әрекет ететін ферменттер болады .    Ащы ішектің кілегейлі қабатының түктерінің сіңіру қабілеті әр келкі: біреулері майдың бөлшектенген өнімдерін,  екіншілері- көміртегін, үшіншілері- белоктарды, төртіншілері-суды сіңіреді. Және с.с ішектің  созылып жиырылуы белсенді болған жағдайда сіңіру жақсара түседі.    7-11 жасар балалардың ащы ішегінде ботқа 18 ден 21 сағатқа дейін болады. Бұл цифрлар астың сипатына, оның қабылданған уақытына, денсаулық жағдайына, ішек бездерінің қызметіне қарай ауытқып отырады.

Тоқ ішек. Бұл ас қорыту жүйесінің соңғы бөлімі. Жоғары класс оқушыларының   тоқ ішегінің ұзындығы ересектермен бірдей дерлік (150-160см) болады. Онда келіп түскен заттың суы сорғып нәжіс түзіледі. Тоқ ішекте болатын ашытқы көпіршіктер қант қалдықтарының ашуына себепші болады. Бұл В дәруменінің қорын едәуір көбейтеді. Кейбір ғалымдар сол жерде К дәрумені де түзіледі деп есептейді. Яғни, адамның ішегінде ауыртпайтын микробтардың қалыпты нормада болуы пайдалы роль атқарады.         Түзілген нәжіс массасы ішектің созылып жиырылуының арқасында тік ішектің кеңдеу жеріне (ампуладқа) жинақталып, рефлекторлы түрде аластатылады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2018-08-17 17:56:08     Қаралды-3971

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ БАР?

...

Жыл мезгілдерінің ауысуы – табиғаттың мәңгілік және өзгермейтін құбылысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »