ТӘУЕКЕЛ ХАН
Категориясы: Тарих
Тәуекел хан (т.ж.б. - 1598 ж.) Қазақ хандығын құрушы Жәнібек ханның ұрпағы болып келеді. Ол - Хақназар ханнан соң аз ғана уақыт хан болған Шығай ханның ұлы. Тәуекел он жылдан астам (1586-98 жж.) хан тағында отырды. Оның билігі кезінде Қазақ хандығы Сібір және Орта Азия билеушілерімен тынымсыз күрес жүргізеді. Тәуекел хан Мәскеуге елшілік жіберіп, орыс патшасымен одақ құруға күш салады.
Тәуекел хан Ташкент қаласы үшін ұрыс жүргізіп, оны Қазақ хандығына қосады. Осыдан кейін ол Самарқанд қаласын алады.
Тәуекел ханның арқасында оңтүстіктегі қалалар толығымен кайтарылады және Ташкент, Әндіжан қалалары Қазақ хандығына бағынады. Бұхара қаласы түбіндегі бір шайқаста оқ тиіп, жараланады да, содан қайтыс болады.
Тарихта Тәуекел ханды қазақ халқының жерін біріктіруді аяқтаушы деп санайды.
Жарияланған-2015-11-13 16:58:14 Қаралды-9696
АСТРАХНУЛИ (ЧАК-ЧАК)

Қамырдан жасалып, жіңішке кеспе түрінде кесілген, қайнап жатқан майға құырылған және кәдімгі ара балына пісірілген кәмпитті шығыс халқы осылай атайды. Құырып болғаннан кейін ыдыста май қалдығы қалады.
АЙЫЛЖАПЫРАҚ СҮЙСІН ЖӘНЕ ТЕЛПЕК СҮЙСІН

Бұл – көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы қуыс, жапырақтары көп.
ҚАРА АЛХОРЫ ҚОСЫЛҒАН КҮРІШ

Күріш күрмегінен тазартылып, жуылады, кептіріліп қуырылады. Мұқият жуылған қара алхоры жартылай дайын болғанша қайнатылады да дәндері алынып тасталып, жіңішкелеп тілінеді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІК МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫ

Астана қаласындағы ғылыми және мәдени-ағарту мекемелерінің бірі - Президенттік мәдениет орталығы. Орталық 2000 жылы 27 қазанда ашылды. Ол жұртшылықты Қазақстан халықтарының тарихи-мәдени жәдігерлік мұраларымен, сондай-ақ дүниежүзілік мәдениет және өнер жа