UF

РАДИАЦИЯЛЫҚ  ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗДЕРІ.  РАДИОАКТИВТІ  ЗАТТАРМЕН  ЖҰМЫС  ІСТЕУДІ  ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

  1. Мал  дәрігерлік  зертханасының  радиология  бөлімінің құрылысы  және оның  жұмысын  ұйымдастыру.
  2. Радиоактивті заттармен  басқа  да  иондаушы  сәуле  көздерін алу,  есептеу,  сақтау  және тасымалдау жұмыстары.

 

Бір   химиялық    элементтің    өздігінен    тұрақсыз    ядро   атомы   ыдырап    басқа    элементтің    ядросына   айналып,    айналаға    зарядталған    бөлшектерді     бөледі    (мысалы    альфа    бөлшектерін,  электрондарды)    немесе   У-кванттарды    бөлуін    айтады.   Элементтің   ыдырауына   байланысты  кейінгі    пайда   болған   (дочерние)   элементтердің   ядросы   тұрақты   немесе   тұрақсыз    (радиоактивті)   болуы   мүмкін.   Кейінгі    пайда   болған   тұрақсыз   (радиоактивті)   элементтің   ядросы,   тағыда  да   басқа    элементтердің   ядросына   айналып   а-,  b-бөлшектерін    бөліп   және   у-сәулесін   шашады.   Радиоизотоптардың     табиғи   және   жасанды    түрлері    болады.   Табиғи  жағдайда    уран,   радий,    торийда    табиғи    изотоптар   кездеседі,   ал   радиоактивті   изотоптарды    жасанды   жолмен   арнайы   ядро   құрылымдарында   алады,   мисалы   кальций-45,   фосфор-32,   күкірт-35   және   басқалары.   Оларды   жасанды   радиоактивті     изотоптар   дейді.   Олардың   араларында    ешқандай    айырмашылықтар   байқалмайды.    Табиғи  жағдайда   радиоактивті   заттардың   пайда   болуы   әртүрлі  элементтердің    ядросын   космостан   келген   бөлшектердің,   немесе    арнайы    құрылымдарда   нейтронмен    атқылағанда    пайда   болады.    Арнайы   құрылымдарда   (ускорительдерде)   элементтің     ядросына    дейтронмен,   протонмен,   нейтронмен    атқылау   арқылы   кез-келген   химиялық    элементтің   радиоактивті     түрін   экспериментте   алуға    болады.

Әрбір   радиоактивті   элементтің   негізгі   көрсеткіштері-    ол   элементтің   жартылай    ыдырау    (период   полураспада)    мерзімі   (Т)   және   зарядталған    энергия    бөлшектері    мен   гамма    квант   энергиясын    бөлу    болып   саналады.

Радиоактивті    элементтердің    ыдырауы,    тұрақты   (радиоактивті    емес)    изотоп    пайда   болғанша    жүре    береді.  Бұл   жағдайда   радиоактивті   элементтердің    изотоптары    ары    қарай    ыдырап,    басқа,    атомдық    салмағы   төмен   радиоактивті   изотоптарға   айнала    береді.   Бірақ,    жаңадан   пайда   болатын   әрбір    химиялық    элементтердің    радиоактивті    изотопының   ыдырау    уақыттары   әртүрлі;   сек. ,   сағат. ,    ондаған,   жүздеген,   мыңдаған    жылдарға   созылады.   Бұл       радиоактивті    элементтердің    ыдырау   принципін    радиоактивті    заңдылығы   деп   атайды.   Бұл   заңдылық,  немесе   радиоактивті    элементтердің   ыдырау      заңдылығы    атом   бомбасын   жарғанда,      немесе   ядролық     зерттеу   реакторларында   орын   алады.   Бром-90-ның     радиоактивті    жартылай    ыдырау    мерзімі-16 сек. ,   криптон-33 сек. ,   стронций-90-28 жыл,   Сs-137   ондаған      жылдар,   pb-87,    Zr-93,   Cs-135   мыңдаған   миллиондаған   жылдарға  созылады.

Радиоактивті    қалдықтар    

Атом   қаруын   қолданғанда   немесе   радиоактивті   изотоптарды   өндіргенде,   болмаса   халық    шаруашылығында    пайдаланғанда   радиоактивті   қалдықтар    пайда   болады.

Қазіргі   кезде    радиоактивті   қалдықтар    негізінен   радиоактивті   изотоптармен   жұмыс   істейтін   өндіріс    орындарында,    атом   электростанцияларында,   атом    қозғалтқыштарымен    жұмыс    істейтін   кемелерде,    атом    өнеркәсібінің   мекемелерінде    болады.

Радиоактивті    қалдықтар   қатты,   сұйық,    газ   түрінде   болады,   ал   қуаттылық   белсенділігі   бойынша-жоғары,    орта,   әлсіз   қуаттылық   белсенділігіне    бөлінеді.   Радиоактивті   қалдықтармен   шамалы    қоршаған    ортаны    былғағанда,   адам    мен   жануарлар    сыртқы   ионды   сәулелер   арқылы   зақымданады    және   радиоактивті   изотоптар   организмге   ауамен,   сумен   жем-шөппен   және   тағамдық   өнімдерді    пайдалану    арқылы   зақымданады    (сәулемен    зақымдану   ауруы).   Халық    шаруашылығында    негізінен   радиоактивті   изотоптардың   қоршаған   ортаны    былғанбауын    қадағалау    қажет.

Сұйық    газды   радиоактивті    қалдықтардың    әсерін   жою   үшін   (дезактивация)   біз    екі   жағдайды   білуіміз   керек.   Бірішісі,   ол    радиоактивті    ыдырау   реакция   кезінде   пайда   болатын    кейбір     радиоактивті    элементтердің   қалдық   изотоптарды   ыдырау    кезеңі    қысқа   болып,    ол   элементтердің   тигізетін    әсері    төмендейді;   екіншісі,   ол   ветеринариялық     объектідегі   (қора-қопсы,    жем-шөп,    ауыл    шаруашылық    малдар,    су    көздері,    мал   жайылымы   т.б.)   радиоактивті    изотоп    қалдықтарын   барынша     таза     жинап    алып,    оны    жерге   терең    көміп    тастап   залалсыздандырады,    артынан    дезективация    жасайды.

Сұйық   радиоактивті   қалдықтарды   заласыздандыру    үшін    (дезактивация    жасау    үшін)    дистиляция,   ионды    алмастыру    тәсілін,    коагуляция    және   тұндырып,    кейін   сүзу    (фильтрация    жасау)    тәсілдерін    жүргізеді.    Мал    қораларынан   радиоактивті   аэрозолдарды    тазарту    үшін    мал   қораларына   түрлі    фильтрлерді    қолдану   арқылы    ауасын    тазалайды.    

 Картоп, көк өністердің  сақтайтын  жайларында, оларды тез өнбеу үшін  радиостерилизация әдісін  қолданады. Астық және  астық  өнімдерін  дизенфекциядан өткізу мақсатында  радиостерилизциядан пайдаланады. Радиостерилизациядан  астық пен астық  өнімдерін  өткізгенде, олардың сақталу мерзімі ұзарады, сапасы бұзылмайды.

Радиоизотоптарды малдың организміне жіберу арқылы, оны химотерапияда және қатерлі ісіктерді емдеуде, ионды сәулемен зақымдану ауруында пайдаланады. Бұл жағдайда, ісіктегі ұлпалар шамалы мөлшердегі ионды сәулемен әс  еткенде жойылады, оның емдеу дәрежесі  жоғары  болады.

Демодекоз, таз, кератит ауруларында  ионды сәулемен емделу дәрежесі жоғары болады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-03-31 13:17:16     Қаралды-469

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ БАР?

...

Жыл мезгілдерінің ауысуы – табиғаттың мәңгілік және өзгермейтін құбылысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »