UF

РАДИАЦИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ

1. Радиациялық экология

2. Радиациялық ластанудың негізгі көздері

Радиоактивті ластану – қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда. Ластанудың бұл түрі химиялық кейін екінші ортаға шықты. Радиациялық ластануды мынадай топтарға бөледі: 1) Радиоактивті заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа-(гелий ядросы), бета – (жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма–сәулеленулердің әсерінен болатын радиациялық ластану (физикалық ластану түрі). 2) Қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі). Энергия қуаты өте жоғары электрондарды атомнан ажыратып, оларды басқа иондарға қосып, дұрыс және теріс зарядты иондар құрайтын сәулені ионды сәуледеп атайды. Табиғи жолмен ионды сәуле (шашатын элементтердің) ғарыштан келеді және тау жыныстарында орналасқан радиоактивті заттардан таралады. Радиоактивті сәуле шашатын элементтердің изотоптарын радиоактивті изотоп немесе радионуклиддеп атайды. Атом бомбаларын сынау, атом электростанцияларын пайдалану көбейген сайын аспаннан түсетін және жерде жиналған радиактивті қалдықтар тым көбейіп кетті. Басқа заттардың атомдары мен молекулаларына қосымша қуат ретінде өз сәулесін беретін ионды сәулелер корпускулярлық және электромагниттік болып екіге бөлінеді. Корпускулярлық сәулелер өз энергиясын кездескен барлық заттарға береді.

Радиациялық ластанудың негізгі көздері альфа, бета, гамма сияқты радиоактивті сәулелер. Альфа сәулелер – бұлар Гелийдің атом ядролары. Басқа сәулелермен салыстырғанда мөлшері үлкен ауадағы жолы бірнеше сантиметрден аспайды. Жолында кездескен заттарға адам денесі, терісі немесе қағаз беті арқылы тоқтайды. Бірақ сол тоқталған нүктесінде өте күшті иондық әсер қалдырады. Бета сәулелері. Бұлар жылдам электрондар. Мөлшері Гелий атом ядроларынан кіші ауадағы жолы ұзақ бірнеше метрге атылады. Атом денеге бірнеше сантиметрге сіңеді. Сәулені бір нүктеге емес, жүрген жол бойына шашады. Нейтрон сәулелері. Электрлік қасиеті жағынан бейтарап элемент болғанымен атомдарға қалыпты жағдайынан ажыратқанда тура бағытталған атомдарды радиоактивті сәуле шашып, радиоактивті емес материалдар мен денелерден өтіп гамма сәулелерімен салыстырғанда жылдам нейтрондар он есе, баяу нейтрондар бес есе көп зиян келтіреді. Нейтронды сәулелер атом станциялары маңында атом жарылыстары болған жерлерде көп жиналады. Осы сәуленің әсеріне жаңа радиоактивті заттар пайда болып қоршаған ортаға тарайды. Корпускулярлық сәулелер болғандықтан жолда кездескен барлық заттарға сәулелерін шашады. Гамма сәулелері. Электрлік магниттік сәулелер қатарына жатып, күн сәулесі ұзақ қашықтыққа шашыратады. Толқындарының ұзындығы бета сәулелерінен қысқа, денеден оңай өтіп ешқандай әсер қалдырмауы да мүмкін. Егер шашырап тарайтын сәуле болса, онда жол бойы ионды әсер қалдырады. Сонымен, альфа, бета, гамма сәулелері осы ретпен тұрса сәулелердін денеге өтуі күшейеді де, иондық әсері азая береді. Биолог ғалымдар альфа және бета сәулелерде дене ішіндегі сәулелер, ал гамма сәулені дене сыртындағы сәулелер деп атайды. Өйткені, альфа, бета сәулелер ішкен аспен, темекі түтінімен т.б. жолдармен адамның ішкі денесіне өтіп, көп уақыт сақталып үлкен әсер етеді. Ал гамма сәулелер денеде сақталмай өтіп кетеді, сәуленің көзі адам денесінен бөлек болады. Дене сыртындағы сәулелер адамның шашына, қолымен бет терісіне шашырап тисе, дене ішіндегі сәулелер дененің ішкі мүшелеріне қауіпті. Олар денеде көп сақталып әбден таусылғанша немесе денеден шығып біткенше сәуле шаша береді. Рентген сәулелер де электрлік сәулелерге жатады, гамма сәулелеріне ұқсас арнаулы қондырғылар арқылы сәулені оңай алып, денені тотықтырады. Экологиялық жүйелерді зерттеуге пайдаланады. Рентген қондырғылар айнала радиоактивті сәуле шашады. Ғарыштан келетін ионды сәулелер корпускулярлық және электрлік-магниттік сәулелерден тұрады, биосфераға аса қауіпті емес. Ғарышта ұзақ уақыт болған жолаушыларға зияны бар.  Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде, ақуыз, фермент және басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады. Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшеріне қарай ауыр және созылмалы болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына ұшырайды, ал аз мөлшерде адам ұзақ уақыт сәуле ауруына шалдығады. Қабылданған мөлшеріне қарай сәуле ауруы төрт түрлі дәрежеде болады: 1-дәрежесі жеңіл түрі – 100-200 рентген мөлшерінде; 2-дәрежесі орташа – 200-300 рентген; 3-дәрежесі ауыр – 300-500 рентген мөлшерінде; 4-дәрежесі өте ауыр – 500 рентгеннен астам мөлшерде сәуле алған кезде болады.

Сәуле ауруы төрт кезеңде жүреді: бірінші кезең - сәуленің организмге әсері оның мөлшеріне қарай болады. Оның ең алғашқы белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру, жүрек айну, құсу, іш өту, терінің бозаруы, қан қысымының айнымалы болуы, естен тануы. Екінші кезең - бірінші кезеңнен кейін уақытша аурудың жағдайы жақсарады. Бұл кезеңді латентті кезең, яғни, жағдайдың жақсы болып көрінуі кезеңі деп атайды. Алған радиация мөлшері көп болса, бұл кезең қысқа болады да екі күннен үш жетіге созылады. Әлсіздік, терлегіштік, тәбетінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы байқалады және қанда өзгеріс болады. Үшінші кезең - өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда сәуле ауруының асқыну кезеңі басталады. Аурудың температурасы көтеріліп, ішіне қан құйылады, жаралар пайда болады, бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда болады. Үш төрт жетіден кейін шаштары түседі, қан ұюы бұзылады да, жұқпалы аурулар дами бастайды (өкпенің қабынуы, дизентерия, іш өту, қанның бұзылуы, т.б.). Төртінші кезең - сәуле ауруының жеңіл түрі, осы кезеңде ауру жазыла бастайды. Ауыр түрі болса, онда адам бірінші кезеңде өліп кетеді. Орташа және ауырлау түрінде адамның жазылуы бірнеше айға созылып қанға азаяды, қан қысымы көтеріледі және организмнің әлсіздігі байқалады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-03-31 14:50:24     Қаралды-869

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ БАР?

...

Жыл мезгілдерінің ауысуы – табиғаттың мәңгілік және өзгермейтін құбылысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »