БАЯН БАТЫР
Категориясы: Адамдар
Баян Қасболатұлы, Батыр Баян (1710/15-1757 жж.) - қазақтын атақты батыры.
Баян батыр қазақ-жоңғар шайқасына қаншама рет атой салып кірген. Жекпе-жек ұрыстарда жаудың талай батырын жер жастандырған. Осындай көзсіз ерліктері үшін халық «Батыр Баян» деп атап кеткен. Батыр Баян қалмақтармен болған ірі соғыста ағасы Сарымен бірге шейіт болған.
Баян - алғырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше кұрметіне бөленген ержүрек батыр. Абылай хан: «Өз батырларымның арасында Малайсары мен Баян бәрінен жоғары тұр. Малайсары батырлығы, мінезі жағынан, Баян батыр ақылы мен ержүректігі жағынан», - депті.
Баян батыр ерлігі М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастанында жырланған. 1993 жылы режиссер Т.Тәуекелов Баян батыр туралы фильм түсірген.
Батырдың бейіті Қарағанды облысы Қаркаралы ауданындағы Шекелек деген жерде.
Жарияланған-2015-11-13 20:41:06 Қаралды-3720
ҮЙДЕ ЖҰМЫС ІСТЕГЕНДЕ ДЕНСАУЛЫҒЫҢДЫ ОЙЛАСАҢ...

Жазу жұмысына отырғанда жарық (терезе, шам) сол жағыңда болсын.
АВИАЦИЯДА АЛҒАШҚЫ ҰШУ ТАРИХЫ

Атам заманнан бері адам көкке көтерілуді армандап келді. Сұңқардай қалықтап, қырандай самғаса, шіркін!
БИАТЛОН ТАРИХЫНАН

Биатлон ... «атлон» грекше «күрес» деген сөз. Биатлон жарысы кезінде спортшылар шаңғымен сырғанап және мылтықпен нысанына көздеп атып өнер көрсетеді.
ҚЫТЫРЛАҚ

Ун, сүт, жұмыртқа және қанттан қатты тұщы қамыр иленеді. Ол жұқалап жайылып, арнаулы кескішпен дөңгелектеліп кесіледі де қыздырылған майға ашық сары түске енгенше қуырылып пісіріледі.
ЖЕР СІЛКІНЕДІ, АЛ ТЕҢІЗ СІЛКІНЕ МЕ?

Теңіз дауылы мен теңіздің сілкінуі бір нәрсе емес. Теңіздегі ең биік әрі ең қауіпті толқындар теңіз астындағы жер сілкінісі салдарынан пайда болады.