UF

БУРЖУАЗИЯЛЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ - негізгі мақсаты феодалдық құрылысты жойып, буржуазия өкімет билігін орнату арқылы буржуазия мемлекетті қалыптастыруды көздейтін әлеуметтік революция. Әлеуметтік революция дегеніміз - бірте-бірте дәурені өтіп бара жатқан ескі қоғамдық-экономикалық формацияның табиғи дамуы әзірлеген, оның барлық жақтарын түбірінен жаңартатын қоғамдық төңкеріс. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы қайшылықтар туғызатын әлеуметтік революциялар кенет пайда болмайды, ол - қоғамның экономикалық және саяси жағынан эволюциялық жолмен дамуының барысында заңды түрде пісіп жетілетін процесс, тап күресінің жоғарғы сатысы. Сондықтан әлеуметтік революңияны Маркс тарихтың локомотиві деген. Феодализмнен капитализмге өтердегі әлеуметтік революциялардың тууының шартты себебі - феодализм қойнауында пайда болып, өсіп жетілетін капиталистік өндірістік қатынастар. Феодалдық құрылыс баста бұл жаңа бағытқа жол бергенімен, кейін оның дамуына кең өріс ашпай, барған сайын оған еселеген дәрежеде тұсау салып тоқтатпақшы болады. В. И. Ленин бұл туралы былай дейді: «...феодализмнен өсіп шығатын буржуазиялық революция үшін ескі құрылыстың ішінде бірте-бірте жаңа экономикалық ұйымдар құрылады, олар феодалдық қоғамның барлық жақтарын бірте-бірте өзгертеді. Буржуазиялық революцияның алдында жалғыз-ақ міндет болды, ол міндет - бұрынғы қоғамның барлық тұсауларын құрту, алып тастау, қирату. Осы міндетті орындаумен бірге, буржуазиялық революцияның қандайы болса да өзінен талап етілетін нәрсенің бәрін орындайды: ол капитализмнің өсуін күшейтеді» (Шығ., 27-т., 75-6.). Әр елдің нақты тарихи өзгеше жағдайларына байланысты бірқатар ерекшеліктерінің болуымен бірге, буржуазиялық революциялардың барлығына тән жалпы сипаты мен міндеті болады, ол - феодализмнің күйреуі және капиталистік қоғамдық-экономикалық формацияның орнығуы. Империалистік буржуазияның қазіргі идеологтарына қарама-қарсы ол кездегі буржуазия табының идеологтары халықтың көтеріліске шығып, монархияны құлатып, буржуазия республика орнатуын жақтады, революцияны жаңа қоғам орнатудың дұрыс жолы деп түсінді. Шынында, бұл буржуазиялық революцияларда буржуазия осы қозғалыс басшыларының бірі болды. Жалпы алғанда барлық буржуазиялық революциялар өздерінің тарихи міндетін орындап, феодализмге қарағанда анағұрлым прогресшіл қоғамдық құрылыстың жеңгенін баянды етіп, өндіргіш күштердің, ғылым мен мәдениеттің жедел өркендеу заманын ашқанымен, мұның барлығын ол жеткілікті дәрежеде іске толық асыра алмады. Буржуазиялық революциялардың бәрі дерлік белгілі бір дәрежеде аяқталмаған болып шығатындығы да осыдан. Сондықтан, оның табыстарының бәрінің баянсыздығы, ішкі жағынан қайшылығы буржуазиялық революцияға, осындай революция болғандығынан, табиғи тән нәрсе». 19 ғасырдың орта шенінде қоғамдағы тап қатынастарының өзгеруіне байланысты буржуазиялық революцияның да сипаты өзгере бастады. Енді тарихи аренаға капитализмнің көрін қазушы пролериат шығып, капитализмді социалистік революция арқылы социализммен өзгерту қажеттігі айқындалды. Осы себептен 1848-1849 жылдарда Европа елдерінде болған буржуазия революцияда буржуазия өзінің саясатын қайта қарауға мәжбүр болды. Ол енді халық бұқарасының революциялық қимылдарына тежеу салып, тіпті оларды жаныштап, билігі шектелген феодалдық таптар мен келісімге келіп, революцияны «жоғарыдан» жасамақшы болды, оның қимылын орта жолда тоқтатпақшы да болды. Марксизм-ленинизм буржуазия революциялардың ішінен буржуазия-демократиялық революцияларды бөліп алып қарайды. Бұл революцияларда халықтың қалың бұқарасы, жұмысшылар мен шаруалар, өздерінің дербес экономикалық және саяси мүдделері үшін күресетіндігінен, мұндай революциялар халықтық сипатта болады. Буржуазия-демократиялық революцияларда халықтың қалың бұқарасы оның көпшілігі, езу мен қанаудың тепкісінде болып жапа  шеккен қоғамның ең «төмендері» өз алдына дербес бас көтерді, революцияның бүкіл жүрісіне өз талаптарының, қиратылатын ескі қоғамның орнына өздерінше жаңа қоғам орнатуға ұмтылған өз әрекеттерінің ізін қалдырды.

Империализм дәуірінде буржуазия-демократиялық революциялардың негізгі қозғаушы күші - бұл дәуірдің бірден-бір тиянақты революцияшыл күші пролетариат басқара бастайды. Ол шаруалармен берік одақ жасай отырып, енді буржуазияға революцияны басқартпайды. Бұрынғы буржуазия-демократиялық революцияларда, буржуазия табының басшылығымен іске асырылған революция өкімет билігін буржуазияға беріп, капиталистік қоғам орнатса, енді жұмысшы табының басшылығымен іске асырылатын буржуазия-демократиялық революция нәтижесінде пролетариат пен шаруалардың демократиялық диктатурасы орнатылып, оның белгілі бір қолайлы жағдайда пролетарлық диктатурасына ұласу мүмкіншілігі туады. 1905 жылы шыққан өзінін «Социал-демократияның демократиялық революциядағы екі тактикасы» деген еңбегінде В. И. Ленин осы қағиданы Маркс ғылымына сүйене отырып дамытқан болатын. 1917 жылғы Ресейде болған Февраль революциясының социалистік революцияға ұласуы В. И. Лениннің осы тұжырымы өте дұрыс екенін айқындады. 1947-1948 жылдар Шығыс Европа елдерінде, ал 1949 жылы Қытайда болған революциялар буржуазия-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы арқылы пролетарлық диктатурасын орнатқан буржуазия-демократиялық революцияның жаңа түрлері болды. Көптеген Азия, Африка, отар елдерінін ұлт-азаттық күресі нәтижесінде тәуелсіздікке қолы жетуі де буржуазия-демократиялық қозғалыстарға жатады, себебі онын нәтижесінде империализмнің отарлау жүйесі күйретілді. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы қайшылықтар туғызатын әлеуметтік революциялар кенет пайда болмайды, ол - қоғамның экономикалық және саяси жағынан эволюциялық жолмен дамуының барысында заңды түрде пісіп жетілетін процесс, тап күресінің жоғарғы сатысы. Сондықтан әлеуметтік революцияны Маркс тарихтың локомотиві деген. Феодализмнен капитализмге өтердегі әлеуметтік революциялардың тууының шартты себебі - феодализм қойнауында пайда болып, өсіп жетілетін капиталистік өндірістік қатынастар. Феодалдық құрылыс баста бұл жаңа бағытқа жол бергенімен, кейін оның дамуына кең өріс ашпай, барған сайын оған еселеген дәрежеде тұсау салып тоқтатпақшы болады. Феодализмнен өсіп шығатын буржуазиялық революция үшін ескі құрылыстың ішінде бірте-бірте жаңа экономикалық ұйымдар құрылады, олар феодалдық қоғамның барлық жақтарын бірте-бірте өзгертеді. Буржуазиялық революцияның алдында жалғыз-ақ міндет болды, ол міндет - бұрынғы қоғамның барлық тұсауларын құрту, алып тастау, қирату. Осы міндетті орындаумен бірге, буржуазиялық революцияның қандайы болса да өзінен талап етілетін нәрсенің бәрін орындайды: ол капитализмнің өсуін күшейтеді. Әр елдің нақты тарихи өзгеше жағдайларына байланысты бірқатар ерекшеліктерінің болуымен бірге, буржуазия революциялардың барлығына тән жалпы сипаты мен міндеті болады, ол - феодализмнің күйреуі және капиталистік қоғамдық-экономикалық формацияның орнығуы. Империалистік буржуазияның қазіргі идеологтарына қарама-қарсы ол кездегі буржуазия табыньщ идеологтары халықтың көтеріліске шығып, монархияны құлатып, буржуазия республика орнатуын жақтады, революцияны жаңа қоғам орнатудың дұрыс жолы деп түсінді. Шынында, бұл буржуазия революцияларда буржуазия осы қозғалыс басшыларының бірі болды. Жалпы алғанда барлық буржуазия революциялар өздерінің тарихи міндетін орындап, феодализмге қарағанда анағұрлым прогресшіл қоғамдық құрылыстың жеңгенін баянды етіп, өндіргіш күштердің, ғылым мен мәдениеттің жедел өркендеу заманын ашқанымен, мұның барлығын ол жеткілікті дәрежеде іске толық асыра алмады. Буржуазия революциялардың бәрі дерлік белгілі бір дәрежеде аяқталмаған болып шығатындығы да осыдан. Сондықтан, оның табыстарының бәрінің баянсыздығы, ішкі жағынан қайшылығы буржуазиялық революцияға, осындай революция болғандығынан, табиғи тән нәрсе. 19 ғасырдың орта шенінде қоғамдағы тап қатынастарының өзгеруіне байланысты буржуазия революцияның да сипаты өзгере бастады.

Әдеб.: Маркс К. Францияда 1848 жылдан 1850 жылға дейінгі тап күресі, Маркс К., Энгельс Ф. Екі томдық таңд. Шығ., 1-т., 116-б.; сонікі, Луи Бонапарттың он сегізінші брюмері. бұл да сонда, 221-б.; Ленин В. И. Социал-демократияның демократиялық революциядағы екі тактикасы. Шығ., 9-т.; сонікі, Пролетариаттың үстіміздегі революциядағы міндеттері туралы. Шығ., 24-т.; сонікі, Мемлекет пен революция. Шығ., 25-т., КПСС Программасы. А., 1961; Брежнев Л. И. Совет Одағы Коммунистік партиясының XXIV съезіне КПСС Орталық Комитетінің Есепті баяндамасы. А., 1971.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2021-08-09 12:32:03     Қаралды-3594

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ БАР?

...

Жыл мезгілдерінің ауысуы – табиғаттың мәңгілік және өзгермейтін құбылысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »