БЮСТ
Категориясы: Өнер
АДАМДАРДЫҢ кеудеден жоғарғы тұлғасын ғана бейнелейтін мәрмәр, қола немесе ағаш мүсіндерді бюст деп атайды. Ежелгі заман мемлекет қайраткерлері, ғалымдары, философтары, жазушылары мен қолбасшыларының мәрмәр және қола мүсіндері біздің тұсымызға дейін жетіп отыр.
Біз Сократтың аса ажарлы бола қоймағанымен, ақыл тұнған бет-әлпетін, император Каракалланың ызғар шашқан қатыгез көздерін, Афин билеушісі Периклдің сабырға толы парасатты жүзін өз көзімізбен көре аламыз.
Третьяков галереясы залдарының біріне қойылған академик А.Н.Крылов бюсі неткен ғажап! Оны совет мүсіншісі В. Мухина күңгірт қатты ағаштан қашап жасаған.
В.Мухина (1889-1953 жж.) Академик А.Н.Крыловтың портреті
Біз оқымыстының көзін қыса қарайтын дана жүзіне қарап, өмірде де дәл осындай болғанына кәміл сенеміз.
Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.
Жарияланған-2016-11-02 13:33:56 Қаралды-1554
БАЛСЫЗ КҮНБАҒЫС КӘЗИНЕГІ

Бұл - күнбағыс дәнінен жасалатын төрт бұрышты немесе қиғаш төрт бұрышты тәтті тағам. Бадамнан жасалатын кәзинек схемасы бойынша дайындалады. Бұйым тығыз жабылатын қақпағы бар қаңылтыр қораптарға салынады.
ЕҢ БЕРІК, ЕҢ ЖҰМСАҚ ҚАЙ МЕТАЛЛ?

Әуелі ең берік металл туралы. Оның аты – титан, күміс түсті - ақ, сыртқы түр: болатқа ұқсайды.
Бразилияда 100 машина жанамалап жүре беретін жол бар

Қалалық бір аңыз бар, Монументальды білік әлемдегі ең кең жол болып табылады, ол жолмен «[100 - 160] автомобильдер жанамалап жүре алады».
Мысық йодты қалай ойлап тапты. Тосын жаңалық

Француз химик-технологы және фармацевт Бернар Куртуа 1811 жылы йодты ойлап тапты. Бірақ, бұл жаңалығы ұзаққа созылып кетуі әбден мүмкін еді, егер Бернар Куртуаның сүйікті мысығы болмағанда. Бұл оқиғаны Куртуаның достары айтып береді.
АРПА - ДӘРІЛІК ӨСІМДІК

Арпа – биіктігі жарты метрге жететін, көпшілікке белгілі, бір жылдық, шөп тектес дақыл.