UF

ЖАҢҒЫРЫҚ ҚАЙДА ТЫҒЫЛҒАН?

Категориясы: Ғылым


Шынында да, қызық, біздің ормандағы, таудағы, бос бөлмедегі айқайымызға құдды мазақ қылғандай қайталап үн қататын кім?

Бұл сауалға жауап берместен бұрын, бір ежелгі грек мифін, көне болғанда да тіпті көне аңызды баяндайын.

Орманда Жаңғырық есімді нимфа (нимфа - хор қызы деген сияқты) өмір сүріпті. Жаңғырық тым сөзуар екен. Бұнысы құдайларға ұнамады да, қызды олар тілден айырады. Мүлдем емес, әрине, былайша, орманда құлағы шалған бөтен кісілердің сөзінің соңғы жақтарын қайталап тұратындай дәрежеде ғана тіл қалдырады.

Бір күндері Жаңғырық керемет сұлу жігітті кезіктіреді. Оған деген ғашықтық дертінен қыз арып, жүдей береді де, ақырында... ғайыпқа айналады. Сол кезден бері кімде-кім орманда жүріп, өзінің «әу!» деген дыбысының «у-у-у!» деп жаңғырыққанын естісе: «Мені қайталап жатқан бейшара Жаңғырық-ғайып қой бұл», - дейтін болды.

Ал шын мәнінде жаңғырық деген не? Ол қайда жасырынып жүр?

Жауап оңай: орманда - ағаштардың арасына, тауда - жартастарға, құла дала, кең бөлмелерде - әлдебір қабырғалар жапсарына тығылып жүреді. Сен бұған таңданба да таңырқама. Айталық, сен айнаға қарағанда, оның ішінен саған көз айырмай қарайтын кім?

- Кім болушы еді?! Сен өзің, дәлірек айтсақ, сенің шағылысқан бейнем.

Кез келген жаңғырық та дәл әлгіндей... шағылысқан бейне, тек заттікі емес, дыбыстікі. Заттың бейнесі айнаның әйнегінен, жарқырата тазаланған металдан немесе жалтыратылған ағаш жиһаз бетінен шағылысады. Ал дыбыс болса, қарсы ұшырасқан кез келген кедергіден - ағаштан, жартастан, қабырғадан шағылысады.

Тау ішінде жүріп бар даусыммен: «Алақай!» - деп айқайлай қалсаң, даусың алыс-жақын жартастарға барып шағылысып, дереу кері қайтады да, құлағына жетеді.

Дәл осыған ұқсас жайт, мәселен, бос стадионда да байқалады. Әлдене деп айқайлай қалсаң, даусың отырғыштардың толып жатқан бетон баспалдақтарына шағылысып, жаңғырық түрінде саған оралады.

Ал енді мына қызыққа қара: жаңғырық стадион орындықтары бос кезде ғана пайда болады. Егер жанкүйерлер қаптап отырса, ешқандай да жаңғырық тумайды. Бұлай болатыны, ол кезде дыбыс шағылыспайды - адамдар мен олардың киімдері дыбыстарды оң-оңай «жұтып» қояды. Кең бөлмеде де дәл осылай ғой. Бөлме бос па - дыбыс қабырғалар арасында қақпақылданып, гуілдей жөнеледі, бұл енді - қабырғадан-қабырғаға соғылып, «пырылдап» ұшып жүрген жаңғырық. Ал тұрғындар көшіп келіп, бөлмелерге - жиһаздарын, сөрелерге - кітаптарын қойып, қабырғаларға кілемдерін тұтсыншы - бұл бұйымдар лезде-ақ дыбыс атаулыны су сорған жөкеше жұтып ала қояды, сонан соң-ақ гуіл де, жаңғырық та зымзия жоғалады.

Егер сен, радио яки телестудияға бара қалсаң, онда қабырғалар, тіпті үйдің төбесіне дейін тесік-тесік арнаулы далдалармен қапталғанын көрер едің. Өйткені елеусіз жаңғырықтың өзі дикторлардың яки артистердің даусын қатты бұзады.

Бір жақсысы, жаңғырық кесірін ғана тигізбейді. Ол кейде бізге көмектеседі де. Сондықтан біз оны қуана-қуана көмекшілікке аламыз.

Шутұтар деп аталатын құрал бар. Оны кемелерге орнатады. Ол өзі су астында дыбыс шығарып, оны теңіз тұңғиығына бағыттайды да, теңіз түбінен қайтқан жаңғырықты өзі қабылдайды, шутұтар кеме жүзіп келе жатқанда-ақ, оның бағытындағы теңіз түбінің тереңдігін өлшей алады. Әйтпесе кенет алдында саяз тұс тосып жатқан шығар! Немесе тұңғиық түбінде қолтырауынның тістеріндей өткір су асты жартастары бұғып жатуы мүмкін! Оларға барып соқтықса, кеме су түбіне кетті дей бер.

Теңізшілер радиожаңғырық көмегінің арқасында өзге бір құралдармен тастай қараңғы түннің өзінде де қатерлі айсбергтерді шалғайдан анықтап, өздеріне таяп кеп қалған жаудың су асты қайығын да дер кезінде байқап үлгіреді. Ал металлургтер машиналардың алуан түрлі тетіктерін жаңғырықтыра «дыбыстап», металдың ішкі қалың қабатының арасындағы болар-болмас жарықшаққа дейін анықтайды, бұл кемістігі бар тетіктің жұмыс үстінде бұзылып, зиянға ұшыратпауының алдын алуға мүмкіндік береді.

  Жарияланған-2016-09-04 13:40:50     Қаралды-2884

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖАЛАҢҚАТ

...

Жалаңқат - бір қабат қалың металдан тұтас етіп соғылатын сауыт. Кеуделік және арқалық бөліктен тұрады. Пішіні жеңсіз кеудеше тәріздес, белден сәл ғана түсіп тұратын қысқа болады. Бұл екі бөлік бір бүйірінен топсалар арқылы, екінші бүйірінен және иықтары т

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САДАҚПЕН КӨЗДЕП АТУЫ

...

Англияның садақпен ататын әскери құрамалары 1627-1628 жылдарға дейін қызмет еткен деген тарихи дерек бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДОЙБЫ ТАРИХЫНАН

...

Дойбы ойынының да тарихы өте ертеден басталатын өнер өнер беуге толық дәлел бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АСТРАХНУЛИ (ЧАК-ЧАК)

...

Қамырдан жасалып, жіңішке кеспе түрінде кесілген, қайнап жатқан майға құырылған және кәдімгі ара балына пісірілген кәмпитті шығыс халқы осылай атайды. Құырып болғаннан кейін ыдыста май қалдығы қалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮЛКІМЕН ДЕ КІСІ ӨЛТІРУГЕ БОЛАДЫ (КАРИКАТУРА)

...

Жеке бір адамның, не белгілі бір топтың жағымсыз мінезін келеке қылу - карикатураның мақсаты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАНР

...

Суретшілер әр қилы шығармалар тудырады. Біреуі табиғатты, екіншісі адамды бейнелесе, үшіншісі күнде көріп жүрғен қарапайым заттарды кескіндейді. Міне, шығармаларды сол нені бейнелегеніне қаран, жанрға бөлетін болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »