АҢ-ҚҰСТАРДЫҢ ІШІНДЕ ТҮНГІ АҢШЫЛАР
Категориясы: Жануарлар
Тек жапалақ қана емес, мысық, күзен, түлкі, қасқыр сияқты басқа да жануарлар өз кемдерін түнде аулайды.
Аң-құстардың ішінде түнде жапалақ пен үкіден артық көретіні жоқ. Көздері ерекше үлкен болғандықтан да болмашы жарықтың өзі олардың назарынан қаға беріс қалмайды. Қаншама қараңғы деген түннің өзі бозамық сәулесіз болмайды. Біз кейде түнді көзге түртсе көргісіз тас қараңғы жеп жатамыз: Ондай түндері көзімізге байқала бермейтін болар-болмас жарықтың өзі жапалақ үшін жетіп артылады. Ал керісінше, жапалақтың жарық сезгіштігі ерекше көздері үшін күн сәулесі тым жарық әрі жайсыз. Сондықтан да бұл құстар күндіз тығылып жатады.
Түнде жем аулап жүрген жапалаққа құлағының да тигізер көмегі мол. Жемі жақын жерде тұрса, әрине, көре қояды. Ал алысырақ, бұтаның ішінде тұрса ше? Мұндайда ол құлағына сенеді. Құлағы алыстағы тышқанның журген дыбысын естіп қояды. Жапалақ дыбыс арқылы жемі мен арадағы қашықтықтың қанша екенін де, жемінің қай бағытта тұрғанын да біле қояды да, дыбыс арқылы олжасының дөп үстінен түседі. Мысықтардың да есіту қабілеті өте жақсы жетілген. Олар да түнде жақсы көреді.
Егер жапалақ титтей жарық кірмеитін терең үңгірге тап болса, түкті де айыра алмас еді. Есесіне, тас қараңғы үңгірде еркін тіршілік ететін мақұлық бар. Ол - жарғанат. Жарғанат түнде ұшып шығып, маса, қоңыз, көбелектерді аулайды. Қараңғыда ағаш бұтақтары арасынан бір жапырағына да тиіп кетпей, зулап, ұшып өте береді. Жарғанат үшін көреген көздің қажеті де жоқ.
Олар ұшып жүріп үздіксіз шиқылдаумен болады. Бірақ шиқылдарының нәзіктігі сондай, адам құлағына шалына бермейді. Бұл дыбыс кез келген затқа соғылып, жаңғырығып кері қайтады. Жарғанат өз шиқылының жаңғырығын бірден естиді. Ол шиқылдап ұшып келе жатады. Қарсы алдында бұтак бар. Бұтаққа келіп соғылған дыбыс жаңғырығып, кері қайтады да, жарғанаттың құлағына шалынады. Құлағы: «Тез бұрыл!» - деп сыбырлайды жарғанатқа. Жарғанат төңірегінде қандай заттар тұрғанын, қай жерде тұрғанын көріп әуре болмай-ақ, құлағы арқылы есітіп біледі.
Жарияланған-2016-09-16 17:29:46 Қаралды-7854
ӘЛЕМНІҢ 9 ТАҢҒАЛАРЛЫҚ АҒАШТАР

Өсімдіктердің мыңдаған түрлері жер шарының түкпір-түкпірінде өсетін ғаламат ағаштар, оның ішінде 9 түрлері төменде келтірілген.
ӨШІРГІШ НЕЛІКТЕН ӨШІРЕДІ?

Алдына қағаз жайып, қолына қарындашты алса болғаны, көп кешікпей-ақ бір тамаша сурет дайын тұрады.
ҚЫЛҚАН ЖАПЫРАҚТАРДЫҢ БҰТАҚТА ҰЗАҚ САҚТАЛУЫНЫҢ СЫРЫ НЕДЕ?

Қарағай, шырша, самырсын, аршалардың жапырақтары бұтағында түспей 3 жылдан 10 жылға дөйін сақталады. Солай десек те, жапырақтары мүлдем түспейді - деу дурыс емес. Себебі жыл сайын бірді-екілі жапырақтары түсіп, оның орнын жас жапырақтары алмастырып тұрады
Юбкалардың түсінің саралануы

Kilt «киімді дене бойымен айналдыру» деп аударылады. Бірақ, заманауи килт – бұл материяның 3-8 ярдтан (7 метрден көп) тұратын аса күрделі конструкция.
Бразилияда 100 машина жанамалап жүре беретін жол бар

Қалалық бір аңыз бар, Монументальды білік әлемдегі ең кең жол болып табылады, ол жолмен «[100 - 160] автомобильдер жанамалап жүре алады».